Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXXVIII Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы юриспруденции» (Россия, г. Новосибирск, 20 ноября 2024 г.)

Наука: Юриспруденция

Секция: Конституционное право

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Ботагарин Р.Б. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІҢ ОРНЫ // Актуальные проблемы юриспруденции: сб. ст. по матер. LXXXVIII междунар. науч.-практ. конф. № 11(87). – Новосибирск: СибАК, 2024. – С. 117-121.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІҢ ОРНЫ

Ботагарин Руслан Бақыт

PhD, постдокторант, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

 ҚР, Қарағанды

PLACE OF MILITARY SERVICE IN THE CIVIL SERVICE SYSTEM IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

 

Botagarin Ruslan Bakhyt

PhD, Associate Professor of the Department of constitutional and international law,  Karaganda University named after academician E. A. Buketov,

Kazakhstan, Karaganda

 

АННОТАЦИЯ

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтер жүйесіндегі әскери қызмет саласының орны мен ролі қарастырылып, қорғаныс саласынағы әскери қызметтің негізгі міндеттеріне құқықтық талдау жасалады. Мемлекет қызмет саласын талдамалық жүргізуде салыстырмалық құқықтық, формальды-құқықтық, логикалық талдау әдістері қолданылады. Мақалада сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қатысты ғалымдардың ой пікірлері, ұсыныстары қаралады. Жүргізілген ғылымии зерттеу жұмысы нәтижесінде әскери қызметтің мемлекеттік қызмет жүйесіндегі орнына, даму боашағына байланысты тұжырымдар жасалады.

ABSTRACT

The article examines the place and role of military service in the system of public services in the Republic of Kazakhstan and provides a legal analysis of the main tasks of military service in the field of Defense. In the analytical conduct of the sphere of activity of the state, methods of comparative legal, formal-legal, logical analysis are used. The article will also consider the opinions and suggestions of scientists regarding the civil service. As a result of the conducted scientific research, conclusions are drawn about the place of military service in the system of Public Service, about the prospects for development.

 

Кілт сөздер: Қазақстан Республикасы, мемлекеттік қызмет, әскери қызмет, мемлекеттік саясат, заңнама, әскери доктрина.

Keywords: Republic of Kazakhstan, civil service, military service, public policy, legislation, military doctrine.

        

Қазақстан Республикасы 1990 жылы өзінің егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған сәттен бастап мемлекет аумағында билік тармақтарын қалыптастыру бойынша, ұлттық қауіпсіздік саласында, қорғаныс саласында өзіндік саясатын қалыптастыра бастайды. Басты міндет ел іргесін бекітіп, мемлекеттік басқару саласын реттеуге бағытталған құқықтық базаны қалыптастыру болды.

1991 жылы 25-қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылады, кейінірек 1992 жылдың 7-мамырында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылады. Жоғары Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді республика Президент басқарса, тікелей басқару Қорғаныс Министрлігіне тиесілі болды. Еліміздің әскери қызметінің қалыптасуындағы басты маңызды рөл осы екі лауазымды тұлғалардың ерік жігеріне, біліктіліктері мен ұстанымдарына тікелей байланысты болды. Осы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы 7 мамырындағы «ҚР Қарулы күштерін құру туралы» Жарлығы Қазақстандағы әскери реформа мен мемлекеттің қарулы күштерін ұйымдастыру жұмыстарының құқықтық негізін қалады [1]. Сонымен бірге, 1993 жылы елдегі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, республиканың әскери басымдықтары анықталған алғашқы әскери доктрина қабылданады. Бұл кезеңде мемлекетіміздің әскери қызметі аяғынан тұрып, тәуелсіз елдің қарулы күші қалыптасуының бастапқы алғышарты пайда болды.

Қазақстан Республикасындағы әскери қызметтің қалыптасуында маңызды құжаттың бірі 1993 жылғы 19 қаңтарда қабылданған «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болғанын айта кету керек. Бұл заңға сәйкес елімізді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеті болғандықтан әскери қызметті өткеру, әскери борышты өтеу Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген Қазақстан азаматтарының қасиетті борышы әрі міндеті екендігі нақтыланады [2].

Бұл заңға сәйкес әскери қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында өздерiнiң мемлекет пен халық алдындағы қасиеттi борышын, мiндеттерiн орындауымен байланысты мемлекеттiк қызметтiң ерекше түрi. Әскери қызметтiң түрлерiне солдаттар мен матростардың, сержанттар мен старшиналардың мерзiмдi әскери қызметi; шарт бойынша өтетiн әскери қызметi; офицерлер құрамының әскери қызметi жатады делінген.

Кейін бұл заң күшін жойып, Қазақстан Рсепубликасы азаматтарының әскери қызметті өткеру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандарыу жөніндегі мемлекет саясат негіздерін айқындаған «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы қабылданады [3].

