Статья опубликована в рамках: LXXVII Международной научно-практической конференции «Современная психология и педагогика: проблемы и решения» (Россия, г. Новосибирск, 18 декабря 2023 г.)
Наука: Педагогика
Секция: Педагогическая психология
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
“ХИМИЯ” ПӘНІ ҮЛГІСІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ QR-КОДТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
ТҮЙІН
Мақалада дәстүрлі білім беру технологияларын инновациялық әдістермен біріктірудің мүмкіндіктері туралы айтылады. Инновациялық тәсілдердің біріне сабақтарды өткізуге арналған QR-код арқылы ақпарат беретін интерактивті әдістерді жатқызуға болады. QR-кодты оқу үдерісінде қолданудың мүмкіндіктері қарастырылады. “Химия” дисциплинасын ЖОО-да үйрету кезінде QR-кодты қолдану оқу үдерісін ұйымдастыру элементі ретінде қызмет атқарады. “Заттардың құрылымы” тақырыбын түсіндіруде QR-кодты қолданудың үлгілері көрсетіледі.
АННОТАЦИЯ
В статье говорится о возможностях сочетания традиционных образовательных технологий с инновационными методами. К числу инновационных методов можно отнести интерактивные методы, предоставляющие информацию через QR-код для проведения занятий. Рассмотрены возможности использования QR-кода в образовательном процессе. Использование QR-кода при преподавании дисциплины «Химия» в университете служит элементом организации учебного процесса. Примеры использования QR-кода приведены в пояснении к теме «Строение вещей».
ABSTRACT
The article talks about the possibilities of combining traditional educational technologies with innovative methods. Innovative methods include interactive methods that provide information through a QR code for conducting classes. The possibilities of using QR codes in the educational process are considered. The use of a QR code when teaching the discipline “Chemistry” at the university serves as an element of organizing the educational process. Examples of using a QR code are given in the explanation of the topic “The structure of things”.
Кілтті сөздер: инновациялық технологиялар, инновациялық әдістер, QR-код, химия, оқу үдерісі, сабақ, молекула құрылысы, молекуланың геометриялық формасы, гибридтелу.
Ключевые слова: инновационные технологии, инновационные методы, QR-код, химия, учебный процесс, урок, строение молекулы, геометрическая форма молекулы, гибридизация.
Keywords: innovative technologies, innovative methods, QR code, chemistry, educational process, lesson, structure of a molecule, geometric shape of a molecule, hybridization.
Қазіргі таңда оқу үдерісін ұйымдастыру дәстүрлі және инновациялық оқу технологияларын байланыстыра қолдана алуды талап етеді. Ескінің ең жақсы дәстүрлері мен жоғары тиімді әдістердің жаңасын кәсіби түрде біріктіру аудиторлық уақытты ұтымды қолдану мен білім берудің сапасын арттыруға қарай жұмыс жасауы керек.
Интернет-технологиялардың пайда болуы ақпарат көзіне еш тосқауылсыз мүмкіндік береді, ал заманауи ұялы құрылғылар осы ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Жақында ғана инноациялық білім беру технологиялары ретінде мультимедиялық құрылғылар (фото-, видеоматериалдар, презентациялар және т.б.) қолданылды. Ал қазір олар педагогтың оқу материалын түсіндіру кезінде оның міндетін жеңілдететін және білім алушыға ақпаратты қабылдауға көмектесетін визуал құрылғылары ретінде қызмет атқарады. Заманауи жағдайда бұлар жеткіліксіз. Себебі білім алушы оқу үдерісі кезінде белсенді қатысушы болуы керек.
Білім берудің бұл жағын шынайыландыру үшін, педагогтар әртүрлі әдістер мен технологияларды ұсынады [1, 70 б.; 2, 219 б.].
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу үдерісіне қатыстырудың оқу сабақтарын мобильді, ақпаратты, жаңа түрде өткізуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыста оқу үдерісінде QR-кодты қолданудың мүмкіндіктеріне тоқталатын боламыз, QR-кодтар біздің күнделікті өмірімізге берік еніп кетті. Ол арқылы біл есепшоттарды төлейміз, тауарымызды көреміз, электронды билет ретінде қолданамыз, электронды білім беру ресурстарына кіреміз, фильмдер мен кітаптар, музыка жүктейміз, бізге қажет ақпараттарды тауып, өзіміздің белгілі бір іс-шаралардағы қатысуымызды дәлелдей аламыз.
