Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 7(177)
Рубрика журнала: Философия
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3
ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ НАМАЗЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
FEATURES OF FEMALE PRAYER
Miras Askanbaev
Master's student, Department of Islamic studies Nur - Mubarak Egyptian University of Islamic culture,
Kazakhstan, Almaty
Adilbayev Alau Shaikamovich
scientific supervisor, PhD Doctor, Associate Professor Nur - Mubarak Egyptian University of Islamic culture,
Kazakhstan, Almaty
АННОТАЦИЯ
Ер мен әйел адамның намазындағы кейбір мәселелер айырмашылығы хадис және сахабалар мен табиғиндердің асарларында анық түрде келген. Пайғамбарды صلى الله عليه وسلم көріп, естіп және дін үйренуші жамағат олар сахабалар болса, ал олардан дін үйренушілер табиғиндер. Сол үшін хадистерге қарай отырып Пайғамбардың صلى الله عليه وسلم шәкірттері сахабалар, олардың шәкірттері табиғиндер ер мен әйел адамның намазындағы айырмашылығын айтқан ба, әлде айтпаған ба соны іздеу керек. Сондықтан ең жақсы ғасырларға (хойруль-қурун) сүйене отырып, қазіргі 1400 жылдан кейінгі болып жатқан осы ихтиләфті шешсе болады.
ABSTRACT
The prophet is seen and heard, and the people who learn religion are the companions, and the people who learn religion from them are the natural ones. For this reason, when looking at the hadiths, it is necessary to look for the Companions of the Prophet, whether their disciples told the difference between the prayer of a man and a woman, or not. Therefore, based on the best centuries (hoyrul - kurun), it is possible to solve this ihtilaf, which is happening now after 1400 years.
Түйінді сөздер: Ер мен әйел адамның намазы, хадис, сахабалар, табиғин.
Keywords: Prayer of men and women, hadith, companions, followers.
Ер және әйел адамның намаз оқу тәртібіндегі бірінші айырмашылық ол такбир тахрима, яғни қол көтерудегі айырмашылық болып табылады.
Әйел адам тәкбир тахрима қылу үшін қолын жоғары көп көтермей, бәлкім саусақтарының ұшын иыққа шейін, ал алақанын төсіне шейін көтереді.
Хазрат Уайл бин Хужрдан (Алла Тағала одан разы болсын) жеткізілген хадисте Алланың Елшісі صلى الله عليه وسلم маған: «Ей Уайл бин Хужр намаз оқыған кезіңде екі қолыңды құлақтарыңа қарама- қарсы қылып көтер. Ал әйел адам болса екі қолын төсіне қарама- қарсы қылып көтереді»,- деп айтқан. [Табарани, Канзуль Уммаль] Пайғамбар صلى الله عليه وسلم намаздың мәселелерін үйреткен кезде ер адамдарға қолын құлаққа шейін көтеруді бұйырса, әйел адамға төсіне шейін көтеруді бұйырған. Яғни Пайғамбардың صلى الله عليه وسلم өзі ер мен әйел адамның намазындағы айырмашылықты баян қылған. Осы хадистегі айтылған тәртіпте әйел адамға көбірек жасырыну бар.
Имам Бұхари және имам Муслимдер мен бірге алты сахихтың жинақтаушылырының ұстазы имам Абу бакр ибн Аби Шайба (Алла рахымына бөлесін) айтады: Бізге Һушайм өзінің шейхынан: «Атодан (Алла рахымына бөлесін) әйел адам намазда қолын қай жерге шейін көтеретіні жайында сұраған кезде, ол төсіне шейін деп айтқанын естідім» дегенін жеткізеді. [Мусаннаф ибн Аби Шайба] Осы риуаятта тек әйел адамның қол көтеру мәселесі айтылғандықтан, бұл үкімнің тек әйелге ғана қатысты екенін түсінеміз.
