Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 36(122)

Рубрика журнала: Экономика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2

Библиографическое описание:
Алпысбай Ә.Н., Амангелді Ә.Н., Талапбек Ү. АРТТА ҚАЛҒАН ЕЛДЕРГЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨМЕК // Студенческий: электрон. научн. журн. 2020. № 36(122). URL: https://sibac.info/journal/student/122/191385 (дата обращения: 29.11.2024).

АРТТА ҚАЛҒАН ЕЛДЕРГЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨМЕК

Алпысбай Әсел Нұрланқызы

2 курс бакалавры, "әлемдік экономика" тобының студенттері, Университет «ТУРАН»

Қазақстан Республикас, Алматы қаласы

Амангелді Әсел Нұртуғанқызы

2 курс бакалавры, "әлемдік экономика" тобының студенттері, Университет «ТУРАН»

Қазақстан Республикас, Алматы қаласы

Талапбек Үміт

2 курс бакалавры, "әлемдік экономика" тобының студенттері, Университет «ТУРАН»

Қазақстан Республикас, Алматы қаласы

АННОТАЦИЯ

Мемлекеттердің экономикалық жағдайындағы айырмашылық, мешеу елдердің экономикалық тұрақсыздығы әлемнің жалпы экономикасына кері әсерін тигізеді. Осы ғаламдық проблеманы қалай шешуге болады және қазіргі таңда қандай шаралар қолданылып келе жатыр?- деген сұрақтарды талдайтын боламыз.

Осы күнге дейінгі көрсетіліп келген экономикалық көмек туралы мәліметтер мен статистикалар арқылы біз аталмыш проблеманы шешуге қолданылған іс-әрекеттердің қаншалықты нәтиже бергені туралы айтамыз.

 

Түйін сөздер: мешеу елдер, экономикалық көмек, экономикалық көмектің пайдасы мен зияны.

 

Кіріспе

ХХІ ғасырда әлемдік экономиканың басты проблемасы- кедейлік пен баяу даму. Қазіргі заманда кедейшілік пен баяу даму әлемнің артта қалған елдеріне, яғни «үшінші әлем елдеріне» тән. Осындай үлкен ауқымды проблемалар адамзаттың дұрыс дамуына кедергі болатыны айқын, себебі әлем тұрғындарының жартысынан көбі сауатсыз немесе мүмкіндігі шектеулі жағдайда өмір сүреді. Жергілікті, ұлттық мәселелерден бүкіл адамзатқа ортақ проблемалар туындайды, бірақ оларды шешу үшін әр мемлекеттің өзіндік күш-жігері емес, әлемдік ұйымның ортақ іс-әрекеттері қажет.

Әдебиетке шолу

Мешеу елдер дегеніміз – экономикалық және әлеуметтік жағынан дамымаған кедей елдер. Мешеу елдердің тағы бір атауы «үшінші әлем елдері». Бұл термин бастапқы уақытта «Қырғи Қабақ соғыста» бейтарап позиция ұстаған елдерді сипаттады. Қазіргі уақытта «үшінші әлем елдері» деп кедейшілік деңгейі жоғары, экономикалық жағынан тұрақсыз және адам қажеттіліктері жеткіліксіз, яғни халқын сумен, тұрғын үймен, тамақпен қамтамасыз ете алмайтын елдерді атайды. Бұл елдер көбінесе нашар дамыған және кедейшілікке қоса өлім деңгейінің жоғары болуымен сипатталады.

Қазіргі уақытта мешеу елдер қатарына 48 ел кіреді.

Кесте 1.

Артта қалған елдер тізімі

Жылдар

Кірген мемлекеттер

1971 ж

Ауғанстан, Бенин, Чад, Танзания, Бурунди, Бутан, Гаити, Гвения, Йемен, Лаос, Лесото, Мали, Непал, Нигер, Руанда, Судан, Эфиопия

1975 ж

Бангладеш, Гамбия, ОАР

1977 ж

Комор аралдары

1981 ж

Гвинея-Бисау, Уганда

1982 ж

Джибути, Сан Томе және Принсипи, Того,

1985 ж

Вануату

1986 ж

Кирибати, Мавритания, Тувалу

1987 ж

Мьянма

1988 ж

Мозамбик

1990 ж

Либерия

1991 ж

Конго Демократиялық Республикасы, Замбия, Камбоджа, Мадагаскар, Малави, Сомали

1994 ж

Эритерия, Ангола

2000 ж

Сенегал

2003 ж

Тимор-Лесте

2012 ж

Оңтүстік Судан

Ескерту:[1]мәліметтер арқылы құрастырылды

 

Бірінші кестеге назар аударсақ, мешеу елдер тізімі ең алғаш рет 1971 жылы пайда болған және бастапқы құрамында 17 мемлекет болған. 40 жыл ішінде мешеу елдер тізімі 48 елге жетті.

