Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LV Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы юриспруденции» (Россия, г. Новосибирск, 16 февраля 2022 г.)

Наука: Юриспруденция

Секция: Уголовное право

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Жумалиева Н.А. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫС САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МОРАЛЬДЫҚ ЗАЛАЛДЫҢ ҰҒЫМЫ // Актуальные проблемы юриспруденции: сб. ст. по матер. LV междунар. науч.-практ. конф. № 2(54). – Новосибирск: СибАК, 2022. – С. 68-73.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫС САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МОРАЛЬДЫҚ ЗАЛАЛДЫҢ ҰҒЫМЫ

Жумалиева Назерке Ардаккызы

магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,

Қазақстан Республикасы, Атырау қ.

АҢДАТПА

Мақалада Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қылмыстық кодексi және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексi бойынша қылмыстық құқықтағы қылмыс салдарынан туындайтын моральдық залалдың ұғымы туралы баяндалады.

АННОТАЦИЯ

В статье раскрывается понятие морального вреда, причиненного преступлением, в уголовном праве, предусмотренном Уголовным кодексом Республики Казахстан от 3 июля 2014 г. № 226-V и Уголовно-процессуальным кодексом Республики Казахстан от 4 июля 2014 г. № 231-В.

 

Кілт сөздер: моральдық зиян, залал, қылмыстық кодекс, ұғым.

Ключевые слова: моральный вред, ущерб, уголовный кодекс, понятие.

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қылмыстық кодексiнде «моральдық зиян» сөзі 2 рет келтіріледі:

4-БӨЛІМ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi

3. Жаза тағайындау кезiнде қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, кінәлі адамның жеке басы, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi оның мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар

6) қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды ерікті түрде өтеу, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянның орнын толтыру;

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау

1. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігінің адам кінәлі деп танылған бабында немесе бабының бір бөлігінде бас бостандығынан айырудан гөрі онша қатаң емес жазаның негізгі түрі көзделсе, адамды:

1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркiмен өтеген, моральдық және өзге зиянды қалпына келтірген жағдайда;

Ал Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексi «моральдық зиян» сөзі 11 рет келтіріледі екен. Нақтырақ тоқталатын болсақ, олар:

1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу

2. Адамға қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiнен келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге жатады.

4-тарау. АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗЕТІН ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

39-бап. Зиянды өтеткiзу құқығы және талап қою мерзімдері

2. Осы Кодекстің 38-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге, моральдық зиянның салдарын жойғызуға және еңбек, зейнетақы, тұрғынжай және өзге де құқықтарын қалпына келтіртуге құқығы бар. Соттың үкімі бойынша құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныптан, сондай-ақ мемлекеттік наградалардан айырылған адамдардың атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі, біліктілік сыныбы қалпына келтіріліп, мемлекеттік наградалары қайтарып беріледі.

41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою

2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай мәнде өтемақы туралы талаптар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылады.

2-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН АДАМДАР

9-тарау. ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН НЕМЕСЕ ӨЗДЕРІ ӨКІЛДІК ЕТЕТІН ҚҰҚЫҚТАР МЕН МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАП ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

71-бап. Жәбiрленушi

1. Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады.

5. Жәбiрленушiнiң өзiне моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер ол мұндай талап қоймаса не ол қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен беруге құқылы.

11. Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жүзеге асырады. Егер жәбiрленушiнiң құқықтарын беруге қылмыстық құқық бұзушылық арқылы моральдық зиян келтiрiлген бiрнеше адам үмiткер болып отырса, олардың бәрi не олардың арасындағы келiсiм бойынша олардың бiреуi жәбiрленушi болып таныла алады.

73-бап. Азаматтық талапкер

1. Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған жеке немесе заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады.

13-тарау. ӨТІНІШХАТТАР. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІ) МЕН ШЕШІМДЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ

104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi

4. Егер шағым жасалған, құқыққа сыйымсыз iс-әрекеттермен немесе шешiмдермен жеке немесе заңды тұлғаға моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян келтiрiлсе, оған осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген зиянның өтелуіне немесе жойылуына құқығы және сол құқықты жүзеге асырудың тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс.

5-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ МҮЛІКТІК МӘСЕЛЕЛЕР

20-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП ҚОЮ

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар

1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.

167-бап. Азаматтық талап қою

1. Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін. [1]

Ең бірінші моральға түсінік беріп көрейік . Мораль - адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады.

Осы орайдан «моральдық зиян не?» - деген сұрақ туындауы мүмкін. Моральдық зиян – азаматтық құқықта жеке және заңды тұлғалардың өзіндік беймүліктік игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылу, соның ішінде жәбірленушіге қарсы жасалған құқық бұзушылықтың салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы.