Имам Бұхаридің ұстазының ұстазы Абдур- Раззақ хазреті Журейджден (Алла рахымына бөлесін) риуаят етеді: «Атодан әйел адам тәкбир алғанда қолдарын ерлер секілді көтереді ме? дегенімде, ол: «әйел адам бұлай қолын еркектерге ұқсатып көтермейді» деді да өзі қолын көтеріп көрсеткен кезде қолдарын өте төмен қылып, өзіне қарай тартып, тым жинақы ұстап көрсетіп тұрып айтты: «ақиқатында әйелдерде еркектерге ұқсамайтын намаз оқу түрі бар»,- деді. [Мусаннаф Абдур-Раззақ, Мусаннаф Ибн Аби Шайба]. Бұл риуаяттан ер және әйел адамның намаз оқу үлгісі бірдей емес екені белгілі болды. Оның үстіне хазреті Ибн Журейдж және хазреті Ато (Алла рахымына бөлесін) жайында сахих санадпен имам Ахмад Абдур- Раззақтан риуаят қылған: «Меккенің тұрғындары: «Ибн Журейдж намазды Атодан, Ато Ибн Зубайрден, Ибн Зубайр Абу бәкірден, ал Абу бәкір Пайғамбарданصلى الله عليه وسلم үйренгенін»,- айтатын, және де мен Ибн Журейджден асқан намазды өте көркем оқыйтын адамды көрмеппін»,- деген. [Муснад Ахмад]. Имам Миззи де (Алла рахымына бөлесін) Таһзибул- камал атты кітабында Имам Ахмад бин Ханбалдың санадынан осы риуаятты кеңінен түсіндіріп алып келген.
Имам Бухари Хаттаб бин Османнан ол Исмайл бин Айяштан ол хазреті Абду Роббиһи бин Сулайман бин Умейрден (Алла рахымына бөлесін): «Умму Дарданың (Алла одан разы болсын) намазда қолын иығына тең қылып көтергенін көрдім»,- дегенін жеткізеді.[Имам Бухари рофғул иадайни] Сахабалардың бұл амалы Пайғамбардың صلى الله عليه وسلم тәлімінен екені белгілі. Сонымен қоса бұл риуаяттың тізбегі сенімді қабыл етіледі.
Имам Аузағи хадис хафиздерінің және риуаят қылушылардың ұстаздарының ең білімдісі және Абдулла бин Умар, Анас бин Малик, Саһл бин Сағдтың (Алла олардан разы болсын) шәкірті хазрет Зуһриден (Алла рахымына бөлесін): «Әйел адам намазда қолын иыққа шейін көтереді»,- дегенін жеткізеді.[Мусаннаф Ибн Аби Шайба]
Осы барлық риуаяттардың мақсаты мен қысқаша мазмұны - әйел адам тәкбир тахримаға қолын жоғары көтермей, мүмкіндігінше жинақы ұстауында. Ал оның шегі қолының саусақтарын иығына шейін жеткізіп, алқандарын төсіне қарама- қарсы қылып көтеруі.
Қол байлау, рукуғ, сәжде және отырыстардағы айырмашылық. Имам Абдур - Раззақ хазіреті Ибн Журейджден, ол кісі Сахабалардың шәкірті, атақты табиғин хазреті Атодан (Алла рахымына бөлесін): «Әйел адам қиямда тұрғанда мүмкіндігінше қолын жинақы қылып ұстайды»,- деген риуаятын жеткізеді.[Мусаннаф Абдур- Раззақ]. Осы риуаяттың мақсаты әйел адам намазда ер адамға ұқсамайтындығы. Саусақтарын біріктіріп, қолын төсіне жинақы қылып қояды. Сондықтан қағида- әйел адамның денесі қаншалықты көбірек жинақы және жайылмай тұрса жасырын болады. Әйел адамның төсіне қолын байлауының себебі де осы. Сол үшін оның төсі қолды жоғары көтеріп байлаудан жасырын болады.