Оқу үдерісін ұйымдастыру кезіндегі QR-кодтың артықшылығы, оны оқу үшін барлық білім алушыларда бар ұялы телефоннан басқа қосымша құрылғыны қажет етпейді. Ендігі кезекте смартфондар білім беру ұйымының толыққанды мүшесі және оқытушы мен оқушылардың белсенді көмекшісі саналады.
“Химия” дисциплинасын оқытуда QR-кодтың мүмкіндіктері өте көп, ол арқылы төмендегімәліметтердің шифрын ашуға болады:
- негізгі теориялар (түсіндірмелер мен заңдардың сөздік және формула арқылы баяндамалары);
- ақпаратты графикалық ұсыну;
- сабақтарды өткізудегі тапсырмалар мен жаттығулардың шарттары;
- зертханалық эксперименттің сипаттамасы;
- зертханалық құрылғылардың суреті және оларға арналған сипаттама;
- тесттер, үй жұмысы, бақылау тапсырмалары;
- практикалық жағдайлардың фото не видеосы;
- дұрыс жауаптар;
- анықтамалық материалдар және т.б.
Бұл технологияның қарапайымдылығы мен қолжетімділігі өте жоғары. Ақпаратты оқу бір-екі секундта жүзеге асады. Материалды кодтау үдерісі қолжетімді, электронды ресурстар кодты онлайн әрі тегін жасап бере алады. Біз өз жұмысымызда тегін онлайн OR-код генераторын қолдандық https://qr-online.ru/#link .
Химия дисциплинасының күрделі, ауқымды, материал міндетті түрде визуалды құрылғыларды қолдану арқылы түсіндірілетін тақырыптардың бірі “Заттардың құрылысы”. Бұл тақырыпта мектеп курсындағы химия материалдарына тоқталып, орта мектепте талданбаған жаңа мәліметтерге зер салу керек.
Осы тақырыпты түсіндіру кезінде QR-кодтың педагогқа жүктелген міндеттерді қалай жеңілдететінін көрсетеміз.
“Заттардың құрылымы” тарауы келесі маңызды сұрақтарды талдауды қарастырады.
1-сұрақ. Химиялық байланыс түрлері.
Бұл сұрақ мектеп курсында бар. Сондықтан оған көп тоқталудың қажеті жоқ. Жанама сауал түрінде қалған білімдерді тексеріп, ал ақпаратты қайталап және қайта еске түсіру мақсатында кодты сканерлеуге беруге болады (1-сурет).
Сурет 1. Химиялық байланыс түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы
Химиялық байланыстардың (ковалентті полярсыз, ковалентті полярлы, иондық, металлдық, сутекті) ерекшеленетін артықшылықтарын қарастыра отыра, материалды көрнекілік үшін келесі кодтармен байланыстыру қажет (2-сурет).
а) ә) б)
Сурет 2. Химиялық байланыс түрлері: а) ковалентті полярсыз, ковалентті полярлы, иондық; ә) металлдық; б) сутекті
2-сұрақ. Атомдық орбитальдардың қабаттасу әдістері, ковалентті байланыстың бағыты.
Химияның мектеп курсында бұл сұрақтар қарастырылмайды. “Химия” дисциплинасын жоғары оқу орнында оқытатын бағдарламалар бұл тақырыпты қозғайды. Оқытушыға материалды түсіндіру барысында бірнеше мысал көрсету жеткілікті, білім алушылар қалған нұсқаларды өз бетінше QR-код арқылы көріп алады (3-сурет).
Сурет 3. Атомдық орбитальдардың қабаттасу әдістері
Теориялық негіздерлі азот молекуласындағы үштік байланыстың түзілуін қарастыра отыра бекітуге болады. N2 құрылымын түзетін үш байланыс тепе-тең емес, бұны қабаттасудың әртүрлі әдістермен жасалуы түсіндіреді. Қажетті иллюстрацияны студенттер 4-суретте көрсетілген кодты сканерлеу арқылы көреді.
