Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 11(223)

Рубрика журнала: Психология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4

Библиографическое описание:
Мақсат М.М. ҚАЗІРГІ ЗАМАН МЕН БҰРЫНҒЫ ЗАМАННЫҢ АЛШАҚТАУЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2023. № 11(223). URL: https://sibac.info/journal/student/223/283189 (дата обращения: 29.12.2024).

ҚАЗІРГІ ЗАМАН МЕН БҰРЫНҒЫ ЗАМАННЫҢ АЛШАҚТАУЫ

Мақсат Меруерт Мерейқызы

студент, факультет менеджмент, Almaty Management University,

РК, г. Алматы

Сауранбай Сандуғаш Бабағалиқызы

научный руководитель,

PhD доктор, Associate Professor, факультет менеджмент, Almaty Management University,

РК, г. Алматы

АННОТАЦИЯ

Қазіргі заманғы мен бұрынғы балалардың арасындағы өзгешелігін айырмашылығын, ерекшелеігін қарастырып, қазіргі кез бен бұрынғы кездің айырмашылығы сондай үлкен бе? Неліктен ұрпақты зерттеу маңызды?  Жалпы осы ұрпақтар арасындағы алшақтаудың қандай себептері бар? Үлкен кісілердің өз заманына тәуелді болып,  біздің заманымызды түсініспеушілігі.

 

Қазіргі заман мен бұрынғы заман. Жалпы бірінші ұрпақ теориясы дегеніміз не? Бұл Нил Хоу мен Уильям Страустың демеушілігімен 1990 жылдардың басында танымал болған зерттеу әдісі. Олар тарихи контекст адамның мінез-құлқын анықтайды: бір уақытта туылған топтардың бүкіл ұрпақ үшін әмбебап болып табылатын ұқсас әлеуметтік-психологиялық қасиеттері бар деп санайды. Ұрпақтық циклдар 15-20 жылды құрайды және жалпы түрде келесідей жіктеледі:

  •  «Бала бумерлер» (1943-1961). Дәстүрлі құндылықтарды қайта қараумен, мәдени өзгерістермен, қалыпты консерватизммен, оптимизммен, командалық рухпен, амбициямен, белсенділікпен, үнемділікпен сипатталатын ұрпақ.
  • «Х ұрпағы» (1962-1981) жоғары тәуелсіздік пен индивидуализмді, бастан өткерген күрт өзгерістерге байланысты билікке сенімсіздікті және соның салдарынан саясатсыздық пен күмәндануды көрсетеді.
  • «Ү ұрпағы» (1982-1995) («мыңжылдықтар») еркіндікті жоғары бағалайды, жаңа тәжірибеге және өзін-өзі дамытуға құмар, кейінірек жетіледі, ата-анасымен ұзақ өмір сүреді, жеке меншікті маңызды құндылық деп санамайды.
  • «Z ұрпағы» (1995-2010) («цифрлық жергілікті тұрғындар») көптеген құрылғыларға қосылған, достар жариялаған ақпаратқа, сондай-ақ блогерлер мен пікір көшбасшыларының ұсыныстарына сенеді. «Ауыз сөз» («ауыздан ауыз») ұғымы ұрпақ өкілдерінің коммуникация үлгісінің тікелей бөлігіне айналды. Ойшылдығымен, көп тапсырманы орындау қабілетімен, турашылдығымен, үнемділігімен, оқшаулығымен сипатталады.
  • Одан кейінгі ұрпақ «Альфа ұрпағы» (2010-2025) [1].

Әр ұрпақтың балалары бір-бірінен ерекшеленеді. Ата-аналар көбінесе «бұрынғы заманымыз  жақсы болған» деп ойлайды.  Бұрынғы заман мен қазіргі кездегі балаларды салыстырсақ, олардың мінездері, тәрбиесі, басқа да қылықтары бәрі мүлдем басқа, тіпті, «жер мен көктей» деп айтуға да болады. Мүмкін, бұрынғы кездері сәби балалар балабақшада емес, ауылда ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп өскеннен бе.

Біріншіден заманауи балалардың қарқыны басқаша.Заманауи мектеп жасына дейінгі бала  ата-анасының балалық шағында бірнеше айда алған әсерлері мен оқиғаларын, бір апта ішінде бастан кешіре алады.Екіншіден олар қазіргі уақытпен өмір сүреді, оларға күту әлдеқайда қиын. Олар бір орында тыныш отыра алмайды, мысалға бұрынғы заманғы балаларға ұқсап жауған қар мен өтіп бара жатқан көліктерге сағат бойы терезеден қарап, тыныш отыра алмайды. Олар әлдеқайда төзімсіз болып келеді.

