Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 21(107)

Рубрика журнала: История

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4

Библиографическое описание:
Сандыбаев С.Ө. МАКЕДОНИЯДАҒЫ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАРЫСЫНДАҒЫ ТҮРКИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2020. № 21(107). URL: https://sibac.info/journal/student/107/182334 (дата обращения: 30.11.2024).

МАКЕДОНИЯДАҒЫ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАРЫСЫНДАҒЫ ТҮРКИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Сандыбаев Санат Өтепбергенұлы

магистрант, Тарих, археология және этнология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан, Алматы

1904-1908 жылдар аралығында Македония мәселесінде ұлы державалардың, сонымен қоса Ұлыбританияның да саясатын үш блок проблема анықтады: жандармерияны реорганизациялау, финанс және сот реформасы.

Ең алғашында Ыстамбұлдағы халықаралық әскери комиссияның отырысында  (1904 жылдың ақпан-сәуір айларында) түрік жандармериясын реорганизациялау бұйрық берулеріне құқық берілген 87 европалық офицерге тапсырылды, сондай-ақ оларға қосымша унтер-офицерлерді бекіту жоспарланды [1, 85-86-бб.]. Оған байланысты Түркия еуропалық державалардың офицерлерінің саны 25 адамнан аспау қажет деген ультиматум жіберді. Процесті тездету үшін ұлы державалардың өкілдері бұл цифрмен келісуге мәжбүр болды [2, 96-б.]

Австро-Венгрия мен Ресейдің финанстық жобасының кемшіл тұсы Англияның көзқарасы бойынша, сұлтанның үш уәләятты әлеуметтік-экономикалық түрлендіруге және жергілікті ресми тұлғаларға сыйақы төлеуге арналған қаржыны жұмсауына бақылау механизмінің жоқтығы.

Түркия Ресей мен Австро-Венгрия жасаған барлық ұйғарымды сызып тастап, өзінің реформа жоспарын ұсынды: ұлы державалар жағынан бақылау туралы мүлде сөз қозғалмады, ал финанстық испектор тағайындау туралы пункт алынып тасталды. Ыстамбұлдағы ағылшын елшісі бұл жобоның қабылдануға келмейтінің айтты.

Вена мен Петербордың өз күшімен Македонияның финанстық жүйесін реформалау мәселесін реттей алмайтындығына көз жеткізілді. Екі елдің басшылығы европалық уәләяттарда дәл халықаралық бақылау орнатылуы қажеттігін дәлелдеуге тырысқан Англияның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болды.

Ұлы державалар елшілері Түркиядан Македониядағы Хилми-паша басқарған финанстық жүйені түрлендіруді халықаралық комиссияға тапсыруды талап етті. Оның құрамында екі азаматтық және Британия, Франция, Гремания және Италия ұсынған төрт финанстық агенттер болу қажет еді. Шілде айында Түркия державалардың талаптарын қабылдамай қойды, себебі ол сұлтанның егеменді құқығын бұзды. Абдұлхамидтің бас тартуына қарамастан елшілік финанстық агенттіктерді тағайдауын және Македонияға жіберуін жалғастырды. 16 қарашада бірлескен мәлімдемеде ұлы державалардың елшілері Түркияның тағайындалған финанстық агенттерді мойындауы, Хилми-пашаның, екі азаматтық агенттердің және жандармериядағы шетел офицерлерінің миссиясын ұзартылуы турасында мәселе қозғалды. Сұлтан алты держава елшілерінің бірлескен аудиенциясынан бас тартты және олар қабылдаған нотаны ескермеді. Түркияға қысым жасау үшін Ресей және Австро-Венгрия басшылығы державаларға Түркияның ірі портына халықаралық күштер жиылған флотты жіберуді ұсынды. Англия, Франция және Италия Ламздорф пен Голуховскийдің инициативасын қолдады, ал Германия өзінің кемелерін жіберуді қажетсіз деп санады.

1905 жылдың 25 қарашасында халықаралық эскадра Пирейден Митиленге (Лесбос аралы) аттанды. Онда кедендік шекара, пошта және телеграф бұғатталды. Державлар кеденнен түсетін табыстар сұлтан олардың бағдарламасына келіскенге дейін тоқтатылатының жариялады. Одан кейін эскадра Лемносқа бағыт алып, Дарданеллаға кіреді. Операция табысқа жеткен сайын Порта икемшіл бола түсті [3, 299-б.]. Нәтижесінде осман басшылығы финанстық комиссияны екі жылға тағайындауға келісті. Оның құрамына енген түрік бас инспекторына, австро-венгриялық және орыс азаматтық агенттеріне, Британия, Франция, Германия және Италиядан келген делегаттарға үш уәләятқа салық және ғұшыр жинау, оны үлестіру процесіне бақылау орнату тапсырылды. Олар сонымен бірге қаржы түсіміне жауапты шенеуніктерге бақылау жасайтын испекторларды тағайындады.

