Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: XL Международной научно-практической конференции «Современная психология и педагогика: проблемы и решения» (Россия, г. Новосибирск, 16 ноября 2020 г.)

Наука: Педагогика

Секция: Здоровьесберегающая деятельность в системе образования: теория и практика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Медетбекова Н.Н., Пернебекова С.А., Пернебеков С.С. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ // Современная психология и педагогика: проблемы и решения: сб. ст. по матер. XL междунар. науч.-практ. конф. № 11(37). – Новосибирск: СибАК, 2020. – С. 106-110.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Медетбекова Нургул Ниязбековна

педагогика ғылымдарының кандидаты, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Пернебекова Санимай Алдабергеновна

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының 2-курс магистранты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Пернебеков Сакен Садибекович

техника ғылымдарының кандидаты, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

SCIENTIFIC-METHODICAL BASIS OF FORMATION OF VALEOLOGICAL LITERATURE OF SCHOOLCHILDREN'S PRIMARY CLASSES

 

Nurgul Medetbekova

Candidate of pedagogical sciences, associate professor of the department

«Theory and Methods of Preschool and Primary Education»,

M. Auezov South Kazakhstan University,

Kazakhstan, Shymkent

Sanimai Pernebekova

2nd year undergraduate of the department

«Theory and methods of preschool and primary education»,

M. Auezov South Kazakhstan University,

Kazakhstan, Shymkent

Saken Pernebekov

Candidate of technical sciences, deputy director of the Department of Academic affairs, M. Auezov South Kazakhstan University,

Kazakhstan, Shymkent

 

Бастауыш сынып оқушыларының өз денсаулықтарын сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері қазіргі кезде өте өзекті проблема болып табылады. Төменгі сынып оқушыларының денсаулықтарына әсер етуші мәнбірлердің барлығын, шартты түрде сыртқы және ішкі мәнбірлер деп екі үлкен топқа бөлуге болады. Бұл ретте сыртқы мәнбірлер тобына білім беру мен оқыту бағдарламаларын, білім беру қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен құралдарын жатқызуға болады. Сонымен қатар, бұл ретте, мына мәселеге басты назар аударған дұрыс – егер ішкі мәнбірлер толығымен қарастырылмаған жағдайларда сыртқы мәнбірлердің сипатындағы оң өзгерістер айтарлықтай пайда келтіре алмайды. Ең алдымен төменгі сынып оқушысының өзі, жеке тұлға ретінде денсаулықты сақтау қажеттілігін түсінуі және оны қорғау мен сақтау қажеттілігін сезінуі тиіс. Екінші жағынан алғанда, оның өзі адамзаттың белгілі бір көлемдегі тәжірибені жинақтағандығын және қажет болған жағдайларда, оны қолдануға болатындығын білуі керек.

Кез-келген жас баланың мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәтінен бастап оның ата-анасы оның денсаулығын сақтаумен байланысты мәселелермен бетпе-бет келеді. Бұл ретте жанұя мүшелерімен арадағы тиімді қарым-қатынастарға тек қана педагогтар ғана емес, сонымен қатар мектепішілік медицина қызметкерлері, мектеп басшылары мен әртүрлі санаттағы мектеп қызметкерлері де атсалысуы тиіс. Осылардың барлығының тығыз және үйлесімді жұмыстарының нәтижесі мектеп оқушыларынң денсаулық жағдайына тікелей әсер ететін болады.

Өткен ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ғылым саласындағы мамандар мен ғалымдар педагогикалық ғылым мен медициналық ғылымдар арсындағы төменгі сынып оқушыларының денсаулығын қамтамасыз ету тұрғысындағы мәселелер бойынша жақындасу беталыстарының орын ала бастағандығына назар аудара бастаған болатын.  Осы бағыттағы іс-әрекеттерді үйлестіру нәтижесінде жиырмасыншы ғасырдың соңына қарай ғылыми білімдердің жаңа бағыты – валеология саласы пайда болды деуге болады.

Валеология – латынша «vale» және «logos» сөздерінен құралып, қазақшаға аударғанда тиісінше «денсаулық» және «ғылым» деген мағыналарды береді, яғни бұл адамдардың денсаулығын, оны қалыптастырудың негізгі механизмдері мен себептерін, денсаулықты сақтау мен оны нығайту мәселелерін қарастырады.

Жалпы алғанда, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен оны нығайту бағытындағы мәселелер адамзаттық қоғамның пайда болуымен қатар орын алды және оның дамуының барлық кезеңдері бойында әртүрлі тұрғылардан, әртүрлі мақсатта қарастырылғаны мәлім.

Педагогикалық ғылым саласының қызметкерлері мен төменгі сынып оқушыларымен тікелей жұмыс істейтін мектеп мұғалімдері тұрғысынан қарағанда валеологияның педагогикалық валеология саласы бізді бірінші кезекте қызықтыратындығы белгілі мәселе. Осы тұрғыдан қарағанда педагогикалық валеология балалардың денсаулықтарын медицина ғылымы саласындағы бір мезеттік денсаулық ретінде емес, жас баланың толыққанды дамуы ретінде қарастырады. Балалардың денсаулықтары туралы мәліметтерді жалпылама қабылданған педагогикалық көзқарастар мен қағидалар жүйесіне енгізуге адамдардың денсаулықтарының табиғи тұтастығы, өз денсаулықтарына деген құндылықтық көзқарас, денсаулық жағдайының өмір салтына тәуелділігі туралы ойлар, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіру, денсаулықты нығайтып қоюмен қатар оны одан ары қарай жетілдіру мен қалыптастыру тұрғысындағы ойлар ықпал етеді.

Осылайша, дені сау тұлғаны қалыптастыру мәселесі педагогика ғылымында бұрыннан қарастырылып келе жатқандығына қарамастан, ол бүгінгі таңда ғана педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Аталған бағыт мектеп оқушыларының психикалық және физиологиялық денсаулықтарын қамтамасыз етумен қатар философиялық ізгіліктік білім беру қызметінің маңызды құраушыларының бірі ретінде қалыптасуы керек.

Төменгі сынып оқушыларының валеологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру барысында мектеп педагогтарының рөлі ерекше. Аталған бағыттағы жұмыстар, ең алдымен, оқушылардың жастық және жеке тұлғалық физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылғаны жөн. Бастауыш сынып оқушыларының бүгінгі таңда қалыптасып отырған денсаулық деңгейлері қоғам мен бүкіл жұртшылықты, соның ішінде мектеп мұғалімдерін алаңдатуы тиіс. Балалардың жартысына жуығының денсаулықтарында қандай да бір ауытқулықтар бар және олардың үлес салмағы жоғарғы сыныптарға қарай арту сипатына ие. Сондықтан жас балалардың валеологиялық сауаттылығын, олардың мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бастап қалыптастыру қажеттілігі өте өзекті мәселе болып  табылады. Аталған мәселе магистрлік диссертация тақырыбы ретінде таңдалып алынды және зерттеу нысаны ретінде бастауыш сынып оқушыларының валеологиялық сауаттылығын қалыптастыру, ал зерттеу тақырыбы ретінде валеологиялық сауаттылықты қалыптастыру процесі бекітілді.

Төменгі сынып оқушыларының валеологиялық сауаттылығын қалыптастыру деңгейі мына төмендегі шарттар орындалған жағдайларда ғана тиімді болып табылады:

  • мектептегі оқу сабақтарының кестесінің толыққанды сақталуы;
  • сабақтарды дұрыс ұйымдастыру;
  • сынып бөлмелеріне қойылған санитарлық-гигиеналық талаптардың міндетті түрде сақталуы;
  • «денсаулық сабақтары» мен сыныптан тыс шаралар кешенін ұйымдастыру және т.с.с.

Осы бағытта жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында мынадай зерттеу тәсілдері пайдаланылды:

  • осы бағыттағы оқу-әдістемелік және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу;
  • педагогикалық бақылау;
  • сауалнамалар жүргізу;
  • оқушылар арасында тестілеу жүргізу;
  • талдау және сараптау.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында бастауыш сынып оқушыларының валеологиялық сауаттылық деңгейінің үш негізгі көрсеткіші анықталды: төмен, орташа және жоғары.

Валеологиялық сауаттылықтың төменгі деңгейін көрсеткен мектеп оқушылары өздерінің денсаулықтары туралы өз беттерінше ойларын айта алмайды, белгілі нәрселерді түсіндіре алмайды, олардың білімдері мен дағдылары барлық уақытта да валеологиялық құбылыстарды барабар дәрежеде көрсете алмайды. Сонымен қатар мұндай оқушылар валеологиялық жағдайларды және валеологиялық әрекеттерді өте баяу бағалайды, көбінесе дұрыс емес шешімдерді қабылдауға әуес болып келеді.

Валеологиялық сауаттылықтың орташа дәрежедегі деңгейін көрсеткен бастауыш сынып оқушылары өздерінің деснаулық туралы ой-пікірлерін көбінесе өз беттерінше жеткізе алады және олар белгілі бір жағдайларды өз беттерінше түсіндіруге тырысады. Бірақ олардың валеологиялық сауаттылық тұрғысындағы білімдері мен дағдылары жүйелі түрде көріне бермейді және олар толыққанды түсініктер емес. Нақ осы топтағы оқушылар мұғалімдердің көмегіне сүйене отырып дұрыс және оңтайлы шешімдер қабылдай алады.

Ал, валеологиялық сауаттылық бойынша жоғары деңгей көрсеткен төменгі сынып оқушылары барлық уақытта дерлік өз ойларын ашық және түсінікті түрде жеткізе алады жәгне олар өз ойларын дәлелдеу мүмкіндігіне ие. Мұндай топтағы оқушылардың білімдері валеологиялық құбылыстарды әділ бейнелей алады.

Осы бағыттағы жұмыс тиімділігіне қол жеткізу үшін мақсаттық кешенді жұмыстар ұйымдастыру қажет. Бұл ретте мектеп мұғалімдері тарапынан күнделікті жоспарлы жұмыстармен қатар, валеологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған, сыныптан тыс қосымша сабақтар мен сыныптан тыс шаралар кешені жоспарланып, жүзеге асырылуы керек. Ал бұл жұмыстар келешек ғылыми зерттеулердің үлесінде.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Педагогика здоровья: Сборник научно-популярных трудов. - Луганск: ЛНУ, 2017. - 188 с.
  2. Татарникова Л.Г. Педагогика здоровья. - СПб.: СПбАППО, 2010. - 184 с.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.