Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 37(123)

Рубрика журнала: Биология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3

Библиографическое описание:
Туралиева Г.А. АТЫРАУ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ӨСЕТІН RHEUM TATARICUM L. ӨСІМДІГІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ-АНАТОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2020. № 37(123). URL: https://sibac.info/journal/student/123/192199 (дата обращения: 29.12.2024).

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ӨСЕТІН RHEUM TATARICUM L. ӨСІМДІГІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ-АНАТОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Туралиева Гулбакыт Алмасовна

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми биология мамандығының 2 курс магистранты

Қазақстан, Алматы

Ахтаева Нурсулу Зияхановна

научный руководитель,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті, аға оқытушы

Қазақстан,Алматы

АҢДАТПА

Polygonaceae Lindl.тұқымдасының Rheum L. туысына жататын Rheum tataricum L. өсімдігі – шөлді аймақта кездесетін шөптесін, көпжылдық эфемероидты өсімдік. Эндемикалық түр Rheum tataricum L. едәуір қоры Арал маңы, Оңтүстік Балқаш маңы мен Батыс Қазақстанда көптеп кездеседі. Өсімдіктің қатты вертикальды тамырынан тұратын жерасты бөлігі негізгі шикізат көзі болып табылады. Rheum tataricum L. өсімдігінің шикізаты (өсімдіктің жер астындағы тамыры) ҚР мемлекеттік дәрілік қор тізіміне енгізілген. Rheum tataricum шикізатына фармакогностикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі анықталды. Алынған деректер негізінде Rheum tataricum L. жерасты бөлігі туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясының морфология бөліміне қосу үшін монография жобасы қалыптасады.

 

Түйін сөздер: Rheum tataricum шикізаты, тамыр тозы, паренхима, дубильді заттар, друза, экстрактивті заттар,флаваноид.

 

Кіріспе

Отандық өндірістегі өсімдіктерден дәрілік заттар субстанциясын өндіруге бағытталған жұмыстар фитохимиялық өндірісті дамытуға оңтайлы үлесін қосады. Батыс Қазақстанның өсімдік ресурстарын медициналық және фармацевтикалық саласында тиімді пайдалану үшін бірқатар өсімдіктер зерттелген. Соның ішінде перспективті және зерттеуді қажет ететін PolygonaceaeLindl.тұқымдасының Rheum L. туысына жататын Rheum tataricum L. өсімдігі[1]. Төменде көрсетілген картада (1сурет) Rh.tataricum өсімдігінің Қазақстанның қай облыстарында кездесетіні көрсетілген.

 

Сурет 1. Rheum tataricum өсімдігінің Қазақстан аумағы бойынша таралу ареалы.

 

Зерттеудің мақсаты Rheum tataricum дәрілік өсімдік шикізатын  морфологиялық-анатомиялық, фармацевтикалық  жағынан толығымен зерттеу,одан фармакологиялық белсенді заттарды бөліп алу, солардың негізінде жаңа дәрілік препараттарды жасау өзекті болып табылады [2].

Жұмыс барысында қойылған тапсырмаларды шешу үшін жалпыға бірдей қабылданған ҚР МФ ұсынған дәстүрлі және заманауи физикалық-химиялық, органолептикалық, фармако-технологиялық,  статистикалық зерттеу әдістері қолданылды. Биологиялық белсенді заттардың шоғырлану барысы мен құрамы, сапалық-сандық мөлшері гравиметрия, жұқа қабатты және жоғары эффективті сұйықты хроматография, спектрофотометрия әдістері арқылы анықталды.

Шикізатқа жүргізілген морфологиялық зерттеулерде анықталған белгілер: тамыр қынабы қоңыр түсті, тік, сабақтарының саны 2-3, берік және қуысты, биіктігі 45-50 см, бұтақтануы ортасынан бастап қалың және гүлденуі кең, тамыр ені 4-5см., жапырақтары ірі, дөңгелек, негізі жүрек тәрізді үш тармақты, гүлдері ақшыл сары, ұсақ, жемісі - ені 1,5 мм болатын қоңыр түсті, күңгірт қанатты жаңғақ.

Шикізатқа жүргізілген анатомиялық зерттеулерде анықталған микроскопиялық белгілері: алғашқы қабық, бірнеше қабатты жасушадан тұратын тоз қабаты, феллема жасушалары, шырышқа толтырылған қуыс, камбий қабаты, жеке және шағын топтағы түтіктер, өткізгіш жүйесінің коллатериальді шоғы, крахмал дәндері, склеренхима, кристалл друзалары мен жеке ине тәрізді кальций оксолат кристалдары, дубильді заттар [3].