Финанстық комиссияның құрылуы Балқандағы ситуацияны реттеудегі орыс-австро-венгриялық монополияның аяқталуын білдірді: басқа державалар, оның ішінде Англия македон мәселесін шешуге араласуға өз құқығын бекітті.

Англияның бұл эпизодтағы дипломатиялық белсенділігіне анализ жасай отырып, британ-түрік қатынасының экономиклық астарын елемей кете алмаймыз. Финанстық реформа жобасын  талқылау барысында Порта ұлы державаларға түрік кеден салығын 3%-ға арттыруын санкциялауға өтініш етті. 1905 жылы Түркия кеден салығын 8%-дан 11%-ға арттырылуы Македониядағы реформаларды жүргізу үшін қажеттігін айтып сендіруге тырысты. Осман империясымен сыртқы тауар айналымының үлесі 60%-ға жеткен Ұлыбритания бұған бірқатар шарттармен ғана келісті. Біріншіден, Англияның сыртқы істер мнистрі Түркиядан үш уәләяттың шамаланған кірісі мен шығысы, оның дефициті есептелетін құжатты беруін талап етті. Еіншіден, македон бюджеті аймақтағы администарцияның шынайы қажеттігін есепке алу қажет, сонымен қатар, қаражаттың тиісті жиналуы мен жұмсалуын қамтамасыз етуі үшін ресми тұлғаларға лайықты сыйапатты қамтамасыз ету керек [4, 104-106-бб.].

Осылайша, аталған талаптар Форин оффистің австрия-венгриялық және ресейлік финанстық реформа схемасына енгізуге ұмтылған түзетулермен сәйкес келді. Өйткені Лондон түрік бюджетінің, кем дегенде, балқан уәләяттарындағы бюджетті ашық қылуды және капитал қозғалысын бақылауды (оның іщінде бірлескен герман-түрік жобаларында) өз алдына міндет етіп қойды.

Түрік әскерінің Балқанда көбейе түсуі  және Британия империясының Шығыстағы иеліктеріне қауіп төндіретін теміржол желілерінің салынуына жұмсалуы мүмкін осман қазынасының қосымша табыстармен толтырылуы қауіпті болып саналды. Оған мысал ретінде 1906 жылы Синайдағы египеттік шекара үшін ағылшын-түрік қақтығысы орын алған акаб дағдарысын алуға болады. 1906 жылы түрік әскері Таба қаласын басып алды. Таба британ генералдық консулы Э. Кромердің айтуы бойынша ағылшын-египеттік юрисдикцияда болды. Түркия болса бұл қала осман администрациясының бақылауындағы аймақта орналасқаның алға тартты. Бұған қоса Түркия хедивке Хиджаз теміржолының Акабқа қарай тармағы жалғастырылатының, ал одан кейін ол Суэц каналына қарай созылатының хабарлады. 1906 жылдың мамыр айында ағылшын билігі сұлтанға егер 10 күннің ішінде түріктер Таба қаласын тастап кетпесе ағылшындар Жерорта теңізіндегі аралдарды оккупациялайтының айтып ультиматум жібереді. Түркия шегінуге мәжбүр болады [5, 248-250-бб.]. Акаб дағдарысы кезінде Британия мен Түркия әскери соқтығыс қаупіне таянды [6]. Қорғаныс комиеті Англия және Осман империясы мен Германия арасындағы соғыс болу мүмкіндігіне және олардың Египетке шабуыл жасау мүмкіндігіне шыңдап қарады. Ген.-лейтенант Дж. Френчтің жазбасы бойынша, Түркия  мен Германия арасында «әлдеқандай құпия одақ болды» және олардың мүддесі Таяу және Орта Шығыста британ мүддесіне сай келмеді. Оқиғаның бұндай даму сценариясында Англия стратегиялық инициативасын жоғалтып қана қоймай, соққы астында оның империялық коммуникациясы қалатын еді. Мүмкін болған герман-түрік альянсы Таяу Шығыстағы күштердің дисбалансына, Германияның аймақтағы позицисының асимметриялық түрде күшеюіне алып келетін еді [4, 109-б.].