Кесте 2

Жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіштері

Артта қалған елдер мен  дамушы елдердің жалпы ішкі өнім көрсеткіші үлкен айырмашылық жасайды.Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз- бір жыл ішіндегі мемлекеттің табысын халық санына қатынасы. XXI ғасырдың басында жоғары дамыған елдер үлесіне халықтың 12% мен әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 60% сәйкес келетін болса, өте төмен дамыған елдердің әлем халқында үлесі 12%, ал әлемдік ЖІӨ-де үлесі 1% [2].

Зерттеу әдісі

Экономикалық көмек дегеніміз – артта қалған елдердің дамуына көмек ретінде, үкіметтердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ғаламдық және аймақтық одақтардың немесе жеке ұйымдардың қаржылық көмек көрсетуі. Оның басты мақсаты – кедейшіліктің азаюы және дамуды ынталандыру. Экономикалық көмектің көп бөлігін батыстың дамыған елдері көрсетеді, бірақ дамушы елдерде белгілі дәрежеде көмек көрсетіп отырады [3].

Экономикалық көмек түрлі жолдармен көрсетіледі:

  • Қарызын кешіру- қарыз алған елдің қаржылық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.
  • Тікелей көмек- мешеу елдерге медициналық көмек және азық-түлік, қаржы көмегін тікелей көрсетуі.
  • Жанама көмек- елдің дамуына қажет инфақұрылым және коммуникациялық желілер құрылысын қаржыландыру.

Зерттеу нәтижесі

 

Сурет 1. 2013 және 2018 жылдардағы елдің жалпы ұлттық  кірісінің үлесі ретінде дамуға ресми көмек (ЖҰТ %) [4].

 

2013 жылы Дамуға көмек көрсету комитетінің 28 мүшесі 135 млрд. АҚШ доллары, Еуропалық комиссия 15,9 млрд. АҚШ доллары және Дамуға көмек көрсету комитетіне кірмейтін мемлекеттер 9,4 млрд. АҚШ доллары түрінде экономикалық көмек көрсетті [5]. 2013 жылы экономикалық көмек көрсету ең жоғары көрсеткіштерге жеткенімен, Африка елдері мен Сахара аумағына көрсетілітін экономикалық көмек көрсеткішінің төмендеуі тоқтатылмады.

2018 жылы экономикалық көмек пен 2013 жылғы экономикалық көмекті салыстырғанда өте төмен көрсеткіштер көрсетті.

Қорытынды

Экономикалық көмектің пайдасымен қоса зияны да бар. Мысал ретінде Африка елдеріне көрсетілетін экономикалық көмекті алайық. Африка мемлекеттеріне көрсетілетін экономикалық көмек елдердің экономикалық жағдайын көмек көрсетуші мемлекеттерге тәуелді қылып, мешеу елдер санының көбеюіне әкеледі.Сонымен қатар, дамыған елдерден көрсетілетін көмек жергілікті кәсіпорындардың азаюына әкеліп соқтырады.

Қорыта айтқанда, әлемдегі экономикалық жағдайды жақсарту мақсатында экономикалық көмектің жылдан-жылға арта түсуінің арқасында белгілі бір уақыт арасында дүниежүзінде экономикалық жағдай тұрақталып, мешеу елдер саны азаяды деген ойдамын. Мешеу елдерге көмек көрсету үшін құрылған халықаралық ұйымдардың санының өсуі соған кепіл.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. https://www.un.org/ru/development/surveys/ldc.shtml
  2. Всемирный банк. Доклад о мировом развитии 2009. Новый взгляд на экономическую географию. Обзор. Всемирный банк. Вашингтон, 2008. С. 5 http://www.un.org/ru/development/surveys/docs/worlddevpdf.
  3. En.wikipedia.org
  4. https://ec.europa.eu/eurostat/statistics-explained/images/d/d1/Official_development_assistance_as_share_of_gross_national_income%2C_by_country%2C_2013_and_2018_%28%25_of_GNI%29.png
  5. "Aid to developing countries rebounds in 2013 to reach an all-time high". OECD. 8 April 2014. Retrieved 18 October 2014.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.