 

  

 А. тамыры                       Ә.сабағы                            Б. Жемісі

Сурет 2.

 

Сурет 3. Rheum tataricumL. тамырының бинокуляр астындағы көлденең кесіндісінің көрінісі (х2)

1-тоз, 2-алғашқы қабық, 3-тін талшықтары, 4-ксилема түтіктері, 5-өзек

 

Сурет 4. Rheum tataricum L. өсімдігінің көлденең кесіндісі(х180)

1-тоз, 2-друза, 3-қабық, 5-феллодерма

 

Сурет5. Rheum tataricumL.тамырының көлденең кесіндісі (х180)

1-друзалар, 2- қабықтағы крахмал дәндері, 3-екінші реттік қабық, 4-дубильді заттар

 

Rheum tataricum шикізатына фармакогностикалық зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде морфологиялық және микроскопиялық түрішілік айырмашылық белгілері анықталды. Шикізатты жинап алу мерзімдері анықталды және оның құрамындағы флавоноидтардың суммасын сандық бағалау әдістемесі жасалып ұсынылды. Алынған деректерді Rheum tataricum шикізатын идентификациялау үшін қолданылды.

Вегетация кезеңінде Rheum tataricum шикізатында экстрактивті заттардың жиналу динамикасы анықталды. Зерттеулер көрсеткендей, экстрактивті заттардың шығуы экстрагенттің табиғаты мен полярлылығына тәуелді және олардың максимальды шығуы 90% этил спиртімен экстракциялау кезінде қамтамасыз етіледі.Өсімдікте  экстрактивті заттар  мөлшері баяулап сәуір айынан маусым айына дейін өседі, жаппай гүлдеу кезеңінде максимальды көрсеткішке жетеді(20,21%), содан кейін олардың мөлшері азайып, солу кезеңінде 18,81% көрсеткішіне жетеді [4].

Флаваноидтардың гликозидтерінің бастапқы гидролизіне негізделген сандық бағалау әдістемесі жасалынды және 420 нм толқын ұзындығында сірке су қышқылы ортасында алюминий хлориді реактиві реакциясынан кейін алынған гликондар ерітіндісінің оптикалық тығыздығы анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша, гиперозидке шаққанда флаваноидтардың максимальды құрамы жаппай гүлдеу кезеңіне келеді. Биологиялық белсенді заттар максимальды құрамын көрсететін вегетациялық жаппай гүлдеу кезеңі маусым-шілде айларына келеді [5].

Қорытындылай келе, кез-келген түрдің жойылуы экожүйенің тұрақтылығының төмендеуіне әкеледі. Табиғатта сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің генофондыларын сақтаудың ең тиімді жолы оларды ботаникалық бақтарға интродукциялау болып табылады. Татар рауғашының далалық статусы – оның отын ресурсы, суды реттеуші, мал азығы, мелиоративтік-құмды бекітуші, жайылымдылықты қорғаудағы маңыздылығына байланысты.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Байтулин И.О. Актуальные проблемы ботаники в Казахстане // Ботаническая наука на службе устойчивого развития стран Центральной Азии: мат. Международн. науч. конф. – Алматы, 2003. – С. 7-12.
  2. Михайлова В.П. Дубильные растения флорий Казахстана и их освоение. Изд – во:Наука, 1968 – С. 199 – 278.
  3. Кашкарова Н.Ф. Ревень татарский в Приаралье // Труды Института ботаники АН Каз ССР. 1963. Т. 15. ­С. 119 – 162.
  4. Васильев Ю.И., Гемеджиева Н.Г., Ситпаева Г.Т., Кантрелл Ч.Л., Мамонов Л.К. Заготовка образцов растений для фитохимических иследований и изучения их биологической активности // Введение в фитохимические исследования и выявление биологической активности веществ растений / коллектив авторов; под ред. Мамонова Л.К. и Музычкиной Р.А. – Алматы, 2008. – С. 48 –50.
  5. АлюкинаЛ.С. Биохимическое исследование некоторых таннидоносных видов ревеней Казахстана. Автореф. канд. диссерт. Ин – т бот. АН КазССР, Алма – Ата, 1955.

Оставить комментарий