Македон реформаларын мысалға ала отырып Лондонның Балқандағы толқуларды пайдалана отырып оны Түркияға қысым жасау құралы ретінде қолдануға ұмтылғаның көреміз, онымен бір жағынан түрік администрациясын ағылшындардың қатаң сынға алуы түсіндіріледі. Көбіне бұл шаралар керісінше эффект алып келді. Оның ішінде, Түркиядан Англияның Смирно-Эйдин теміржол желісінің жалғасына концессия алуды Лондонның Македониядағы финанстық реформадан бас тарту арқылы ғана шеше алатының сұлтан негіздеген болатын [4, 114-б.].

Сонымен, Ұлы державалардың түрік жандармериясын реформалау талаптарына қатысты Түркия өз пікірін берік ұстанып, белгілі бір дәрежеде өз дегеніне жетті. Финанстық реформада да ол өзінің талаптарын ұсынды, бірақ ағылшын елшісі бұған қарсылық танытты. Ол еуропалық уәләяттарда халықаралық бақылау орнатылуы қажеттілігін алға тартты. Порта болса державлардың талаптарын қабылдамады, себебі ол сұлтанның егеменді құқығын бұзды. Түркияның қарсылық танытқаны үшін оның ірі портына халықаралық күштер жиылған флотты жіберу ұсынылды. Германиядан басқа барлық ұлы державалар бұны қолдады. Нәтижесінде осман басшылығы финанстық комиссияны екі жылға тағайындауға келісуге мәжбүр болды.

Финанстық реформа жобасын талқылау барысында Түркия ұлы державаларға түрік кеден салығын 3%-ға арттыруын санкциялауға өтініш етті. Лондон оған бірнеше шарттармен ғана келісті. Олар капитал қозғалысына байланысты болды. Ол түрік бюджетінің, кем дегенде, балқан уәләяттарындағы бюджетті ашық қылуды және ең алдымен бірлескен герман-түрік жобалары бойынша капитал қозғалысын бақылауды өз алдына міндет етіп қойды. Себебі Ұлыбританияның Шығыстағы иеліктеріне қауіп төндіретін теміржолдың салынуына жұмсалатын қаржымен түрік қазынасының толтырылуы ол үшін қауіпті болды. Оған бір мысал 1906 жылы болған Акаб дағдарысы. Сол кезде Түркия Оңтүстік Синайдағы Таба қаласын басып алған еді, әрі Хиджаз теміржолын Суэц каналына дейін созуды ойластырған еді. Алайда Ұлыбритания Жерорта теңіздегі аралдарды оккупациялайтының мәлімдеп ультиматум жіберіп, Порта шегінуге мәжбүр болады. Осындай оқиғалардан кейін Лондон Ыстамбұл мен Берлин арасындағы байланысқа, олардың арасындағы қаржы айналымына көңіл бөлді, себебі екі елдің альянсы Таяу Шығыстағы күштердің дисбалансына және Лондонның шығыстағы империялық коммуникация жолдарына қауіп төндіретін еді. Балқандағы дүрбеленді пайдалана отырып Лондон Түркияға қысым жасағысы келді, бірақ ол керісінше эффект берді. Мәселен, Түркия оған теміржол концессиясын финанстық реформадан бас тартқан жағдайда ғана беретіндігін айтып шарт қойған еді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Сквозников А. Н. Македония в конце XIX – начале ХХ века – яблоко раздора на Балканах. – Самара : Самар. гуманит. акад., 2010. – 172 с.
  2. Казанова Ю.В. Русская военно-инструкторская миссия в Македонии: формирование и начало работы (Из истории реализации Мюрцштегской программы) // Русский сборник. T. VI. М., 2009. – С. 384.
  3. Lange-Akhund N. The Macedonian Question, 1893-1908: From Western

    Sources. – New York: Columbia University Press, 1998. – 401 p.
  4. Агансон О.И. Политика Великобритании в Юго-Восточной Европе в условиях кризиса Балканской подсистемы международных отношений: 1903 – 1914 гг.: дис. ... канд. ист. наук. – М.: РГБ, 2011. – C. 309.
  5. Lauterpacht E., Greenwood C.J. International Law Reports. - Cambridge: Grotius, 1989. – 949 p.
  6. Burman J. British Strategic Interests versus Ottoman Sovereign Rights: New Perspectives on the Aqaba Crisis, 1906 // The Journal of  Imperial and Commonwealth History. 2009. Vol. 37. №. 2. P. 275-292.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.