Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 20(190)

Рубрика журнала: Информационные технологии

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10, скачать журнал часть 11, скачать журнал часть 12

Библиографическое описание:
Ербол А. КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2022. № 20(190). URL: https://sibac.info/journal/student/190/255104 (дата обращения: 22.11.2024).

КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Ербол Айдана

студент, Халықаралық білім беру корпорациясы,

Қазақстан, Алматы қ.

Кобенкулова Жанар Токтакыновна

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, профессор ассистенті, Халықаралық білім беру корпорациясы,

Қазақстан, Алматы қ.

COMPUTER GRAPHICS AS A TOOL FOR TRAINING SPECIALISTS

 

Aidana Yerbol

student, International Educational Corporation

Kazakhstan, Almaty

Zhanar Kobenkulova

scientific supervisor, assistant professor, International Educational Corporation

Kazakhstan, Almaty

 

АННОТАЦИЯ

Мақалада шығармашылық жұмысқа негізделген сәулет, дизайн және құрылыс саласындағы графикалық бағдарламалардың мүмкіндіктері қарастырылады.

ABSTRACT

The article considers the possibility of graphic programs in the field of architecture, design and engineering based on creative work.

 

Кілттік сөздер: графикалық бағдарламалар, жоба, үшөлшемді моделдеу, визуализация.

Keywords: graphic programs, project, three-dimensional modeling, visualization.

 

Уақыт талабына сай қолданылу салаларына қарай кез-келген мамандықтар бойынша қолданылатын компьютерлік бағдарламалар өте коп. Заман талабына сай - әр кәсіби маманнан техниканың және технологиялық процесті жақсы білуі ғана емес, сондай-ақ жоғары сызбалық мәдениетті меңгеруді де қажет етеді. Компьютерлік бағдарламалар болашақ сәулетші, құрылыс саласы бойынша мамандардың жоба жасау кезіндегі кезеңдерде езінің жобалық идеясын, ойын және мақсатын жетілдірудегі түрлі комплекстік әдіс-тәсілдер мен графикалық үлгілер қалыптастырудағы түпкі ойын арттыру мақсатын алға қояды. Болашақ сәулетші мен құрылысшы мамандықтарға арналған графикалық программалардың ішінде сызбалық жұмыстар үшін AutoCAD,  SKETCH UP, Adobe Photoshop, GIMP, Krita, Photofiltre, Paint.NET и Canva және жобалық жұмыстар үшін Autodesk Revit, Graphisoft Archicad, Tekla Structures, Bentley Microstation, Allplan т.с.с. бағдарламалар жүйелерінің  мүмкіндік спектрі өте кең. Әр түрлі объектілердің тұрғызылуын, құрылыс және ғимараттық нысандардың жасалуын, олардың орындалу әдісі, ортогональ, аксонометрия проекциялары мен перспективалық проекцияда көлеңкелерін тұрғызу, роликтер дайындауда т.б. үшін қолданылуда үлкен көмегін  тигізеді. Графикалық бағдарламалар кез-келген салада, әсіресе құрылысты, электронды сызбаларда, технологиялық кестелерді және басқа жобалау жұмыстарда кеңінен қолданылады [1, с. 66].

Мақаланы жазу барысында графикалық бағдарламалардың мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсету мақсатында AutoCAD графикалық бағадарламасының көмегімен бірнеше жұмыстар дайындалды (1-сурет).

 

1-сурет. бағдарламасында жасалған шығармашылық жұмыс

 

Бұл шығармашылық жұмыс қарапайым желілік беттер арқылы жасалынған. Ұсынылып отырған жұмыстарды орындау біліктілікті, ізденуді, уақытты талап етеді. Тек қана қарапайым геометриялық фигуралармен шектеліп қана қоймай, олардың пішінін қалауынша өзгертіп, жаңа өзгертулер қосып, күрделі объектілер жасауға болады.

Қолданылатын бағдарламалар суретті дәлме-дәл өмірдегідей әдемі, тартымды етіп жасауға мүмкіндік береді. Графикалық бағдарламаларды қолдану еңбек шығындарын қысқартуға және болашақта мүмкін болатын қателерді жоққа шығара отырып, дәлдікті арттыруға мүмкіндік береді [2, с. 133]. Жобаны 3d модельде тұрғызып, материалдар беріп болған соң визуализация жасалады. Яғни көлеңке түсіріліп, жарық көздерінің параметрлері орнатылады (2-сурет).

 

 

2-сурет. бағдарламасында жасалынғаноттедждің үшөлшемді көрінісі

 

Бұл жерде ескеретін жағдай, модельге жасалатын экспозиция параметрлерін орнату визуальды кескіннің сыртқы түрін реттеуге мүмкіндік береді. Визуализация 3d объектілер негізінде растрлік кескін алу. Визуализация жасалынғанда модельді шынайы көруге болады, яғни модельдің фотореалистік бейнесі алынады [3, с. 190].

Қорыта келгенде, графикалық программалар казіргі уақытта сәулет және құрылыс саласынан басқа түрлі салада белсенді түрде қолданылуда. Графикалық программаларды кәсіби тұрғыдан оқып үйрену техника саласының маманы үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі заманғы өндірісте қызметтің көптеген түрлері цифрландыруға бағытталған. Әсіресе инженерлік кадрларды дайындау кезінде болашақ мамандарға графикалық бағдарламаларды оқытуды дұрыс жүргізу қажет. Студенттердің кәсіби және графикалық мәдениетін қалыптастыруда графикалық пәндер үлкен роль атқарады. Сондықтан әр түрлі бағдарламаларды оқып-үйреніп білудің маңыздылығы зор. Бұл дегеніміз, уақытты үнемдеуге, шығармашылыққа көбірек көңіл бөлуге үлкен мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Хакімова Т.  Графикалық компьютерлік модельдеу [Мәтін]: Оқу құралы / Т. Хакімова. – А.: "NURPRESS" , 2013. С. –66–127.
  2. Смирнов В.А. Профессиональное макетирование и техническое моделирование. Краткий  курс: Учебное пособие / В.А. Смирнов. – М.: Проспект, 2017. – С.133–155.
  3. Авлукова, Ю.Ф. Основы автоматизированного проектирования [Текст]: Учебное пособие / Ю.Ф. Авлукова. – Минск: Вышэейш.шк., 2013. – 190–265.

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.