Еліміздегі мемлекеттік қызметтерге азаматтардың қызметке тұруы барысында, арнайы тексерістің болуы, кейбір қызмет түрлеріне байланысты әскери борышын өтеп келген азаматтардың ғана алуы әскери қызметті өткерудің мемлекет үшін маңыздылығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңға сәйкес, мемлекеттiк қызметшi дегеніміз – мемлекеттiк органдарда Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiпте республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен еңбекақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын, мемлекеттiң мiндеттердi мен функцияларды iске асыратын белгілі бір лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының азаматы делінген [4]. яғни, Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы жоғарыда аталған мінддеттерді орындау барысында атқаратын қызметі үшін тиімті еңбекақы алу нақты көздері бекітіліп отыр.

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңда азаматтық персонал ұғымы берілген, онда азаматтық персонал дегеніміз -  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары делінген. Және де аталған заңның 21-бабы бойынша Қарулы Күштер ҚР еңбек заңнмасына және ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес азаматтық персоналдармен жасақталатыны айтылады [5].

Мемлекеттегі әскери  қызметшілер өздерінің қызметін атқаруына байланысты қандай да бір құқықтар мен міндеттерді орындайды. Мемлекеттік қызметкер ретінде бұл азаматтар барлық құқықтарды иеленсе, жұмыстарының ерекшелігіне байланысты белгілі бір міндеттерді арқалайды.

Әскери қызметтің өзге мемлекеттік қызметтен айырмашылығы болып әскери қызметкерлердің ант қабылдауы, арнайы әскери шендерінің болуы табылады. 

Сонымен бірге, еліміздің Конституциясының 36-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасын қорғау – оның барлық азаматтарының қасиетті парызы және міндеті екенін; 2-тармағы Республика азаматтары заңдарда көзделген тәртіптер мен түрлері бойынша әскери қызмет атқаратынын мәлімдейді [2]. Осыған байланысты, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында әскери қызметті өткеру осы әскери қызметке келген кез келген азаматтың белгілі арнайы құқықтық мәртебеге ие болатынын білдіреді. Құқықтық мәртебе тұлғаның қоғаммен өзара байланысындағы құқықтарының көптүрлілігін сипаттайтын жинақтаушы, біріктіруші ұғым.

Құқықтық мәртебе анықтамасы жайында әр ғалым әртүрлі анықтама беріп жатады, солардың бірі, Н.И. Матузов пен А.В. Малько құқықтық мәртебені тұлғаның қоғамдағы заңды түрде бекітілген жағдайы екенін айтады. Олардың пікірінше, қоғамдық қатынас жүйесіндегі адамның нақты әлеуметтік мәртебесі сол тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізінде жатыр. Құқықтық мәртебе мен құқықтық жағдай өзара тең ұғым [6, б.91].

Біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген авторлардың пікірлері дұрыс деп ойламыз. Өйткені әр тарихи кезеңдерде азаматтардың құқықтық мәртебесі әртүрлі болып өзгеріп келгені белгілі. Дегенменде, дәстүрлі қалыптасқан ұғымға сәйкес құқықтық мәртебе мемлекеттегі заңдармен бекітілген құқықтар мен міндеттер жүйесі болып табылатынын А.Я. Сухарев та өзінің еңбегінде жазып кетеді [7, б.587].

Қорыта келе, әскери қызметтің мемлекеттік қызметтер жүйесінде орны ерекше деп айтамыз. Себебі, әскери қызметтің басты міндеті - ол Қазақстан Республикасы аумағының бүтіндігі мен қауіпсіздігін әскери қорғауға және тұрақты түрде әскери қорғауға дайындыққа бағытталған әзірлік. Жүргізілген жұмыс нәтижесі бізге келесідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

  • Әскери қызметтің ерекшелігін ескеер отырып мемлекет әскери қызмет өткеріп жүрген азаматтардың әлеуметтік, экономикалық жағдайын әркез қадағалап, тиісті қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырып отыруы тиіс.
  • Тәуелсіздік алған жылдардан бері әскери қызмет саласы бір орында тұрып қалмай, үнемі даму үстінде болғаны әскери қауіпсіздік саласы мемлекет үшін маңызды орында екенін білдіреді.
  • Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер жүйесіндегі әскери қызметтің иммиджін көтеру бойынша жұмыстарды артыра түскен жөн. Бұл ел азаматтарының әскери борышын, әскери қызметке келулеріне ынтасын арттыратын шаралардың қатарында болып табылады.

 

(«Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды» (грант №. AP22686829)».

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы 1992 жылғы 7 мамырдағы №745 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. [Электрон. ресурс]. – 2024. – URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. [Электрон. ресурс]. – 2024. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_
  3. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000561#z727
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000416
  5. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы. [Электрон. ресурс]. – 2024. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000029
  6. Н.И. Матузов, А.В. Малько. ТЕОРИЯ ГОСУДАРСТВА И ПРАВА: УЧЕБНИК. Юристъ, 2004. [Электрон. ресурс]. – 2024. – URL: https://pravo-olymp.ru/wp-content/uploads/2013/04/TGP_Matuzov_Malko.pdf
  7. Большой юридический словарь / под ред. А.Я. Сухарева, В.Е. Крутских. - М.: ИНФРА-М, 2001. -703 с
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий