Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXVII Международной научно-практической конференции «Вопросы технических и физико-математических наук в свете современных исследований» (Россия, г. Новосибирск, 25 сентября 2023 г.)

Наука: Информационные технологии

Секция: Методы и системы защиты информации, информационная безопасность

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Ғайнешова А.М., Максутов Д.У. КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ // Вопросы технических и физико-математических наук в свете современных исследований: сб. ст. по матер. LXVII междунар. науч.-практ. конф. № 9(58). – Новосибирск: СибАК, 2023. – С. 48-53.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Ғайнешова Айсулу Меңдібайқызы

Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.м.,

Қазақстан, Орал қ.

Максутов Дулат Уркенович

«Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер»  БББ 2 курс студенті,

Қазақстан, Орал қ.

КИБЕРБЕЗОПАСНОСТЬ – ТРЕБОВАНИЕ ВРЕМЕНИ

 

Ғайнешова Айсулу Меңдібайқызы

магистр техн. наук,ст. преподователь кафедры «Энергетика, автоматизация и вычислительная техника» Западно Казахстанского инновационно – технологического университета,

Республика Казахстан, г.Уральск

Максутов Дулат Уркенович

студент 2 курса ОП «Вычислительная техника и информационные системы», Западно Казахстанского инновационно – технологического университета,

Республика Казахстан, г.Уральск

 

CYBER SECURITY IS A TIME REQUIREMENT

Aisulu Gaineshova

M.Sc., Senior Lecturer, «Department of Energy, Automation and Computer Science», West Kazakhstan Innovation and Technology University,

Kazakhstan, Uralsk

Dulat Maksutov

2nd year student of the EP «Computer Science and Information Systems» West Kazakhstan Innovation and Technology University,

Kazakhstan, Uralsk

 

АҢДАТПА

Осы зерттеудің мақсаты – киберкеңістіктегі балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жан-жақты зерттеу жүргізу және мектеп оқушыларына, оның ішінде жасөспірімдерге баса назар аудару, өйткені статистикалық мәліметтер көрсеткендей, балалар ұялы телефондар мен әлеуметтік медианы осы кезеңде белсенді қолдана бастайды.

Бұл мақалада қазіргі кезде елімізде өзекті болып отырған интернет кеңістігін құқықтық тұрғыдан реттеу мәселесінің маңыздылығы сипатталады. Оның ішінде ғаламтордың балалар үшін зиянды қауіп-қатерінің күннен-күнге артып келе жатқандығы туралы сөз болады. Бұл сұрақ біздің еліміздің ғана емес, барлық әлемнің құқық қорғаушылары мен БАҚ өкілдерін толғандырып отыр. Мұның себептері де салмақты, біріншіден, бұл ақпараттық қорғаныс және жас ұрпақтың қауіпсіздігі, екіншіден, оқушылардың құқықтарын қорғау мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады. Бұл зерттеудің құндылығын танытады.

АННОТАЦИЯ

Цель настоящего исследования – провести комплексное исследование проблем защиты прав детей в киберпространстве и уделить особое внимание школьникам, в том числе подросткам, поскольку статистические данные показывают, что дети начинают активно использовать мобильные телефоны и социальные сети именно в этот период.

В данной статье описывается важность решения проблемы правового регулирования интернет-пространства, так как специалисты все чаще отмечают негативное влияние интернета на детей. Этот вопрос волнует правозащитников и представителей СМИ не только нашей страны, но и всего мира. Причины весомые, во-первых, это касается информационной защиты и безопасности подрастающего поколения, во-вторых, это защита прав учащихся. Особенно автор обращает внимание на такие темы как киберзапугивание, разжигание ненависти в интернете, посягательство на честь и достоинство ребенка.

ABSTRACT

The purpose of this study is to conduct a comprehensive study of the problems of protecting rights children in cyberspace and pay special attention to schoolchildren, including teenagers, since statistics show that children begin to actively use mobile phones and social networks during this period.

This article describes the importance of solving the problem of legal regulation of the Internet space, as experts increasingly note the negative impact of the Internet on children. This issue worries human rights activists and media representatives not only in our country, but throughout the world. The reasons are compelling: firstly, it concerns information protection and the safety of the younger generation, and secondly, it concerns the protection of the rights of students. The author especially draws attention to such topics as cyberbullying, inciting hatred on the Internet, and attacks on the honor and dignity of a child.

 

Кілттік сөздер: Киберқауіпсіздік, кибершабуыл, жасөспірімдер, кибербуллинг, электрондық арандату.

Ключевые слова: Кибербезопасность, кибератака, подростки, киберзапугивание, киберзапугивание.

Keywords: Cybersecurity, cyberattack, teenagers, cyberbullying, cyberbullying.

 

Қазіргі таңда елімізде шешімін табуы қажет тақырыптардың бірі – киберқауіпсіздік мәселесі, бұл тікелей интернет кеңістігін құқықтық тұрғыдан реттеу дегенді білдіреді. Кибершабуылға кез келген адамның тап болуы мүмкін екенін ескеруіміз керек. Ол ірі компаниялар да, қарапайым қолданушылар да болуы мүмкін. Адамдар өздерінің теледидары мен басқа тұрмыстық техникасына хакерлер қызықпайды деп ойлайды. Алайда, осындай құрылғылар арқылы сіздің жеке мәліметтеріңізде әртүрлі мақсатта пайдалану үшін ала алатынына көп адам назар аудара бермейді. Интернеттен келер қауіп-қатердің тек ересектер үшін ғана емес, әсіресе, жас ұрпақ үшін зиянды салдары өте ауқымды болып отыр. Бұл сұрақ біздің елдің арнайы сала мамандарын ғана емес, барлық әлемнің құқық қорғаушылары мен медиа өкілдерін, әсіресе, ата аналарды қатты ойландырып отыр. Мұның себептері мен салдары да салмақты, біріншіден, бұл – ақпараттық және киберқауіпсіздік мәселесі, екіншіден, бұл ел болашағы – балалардың жеке бас құқығын сақтау және қорғау мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылатындығында болып тұр. Осыған орай біз, өз әлеуметтік медианы қолдану барысында балалардың құқығын қалай қорғау керек, оқушылар өз құқығын біле ме, қазіргі таңда интернеттен келер қауіп қандай және бұл бағытта елімізде әлеуметтік және заңдық тұрғыдан қандай кешенді жұмыстар атқарылып жатыр деген мәселе жайлы зерттеу жүргізіп, нақты ұсыныстар айтуды мақсат еттік.

Тақырыпты таңдауды дәйектеу және мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік желілерді қолданушылар саны жылдан жылға артып келеді. Соңғы 11 жылда 55%-дан 86%-ға өскен. Ал олардың жас мөлшеріне келсек, мысалы бір ғана Италияда Фейсбукты жалпы қолданушылар саны 30 млн болса, солардың 60% 25 пен 55 жас аралығында, ал қалған 40% 25 жасқа дейінгі жастар құрайды, оның ішінде балалар да бар. Әлеуметтік медиа күн сайын тауарлар мен қызметтерді ұсыну бағытындағы ұстанымдарын күшейте түсуде. Ықпалды әлеуметтік медиа сонымен қатар қоғамдық денсаулықты алға жылжытудың тартымды алаңы болып табылады және оларды денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе қолдану біртіндеп қанат жаюда. Шетелдік ғалымдар әлеуметтік желілердің балаларды қорқытып–үркітудің ошағына айналып отырғаны туралы да зерттеулер жүргізуде. Мәселен, зерттеушілерге мектеп жасында кибершабуылға ұшыраған оқушылар депрессия немесе мазасыздық сияқты жағымсыз сезімдерді бастан кешкендері туралы хабарлаған. Олар көбінесе жеке басты қорлау сценарийлерімен тікелей байланысты (кибершабуыл, киберқорқыту немесе киберқұрбандық). Әр түрлі компьютердік бағдарламалар оқушылардың кибершабуылға ұшырауына ерте жастан ықпал ететіндігін көрсеткен, бұл балалар ұялы телефондар мен әлеуметтік медианы қолдана бастаған кезден оның алдын-алу өте маңызды екенін айғақтайды.

Зерттеу әдістері: тақырыпқа орай статистикалық мәліметтерді және қажетті деректерді жинастыру, оларды талдау, саралау, салыстыру, сонымен қатар инфографиялық әдіс-тәсілдерді де қолдану.

Америкалық Cyberbullying Research Center-дің зерттеуіне сүйенсек, сауалнамаға қатысушылардың 45 пайызы кибербуллингтен кейін бойларында өшпенділік туғандарын, жасөспірімдердің 28 пайызы өздерін күйрегендей сезінгендерін, 27 пайызы сөзбен қорлағанда көңіл күйлерінің түскендерін айтқан, ал 30 пайызы кибербуллингтің ешқандай әсер етпегенін хабарлаған. Ал атап өтерлігі, интернет арандатушылыққа ұшыраған жасөспірімдер, өздерінің қатарластарымен салыстырғанда, екі есе көбірек өз-өздеріне қол жұмсау әрекеттеріне (суицид) барғандарын мойындаған (Cyberbullying Research Center report, 2010). Кибербуллинг, электрондық арандату, интернеттегі әлеуметтік қатыгездік – бұл қасақана қорлаудың жеке бағыты, агрессивті әрекеттер белгілі бір уақыт ішінде топ немесе жеке тұлғалар тарапынан электронды байланыс формаларын қолдана отырып жүйелі түрде жүзеге асырылып отырады.

Әрине, мектеп жасындағы балаларды жәбірлеудің түрлі тәсілдерінен қорғау жұмысы кешенді түрде қолға алынғаны дұрыс, дегенмен бұл жерде мәселенің бірнеше қыры бар. Бір ұшы ең алдымен оқушылардың құқықтық сауаттылығына келіп тіреледі. Осыған орай бірінші кезекте балалар өз құқықтарын қаншалықты дәрежеде біледі деген сауал алға тартылады. Еліміздің мектептерінде жүргізілген сауалнама қорытындысы төмендегідей (1-сурет):

 

Сурет 1. Мектепте жүргізілген сауалнама қорытындысы

 

Балалардың интернет қауіпсіздігі мәселесіне келгенде ескерер жайттарды былайша жіктеуге болады: бірінші кезекте, елімізде киберқауіпсіздік бағытында арнайы зерттеуші мамандар кешенді зерттеулер жүргізуі керек, екіншіден, жүйеленген ақпараттар қорын құру, әрі олардың көпшілікке қолжетімді болғанын қамтамасыз ету, үшіншіден, мемлекеттік органдар мен қызмет ұсынушы арнайы орындар бірлесіп, интернет қолданушылардың тұтынушылық және еркін ақпарат алу құқығына және сөз бостандығына қол сұқпау жағын ескере отырып, балаларды зиянды ақпараттардан қорғаудың жүйесін құрастырып шыққандары дұрыс.

Қорытынды және тұжырымдама. Жоғарыда интернеттен келер қауіп көздерін атап өттік, ал олардан қорғанудың жолдарын бүгінгі күні жан-жақты қарастырып, тезірек қолға алмасақ, болашақта оның салдарымен күресу құны еліміз үшін тым қымбатқа түспек.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Макарова Е.А. Психологические особенности кибербуллинга как формы интернет-преступления // Российский психологический журнал. – 2016. –Т. 13. – №3. – С. 293-311.
  2. Smith P.K.6 Mahdavi J., Carvalho M., Fisher S., Russel S. &Tippett N. (2008) Cyberbullying: Its nature and impact in secondary school pupils. – Journal of Child and Psychiatry, 49. – 376-385.
  3. 2020 жылдағы ҚР балалардың жағдайы туралы баяндама// https://www.gov.kz/uploads/2020/6/18/0826df886699636fbe94 a957cd865d4e_original.5624519.pdf
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.