Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 18(272)
Рубрика журнала: Педагогика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10
ШЕТ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
АҢДАТПА
Берілген мақалада қашықтықтан оқыту барысында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ағылшын тілі сабағында оқу құралы ретінде қолдану, оқыту процесін жетілдіріп, сапасын арттырады және тиімді болатыны көрсетілуімен қатар, қашықтықтан оқытуға қойылатын талаптарға тоқталу; қашықтықтан оқытуда компьютерлік технологияларға тоқталып, оларға сипаттама беру; компьютерлік технологиялар негізінде шетел тілін қашықтықтан оқытудың қалыптасуының негізі ретінде қарастыру туралы мәселесі қозғалады.
ABSTRACT
In addition to showing that the use of information and communication technology as a teaching medium in English language lessons through distance learning improves the learning process, improves its quality and is effective, it also focuses on the requirements for distance learning; emphasis on computer technologies in distance learning and their description. Based on computer technology, the question of considering a foreign language as the basis for the formation of distance education is raised.
Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, интерактивті әдістер, тәжірибе, ақпараттық технология, коммуникативтік әдіс.
Keywords: distance learning, interactive methods, experience, information technology, communicative method.
Қазіргі таңда білім саласы саяси, экономикалық, мәдени, білім беру, технологиялық, ақпараттық және басқа да салаларда болып жатқан жаһандық эволюциялық үдерістерден тыс қала алмайды. Өйткені, бүкіл әлем өзара тығыз байланысты және адамның өмір сүру қызметін қамтамасыз ететін жаһандық салаларда түбегейлі өзгерістер орын алғандығы дәлелдеуді қажетсінбейді. Мультимедиалық өнімдермен жұмыс істеу тәжірибесі шетел тілін оқыту барысында бейне және аудио материалдарды қолдану, сол оқытылып жатқан тілдің табиғи жаратылысына жақынырақ келетін жағдаят туғызу арқылы студенттерге эмоционалдық әсер ету, сол арқылы оқытылатын тақырыпқа ынтасы мен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Интерактивті видео тілдік және сөйлеу материалын шынайы жағдаятта сипаттау үшін қолданылады, лингвоелтану нақтылықтарын көрсету, жаңа ақпарат беру және алынған білімді бекіту. Оқушылар барлық берілген тапсырмаларды қызыға, ынтамен орындайды. Алынған білім сапалы болады әрі, оқушының қобалжуы, қысылуы азайып, көп шаршамайды, сондықтан, жүйке жүйесіне түсетін жүктеме де азаяды.
Жұмыстың өзектілігі: қашықтықтан оқыту барысында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ағылшын тілі сабағында оқу құралы ретінде қолдану, оқыту процесін жетілдіреді, сапасын арттырады және тиімді. Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. [1, 45.б]
Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.
Қашықтан оқыту — ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен ілім алу. Мұғалімдердің алдын — ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек. [2, 29.б] Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.
Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің біліктілігін көтерудегі артықшылықтары: экономикалық, оқытуға кететін жалпы шығыны 40% кемиді; коммерциалық, қашықтан оқыту, технологиясы және оны қолдану болып табылады, оған деген сұраныс күннен-күнге өсуде; педагогикалық, оқыту мотивациялық, интерактивті, технологиялы және индивидуалды болып келеді; қашықтан тыңдаушылар және мұғалімдер айналысуға өзіне ыңғайлы уақыттың кестесін қоюға мүмкіндігі бар; коммуникативті, электронды желілері арқылы байланысатын педагогтардың, тыңдаушылардың мамандықтар саны көбеюде.
Инновациялық оқыту интерактивті оқыту жүйесін іске асыруды, оқытудың жаңа құралдары мен ақпараттық технологияларды пайдалануды көздейді. Бүгінгі таңда кəсіби оқыту педагогтарын даярлау қашықтықтан оқыту түрі арқылы да іске асырылады [3, 11.б].
Интерактивтілік қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Интерактивті оқытуға тəн мынадай белгілерді бөліп көрсетуге болады:
1. студенттер өздеріне қолайлы уақытта, қолайлы жерде жəне қолайлы қарқынмен жұмыс істей алады, əркім пəнді меңгеру үшін жəне таңдап алған пəндер бойынша қажетті білімді алу үшін қанша оқығысы келсе, сонша оқи алады;
2. интерактивтілік оқытудың негізін модульдік принцип құрайды, студенттер меңгерген əрбір жеке пəн (оқу курсы) мазмұны бойынша белгілі бір пəндік аймаққа сəйкес келеді, бұл дербес немесе топ қажеттіліктеріне жауап беретін тəуелсіз оқу курстарынан оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді;
3. оқыту негізгі кəсіби іс-əрекет пен оқытудың өзара бірлігінде жүргізіледі, яғни өндірістен қол үзбей оқуға мүмкіндік береді;
4. студенттердің білім беру мекемесінен қашықтығы (байланыстың сапалы жұмысы жағдайында) білім беру процесінің тиімділігіне кедергі болмайды;
5. оқыту процесінде оқытушы мен студент өздеріне қолайлы кесте бойынша жұмыс істейді;
6. оқытушының жаңа ролі мен қызметі айқын көрінеді;
7. студенттерге қойылатын талаптар дəстүрлі оқыту жүйесінен мүлдем басқаша болады;
8. интерактивтілік оқыту барысында жаңа ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіндіктері пайдаланылады.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім берудің кеңістігіне енуге бағыт алды [4, 12.б]. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда: білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық жəне нарық жағдайларындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен күшейе түсуде; ақпараттың дəстүрлі əдістері, ауызша жəне жазбаша, телефон жəне радиобайланыс қазіргі заманның компьютерлік құралдарына ығысып орын берді; қоғамдық білім мен жаңа педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына жəне ғылымның рөліне мəн берілуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой- тұжырымдары былай сипатталады: бұрынғы алған білімдерін пайдалана отырып, есте сақтаудың негізінде ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; білімнің статикалық үлгісінен ақыл-ой əрекетінің құрылым жүйесіне көшу. Қазір республикада оқу орындарының педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан əр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқыту процесінің ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Әдебиеттер тізімі:
- Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2004.
- Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007
- Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
- Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. Алматы, 2005.
Оставить комментарий