Ұзақ жылдар бойы моральдық зиян мәселесі ғалымдардың арасындағы өткір пікір-таластың нысаны болып келді. Оларды көп толғандыратын  мәселесінің бірі: моральдық зиян қалай келеді, оны өтеу деген не? Моральдық зиянды өтеу мүмкін бе, мүмкін емес пе?  Моральдық зиянды ақшалай өтелгені дұрыс па, әлде бұрыс па? Егер өтелу дұрыс болса, адамдық құндықтарымызды ақшалай бағалағандай болмай ма? Ал егер өтелмесе, моральдық зиян келген адамға  қалай  құқығын қалпына келтіреміз? Осы мәселелерге жауап табылғаннан гөрі сұрақтар көп туындап  жатады.

Заң шығарушы “моральдық зиян” ұғымын анықтаған кезде азап термининін басты ұғым ретінде қолданады деп ойлаймын. Себебі: азап ұғымы құқыққа қарсы әрекеттерімен моральдық зиян келтірген кезде, жәбірленушінің санасында міндетті түрде орын алу тиіс, яғни белгілі бір психикалық реакцияның болуын білдіреді. ҚР азаматтық заңнамасында  моральдық зиянға “жан азабы және тән азабы” деп анықтама береді. Жан азабына мәні жағынан жақын синонимдес сөз - уайым. Уайымның негізінде қорқыныш, ұят, қорлау, және т.б. психикалық аспектінің теріс жағдайлары болуы ықтимал. Яғни моральдық зиян тек адамның мүліктік емес және игіліктеріне зиян келсе ғана орын алады. ҚР АК - ның 115- бабының 3 - тармағына сәйкес Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi- атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады. Моральдық зиян осы құқықтар бұзылған жағдайда ғана пайда болады.

Моральдық зиянды өтеу – ҚР Азаматтық кодексінде бейматериалдық игіліктерді қорғау тәсілдерінің бірі. Егер азаматқа моральдық зиян оның өзіндік беймүліктік игіліктеріне қол сұғушылық әрекеттермен келтірілсе, сондай-ақ заңда көзделген өзге де материальдық емес құқықтарын бұзса, сот зиян келтірушіні аталған зиянды ақшалай өтеуге міндеттей алады. Азаматтың мүліктік құқығын бұзушының әрекетімен (әрекетсіздігімен) келтірілген моральдық зиян заңда көзделген реттерде өтелуге тиіс. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау кезінде сот зиян келтіруші кінәсының деңгейін, өзге де мән-жайларды ескеріп, сот моральдық зиян келтірілген адамның жеке өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оның басынан кешірген тән және жан азабының деңгейін де бағалайды. ҚР АК-нің 951-бабына (3-тармағы) сәйкес азаматқа келтірілген моральдық зиян мына жағдайларда зиян келтірушінің кінәсына қарамастан өтеледі:

  • азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып зиян келтірілсе;
  • азаматты заңсыз сотталу, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылу, заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алу, қамауда ұстау, психиатр немесе басқадай емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану салдарынан зиян келтірілсе;
  • ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы зиян келтірілсе. Заңда өзге де жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

Қазақстанда моральдық зиянның ақшалай өтелетіндігі туралы 12.06.1990 жылы Нормативтік-құқықтық актілерде орын  алды. Одан бұрын азаматтық заңнамаларда  моральдық зиян ұғымы және оны өтеу институты қарастырылмады. Бұл мәселенің қарастырылмауының себебінің жауабы КСРО-ның саясатында жатыр. КСРО кезіндегі доктриналарға моральдық зиян қарама-қайшы болды. Ал сот тәжірибесі доктринамен тұрақты сипатта үйлесімді болғандықтан: барлық сот инстанциялары моральдық зиянды өтеу жөніндегі сирек берілетін шағымдарды қанағаттырмай отырды. Доктринаның негізгі мәні – моральдық зиянды өтеу қағидасы социалистік құқықтық санаға қайшы келетіндігінде болды. Кеңес адамдарының қадір-қасиеттін ақшамен өлшеуге болмайтынғына негізделген.[2]

Қорытынды

Моральдық зиян - адам өмірінің субъективті белгілері категориясына жататын күрделі ұғым. Ресми заң тұрғысынан моральдық зиян азаматтың моральдық құқығының бір түрі ретінде түсіндіріледі. Адамның жеке мүліктік емес құндылықтарының тұтастығын бұзуынан туындаған жағымсыз эмоционалдық тәжірибе, моральдық азап, психологиялық және психикалық жарақат - бұл моральдық зиян немесе залал, ол үшін ол сотқа жүгінуге құқылы.

Қазіргі заманғы адам үшін оның құқықтарын, бостандықтарын бұзу және жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғу нәтижесінде оған келтірілген моральдық зиянды өтеуді құқық бұзушыдан талап етуге заңды құқығы бар екеніне сенімді болу өте маңызды.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қылмыстық кодексi
  2. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексi.
  3. Моральдық зиянды өтеу жолдарының қиын тұстары. Сыдықбек Д.Ж. Қазақ-Америка Университеті, Алматы қ. https://melimde.com/moraledi-ziyandi-oteu-joldarini-iin-tstari-sidibek-d-j.html
  4. Моральдық зиян туралы түсінік. https://kk.workingrede.com/10718077-what-is-moral-harm#menu-1
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.