Қазіргі өмір жоғары қарқынмен және белгісіздік деңгейімен сипатталатындықтан, жастар оны ұзақ жылдар бойы жоспарламауға тырысады.Жағдайдың тез өзгеріп жатқаны сонша, бейімделгіштік, икемділік, жаңа нәрсені үйренуге деген ұмтылыс қазіргі жас адамның маңызды қасиеттеріне айналып барады. Бұрын адамдар ұзақ мерзімді мансапты, тұрақты бір жұмысты құруды ойлайтын, тіпті кейде бұл бүкіл өмірді алса да. Осыған байланысты, ата-аналар өздерінің 20 жастағы балаларын тұрақсыздық, өмірге жеңіл қарайтынын, болашақ туралы ойлауға және өз өмірін нақты жоспарларға сәйкес құруға дайын емес деп айыптайды. Осы кезде ұрпақтар арасында даулы жағдайлар туындауы мүмкін. Қазіргі жастар, менің ойымша, ата-анасынан гөрі өзін және өмірдегі орнын ұзақ іздейді, өздеріне ешқандай ауыр міндеттеме жүктемейді, өмірлік жоспарларын, жұмысын, тіпті қарым-қатынастарын жиі өзгертеді. [2].

Жастар отбасын ерте құруға бейім емес, себебі ата-анасының жастық шағында, көп жағдайда 18-20 жас аралығындағылар некеге тұрды. Қазіргі жастар ең алдымен білім алуға, мансап құруға немесе өз ісін құруға бағытталған. Соған орай мысалға қыздар қауымын алатын болсақ, бұрынғы кезімізде қыздар өміріміздегі орнымыз осы отбасылы болу деп ертеден күйеуге шығып, отбасылы, бала-шағалы болып отырса, қазіргі кезде қыздар тұрмыс құруға мүлдем асықпайды. Олар үшін ең алдымен  өз жағдайларын толықтай жасап алып сосын барып тұрмысқа шығуды көздейді. Өкінішке орай, отбасының құндылығы төмендейді - ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастарында келіспеушіліктер туындаған жағдайда ерлі-зайыптылар салыстырмалы түрде ешқандай ауыртпалықсыз ажыраса салады.

Біздің барлығымыз ақпаратқа оңай қол жеткізе алатын осы интернет ғасырында; бізде әлі де жас ұрпақтың түсінігі жетіспейді. Ал мұны ұрпақ арасындағы алшақтық дейміз. Бұны  ата-ана мен үлкендер мен жас ұрпақ арасындағы психологиялық алшақтықтық десекте болады.

Кез келген екі ұрпақ арасында әрқашан өмір, сәттілік, махаббат және т.б. туралы көріністердің бөлінуі болды, бірақ та осы технологияның арқасында мұның барлығы тұтандырылды. Қарапайым сөзбен айтқанда, ұрпақ алшақтығын 3 сөзбен түсіндіруге болады: «Сіз мені түсінбейсіз». Бұл сөйлемді бәріміз қолдандық деп ойлаймын, біз бәріміз ата-аналарымызға айттық, тіпті олар ата-аналарына да айтты. «Сіз мені түсінбейсіз, сіздің заманыңыз басқа, менің заманым басқа» деген сөздерді жиі естиміз деп ойлаймын.

Ол заманда ата-ана баласының білім алуы мен тұрмысқа шығуын ғана ойлайтын. Шын мәнінде, олар үшін маңызды олардың баласы болды. Бірақ қазіргі уақытта ата-аналардың кестесі әлдеқайда қатал. Олардың бітпейтін шексіз жұмыс уақыты, үлкен әлеуметтік ортасы бар, тіпті жасөспірімдер сияқты смартфондар мен интернетке құмар.

Ал балалардың кейбірі  күйзеліс пен мазасыздықты бастан кешіреді, өйткені оларда көп нәрсе істеу керек. Олардың жұмыс кестесінің тығыздығы сонша, олар не болып жатқанын ойлауға әрең уақыт табады. Ата-аналар өздерімен қоса балаларының түрлі-түрлі үйірмелерге беріп, уақытын тығыз қылып тастақан. Олар мектептен үйге келеді және басқа жоспарланған іс-шаралар мен жаттығуларға кешігіп келеді. Олар өздерінің жеке басын жақсартатын сияқты, бірақ ата-аналар тым көп жоспарланған әрекеттер баланың санасында стресс тудыратынын түсінбейді, өйткені олар барлық деңгейде жақсы жұмыс істеуі керек және қысым күшейе береді. Жалпы осы ұрпақтар арасындағы алшақтаудың себептерін қарастырсақ:

  • Технология. Технология осы ұрпақ алшақтығының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Шынын айту керек, біздің ноутбуктар, смартфондар, планшеттер, интернет және барлық әлеуметтік желі қолданбалары бізді бір-бірімізден одан әрі алшақтады. Телефоннан көзімізді алмаймыз, тіпті олсыз өмір жоқ сияқты. Біз физикалық емес, сандық әлемде өмір сүре бастадық, енді әлеуметтік желілерде ақпарат алмасу отбасымызбен ойлар мен сезімдермен бөлісуден маңыздырақ. Тамақтану кезінде көңіл көтерудің орнына, біз смартфондар арқылы әлеуметтік желілерге арналған эстетикалық тағам суреттерін басамыз немесе чаттар мен электрондық хаттарға жауап береміз.
  • Тәрбие.Тағы бір себебі тәрбиенің айырмашылығы, психикалық құрылымы бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Психологиялық және мінез-құлық үлгілері адамның өзін тапқан жағдайларына байланысты қалыптасады. Сонымен, әртүрлі ұрпақ адамдары бір-бірімен байланысқанда, оларда көбінесе идеялар мен пікірлерде, қарым-қатынаста айырмашылықтар, қақтығыстар және т.б. болады. Қанша айтқанмен де бұрынғы заманның тәрбиесі басқа, қазіргі кездің тәрбиесі басқа. Бұрынғы кезде балаларда депрессия, балалық психологиялық жарақат яғни орысша айтқанда «детские травмы» дегендер болған жоқ. Бар болған жағдайда да, олар не екенін білмейтін де еді. Ата-аналары жай қас-қабағын танытқаннан, өздері түсініп ешқандай ұрыссыз жұмыстарын тындырып отыра беретін. Ал қазіргі кез мүлдем басқаша. Балаларға бұл әдіс өтпейді.
  • Уақыт. Ата-аналардың көпшілігі балаларын қатты жақсы көрсе де, сөйлесуге және тыңдауға аз уақыт бөледі. Бұл олардың жұмыс кестесінің тығыздығы, ауыр жұмыс жүктемесі және жұмыс орнындағы күйзеліске байланысты. Олар жұмыс пен отбасының тепе-теңдігін табу үшін қатты қысымға ұшырайды, ал балалар мектеп өмірін немесе басқа күнделікті оқиғаларды ата-аналарымен бөліспейді. Жұмыс-жұмыс деп жүріп, балаларына көңіл бөлуді ұмытып кетеді. Ата-аналар күнкөріс үшін үлкен құрбандықтар жасайды. Әрине осының бәрін баласы үшін жасайды.  Бірақ бұл керісінше, олардың балаларының қараусыз қалуына себеп болады. Ата-аналар балаларының не ойлайтынын білмеуі мүмкін, бұл олардың арасындағы қарым-қатынас алшақтығына әкеледі.
  • Қызығушылық. Ата-аналар балаларының хоббиі мен қызығушылықтарына мән берудің орнына, олардың мектептегі үлгеріміне көп алаңдайды.Олар баларының қазіргі заманғы қызығушылықтарын түсінгісі келмиді. Өздерінің бұрынғы заманғы принциптарымен жүре бергісі келеді. Осылайша, балалар осы немесе басқа әрекетті және олар оқитын кітаптарды таңдауда толық еркіндікке ие болмауы мүмкін. [3].

Жалпы осы мақалаға байланысты сауалнама жүргізген болатынмын, бар жоғы 12 сұрақтан тұрады. Сауалнама бойынша қорытындылайтын болсақ, қазіргі заманауи балалардың қарқыны, мінезі, ойлау қабілеті бұрынғыға қарағанда басқаша екеніне, екі заманның арасындағы түсінбеушіліктің болып тұратына, әр ұрпақтың балалары бір-бірінен ерекшеленілетініне, бәрібір осы заманның жақсы екендігіне, ұрпақтар арасындағы алшақтықтың бар екендігіне, ұрпақтардың алшақтауына технологияның  әсерлігінің болуына, қазіргі тәрбие мен бұрынғы тәрбиенің айырмашылығы, өзгешелігі бар екендігіне, үлкендердің жұмыс барысымен балаларға уақыт бөлмеуіне, қазіргі кездің қызығушылығы басқа, бұрынғы кездің қызығушылығы басқа екендігіне көбісі келісті. Яғни бұл бәріміздің көкейіміздегі өзекті мәселелердің бірі.

Қорытындылай келе жалпы заманына қарай адамдар өзгереді. Сондықтан бұрынғы өтіп кеткен заман мен қазіргі заманды салыстырып отыра бергеннің мәні жоқ деп ойлаймын. Әр заманда әр түрлі өзгерістер, ашулар, қызығушылықтар пайда болады. Соған қарай  адамдар бейімделіп жалпы өзгеріске ұшырайды. Қазіргі кездегі балалар «теледидарды кітаптар мен газеттерді  пайдаланған ата-аналарына қарағанда цифрлық тәуелділікке ие. Олар шыдамсыз және негізінен қысқа мерзімді мақсаттарға бағытталған. Қазіргі кездегі олардың қызығушылықтары, ойлау саналары, мінездері бұрынғы кезден әлдеқайда өзгешеленіледі және басқаша. Балардың, жастардың әр түрлі қызығушылығы, жалпы өмірге деген мақсаты, ойы, маңыздылығы бұрынғыдай емес екенін түсініп, үлкендердің сол замандардың арасындағы айырмашылықтарға көніп, қабылдай алуы мағызды бір рөл атқарады деп ойлаймын.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. https://trends.rbc.ru
  2. https://mir24.tv
  3. https://ezyschooling.com

Оставить комментарий