Сурет 4. N2 молекуласының мысалында бірнеше байланыстарының түзілуі
3-сұрақ. Молекуланың кеңістіктік құрылымы.
Орталық атомның гибридтелуі мектеп курсындағы химияда органикалық құрылым мысалында қарастырылады. Сондықтан кейбір теориялық негіздер сабақтасқан оқумен бірге қаланған. Енді, химияны жоғары оқу орнында игеру кезінде орталық атомның электронды құрылымы молекуланың геометриялық формасына қалай әсер ететіні туралы көрсету маңызды. Гибридті атомды орбитальдердің түзілуі мен олардың бір біріне қатысты 3D кеңістіктегі орналасуын 5-суреттегі кодты сканерлеу арқылы қарауға болады. Молекуладағы атомдардың кеңістіктік орналасуы мен гибридтелу түрі көрсетілген қосылыстарға мысал 6-суреттегі QR-кодта шифрленген.
Сурет 5. Орталық атомның гибридтелуінің үлгісі
Сурет 6. Молекуланың геометриялық құрылымы
QR-кодты қолдану сабақ уақытын айтарлықтай қысқартып, жаңа ақпаратты тек түсіндіру ғана емес, оны бекіту кезінде де оңтайландыруға көмектеседі.
Аталған тақырыпты қайталау үшін келесі тапсырмаларды ұсынуға болады.
1-тапсырма. Атомдық орбитальдардың кеңістіктегі орналасуына байланысты орталық атомның гибридтелу типін, молекуланың геометриялық формасын атап, қосылысқа мысалдар келтіріңіз (7-сурет).
2-тапсырма. Атомдық орбитальдардың кеңістікте орналасуына байланысты молекула типін және оның геометриялық формасын көрсетіңіз (8-сурет).
Сурет 7. 1-тапсырмаға көрнекілік иллюстрация
Сурет 8. 2-тапсырмаға көрнекілік иллюстрация
QR-кодта шифрленген барлық ақпарат ашық интернет көздерінен алынды.
QR-код технологиялы оқу үдерісінде өзінің орнын тауып жатыр, себебі қазіргі таңда оны қолданудың әртүрлі нұсқалары бар. Оларды білім берудің әртүрлі саласындағы авторлар Химия дисциплинасының тарауларын оқыту кезінде ұсынады [3, 39 б.; 4, 273 б.; 5, 95 б.].
QR-кодты қолдану оқу үдерісін дифференциялауға мүмкіндік береді, яғни, мектептен кейін білімдерінде айтарлықтай кемшіліктері бар студенттердің оқу үлгерімін көтеріп, бұндай проблемалары жоқ студенттерге көп ақпарат береді.
QR-технологияларын сабақ үстінде қолдану дәстүрлі оқыту әдістерін жақсы алмастырып, заманауи технологияларды оқу үдерісінде қолдану қажет екенін дәлелдейді. Сонымен қатар сабақты оперативті, танымды өткізуге көмектеседі және ең бастысы жас ұрпақ үшін ақпаратты, технологиялық, коммуникациялық қозғалыспен бірге дамып жатқан қоғамға бағыттай тәрбиелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Касаткина Н. Э. Современные образовательные технологии в учебном процессе вуза. – Кемерово: ГОУ «КРИРПО», 2011. – 237 с.
- Ясько С. В. Метод case-study в учебном процессе // Материалы VII Научно-методической конференции «Проблемы современного образования». – Чита: ЗИП СибУПК, 2020. – С. 218-223.
- Янкив К. Ф. Изучение ОВР с использованием QR-кодов // Химия в школе, 2021, № 2. – С. 38-40.
- Миннахметова В. А. QR-код как интерактивный метод обучения химии // V Андреевские чтения. – Казань, 2020. – С. 271-275.
- Ясько С. В. Возможности QR-кода при изучении химии // Труды 1 9-й Международной научно-практической конференции «Преподаватель высшей школы в ХХI веке». – Ростов-на-Дону: РГУПС, 2022. – С. 93-98.
дипломов
Оставить комментарий