Имам Абдур- Раззақ хазіреті Ибн Журейджден, ол кісі хазреті Атодан (Алла рахымына бөлесін)риуаят қылады: « Әйел адам намазда жинақы тұрады. Рукуғ қылған кезде қолдарын ішіне жақын қылып, шамасы жеткенге шейін жинақы болады. Сәжде қылған кезде екі қолын өзіне қарай тартып, ішін және төсін санына тигізіп, шамасы жеткенге шейін жинақы болады»,-деп.[Муссаннаф Абдур- Раззақ]. Әйел адамның намазы ерлердің намазынан айырмашылық бар екені мәлім болды. Фиқһ ғұламалары әйел адамның қиям, рукуғ, сәжде, отырыстарда жақсылап жинақы және тартынқы тұруының толық көрінісін баян қылған. Соны мен қоса Имам Абдур- Раззақ имам Абу Ханифаның шәкірті және имам Ахмадтың ұстазы және имам Бухаридің (Алла баршасын рахымына бөлесін) ұстазының ұстазы болып саналады. Имам Бухаридің баға беруіне сәйкес осы Мусаннафтың барлық хадистері сахих. Ал Хафиз Аз- захаби бұл кітапты ілімнің қазынасы деп сыйпаттаған. Сондай- ақ Мусаннаф Абдур-Раззақ алты сахих пайда болардан бұрын болған кітаптардан. Бұл кітапқа ешқандай бір заманда сөгіс қылынбаған. Тағы да Ато (Алла рахымына бөлесін) секілді табиғиндердің мауқуфтары дәлел қылып белгіленген. « Сахабалар заманында ашық түрде фатуа беріп жүрген үлкен табиғиндердің сөзі бізде дәлел болып табылады»[Қауағид фи улумул хадис].
Хазірет Нафиғтің (Алла рахымына бөлесін) риуаятында хазіреті Ибн Омардан (Алла олардан разы болсын) Пайғамбарымыздың صلى الله عليه وسلم берекелі заманында әйел адамдар қалай намаз оқитыны жайында сұраған кезде, ол: «алғашқыда намазда тараббуғ (сол аяқтың үстіне отырып, оң аяқты тіреп қою) қылып отыратын, содан кейін оларға жақсылап жинақталып отыруларына әмір етілді»,- деп жауап берді.[Жамиғул масанид, 1 том, 400б]
Ибн Омардың (Алла олардан разы болсын) осы сахих хадисінің шархында Мулла Али қари (Алла рахымына бөлесін): «әйел адамдар намаздың қағда отырысында алғашқыда тараббуғ қылып отыратын, сосын оларға намаздарында ер адамдарға қарама- қайшы қылынып, өзінің денесін жинақы ұстауға үкім қылынды. Осылайша әйел адамдар намаздың отырысында тауаррук (екі аяғын оң жаққа шығарып, жамбасын жерге тигізіп) қылып отырсын»,- деп келтіреді.[Шарх муснад Аби Ханифа]. Сондықтан екі аяқты бір тарапқа шығарып отыруда тараббуғ қылып отырғанға қарағанда дененің жинақы және тартыңқы болуы көбірек. Ибн Омардың (Алла олардан разы болсын) бұл риуаяты марфуғ хадистің дәрежесінде болып саналады. Өйткені сахабаның «осылай істейтін едік немесе осылай бізге бұйырылған» секілді сөздері марфуғтың үкімінде. Сондықтан сахабалардың бір мәселені Пайғамбар صلى الله عليه وسلم заманына қосуы, оның тақриры (құп көруі) болып саналып, құжат дәлелі ретінде есептелінеді.[Қауағид фи улумул хадис]
Имам Абдул Уаһһаб Шағрани (Алла рахымына бөлесін) осы мазмұнды ашық түсіндіріп тұрып: «Алла елшісі صلى الله عليه وسلم намаздың соңғы ракағатында отырғанда сол аяғын жайып, соған отырып, оң аяғын тіреп қоятын. Онымен қоса жыртқыш аңға ұқсап отырудан (екі қолын жерге төсеп отыру) тыйып, әйел адамдарға ташахудтің отырысында жинақы болып (екі аяғын бір тарапқа шығарып, жамбасымен жерге отыру) отыруға немесе тараббуғ қылып отырға бұйыратын»,- еді деп Ибн Омардан (Алла олардан разы болсын) жеткізген.
Әдебиеттер тізімі:
- Мухаммад Ридуан, Фарқу ас- солати байна ар- ражули уал марати -Пакістан:"Идара ғуфран" баспасы
- Зофар Ахмад Усмани, Иғлау ас- сунан - Бейрут:"Дар ал- фикр" баспасы
- Ибн Абидин, Роддул мухтар - Бейрут:"Дар ал-фикр" баспасы
- Абдур- Раззақ, Мусаннаф - Мактаба шамиля
Оставить комментарий