Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 23(277)

Рубрика журнала: Экономика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5

Библиографическое описание:
Ғазизбатыл Ф.Ә. КОМПАНИЯНЫҢ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2024. № 23(277). URL: https://sibac.info/journal/student/277/337858 (дата обращения: 12.12.2024).

КОМПАНИЯНЫҢ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ

Ғазизбатыл Фариза Әлмұханқызы

1 курс магистранты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университеті,

ҚР, Астана қаласы

Шаукерова Зина Макышевна

научный руководитель,

ғылыми жетекші, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а., С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университеті,

ҚР, Астана қаласы

INVESTMENT ATTRACTIVENESS AS A FACTOR IN THE DEVELOPMENT OF THE COMPANY

 

Fariza Gazizbatyl

1st year master's student, Kazakh Agrotechnical research University named after S. Seifullin,

RK, Astana

Zina Shaukerova

scientific supervisor, candidate of Economic Sciences, acting associate professor, Kazakh Agrotechnical research University named after S. Seifullin,

RK, Astana

 

АҢДАТПА

Бұл мақалада кәсіпорынның тиімді қызметі үшін  инвестициялық тартымдылық мәселесі қарастырылған. Инвестициялық тартымдылық – бұл өндірістік, инновациялық, нарықтық, маркетингтік және басқа да қызметті қамтитын шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ұйымның инвестициялық тартымдылығын үнемі бақылау және түзету қажетті көлемде инвестциияларды тартуға әкеледі және кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттырады.

ABSTRACT

This article discusses the issue of investment attractiveness for the effective activities of the enterprise. Investment attractiveness is an integral part of the entrepreneurial activity of economic entities, which includes production, innovation, market, marketing and other activities. Constant monitoring and adjustment of the investment attractiveness of the organization leads to the attraction of investments in the required amount and increases the profitability of the enterprise's activities.

 

Кілтті сөздер: инвестициялар, инвестициялық тартымдылық, тәуекелдерді азайту, тұрақтылық, пайда, капитал, инвесторлар.

Keywords: investments, investment attractiveness, risk reduction, stability, profit, capital, investors.

 

Әр кәсіпорынның қызметінде инвестициялық тартымдылық маңызды  рөл атқарады. Дәл осы көрсеткішке әлеуетті инвесторлар ерекше назар аударады. Инвестициялық тартымдылық туралы ақпарат көзі болып  3 жылдан 5 жылға дейінгі қаржылық қызметтің көрсеткіштері табылады.

Инвестицияларды тарту кәсіпорынға бәсекелестікте артықшылықтар береді, сонымен қатар кәсіпорынның тиімділігін арттырады.

Инвестициялар экономикалық дамудың негізгі факторы болып табылады. Активтердің әр түрін инвестициялай отырып, кәсіпорындар негізгі капиталдың құрылымын ұлғайтады және өзгертеді, өндірілетін өнімді әртараптандырады, оның сапасын арттырады, ең өршіл жобалар мен бағдарламаларды  әзірлейді және жүзеге асырады.

Ендовицкий Д.А. ішкі факторлар шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне байланысты деп есептейді. Оларға мыналар жатады:

  • кәсіпорынды басқару жүйесі;
  • өнім ассортименті;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
  • өндіріс технологиясында инновациялық шешімдерді қолдану дәрежесі;
  • кәсіпорынның жариялылық дәрежесі, есеп берудегі ақпаратты ашудың толықтығы мен сенімділігі;
  • ұйымның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі және т.б. [1].

Сыртқы факторлар шаруашылық жүргізуші субъектіге тәуелді емес. Оларға мыналар жатады:

  • саяси және ішкі экономикалық орта;
  • саланың экономикалық ерекшеліктері;
  • аймақтың экономикалық әлеуеті;
  • заңнамалық нормалар жүйесі және т.б. [2].

Сыртқы факторлар кәсіпорынның қызметіне байланысты емес және кәсіпорын оларға ешқандай әсер ете алмайды. Бірақ оларды талдаудан толығымен алып тастауға болмайды, өйткені микроэкономикалық жүйенің инвестициялық тартымдылығы макродеңгеймен бірге қалыптасады, сондықтан ол саланың, аймақтың және жалпы ұлттық экономиканың инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай тәуелді.

Инвестициялардың көлемі мен бағыттары тек экономикалық өсу міндеттерімен ғана емес, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық компоненттердің тепе-теңдігін көздейтін қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етумен де анықталады. Инвестициялық қызметтің басымдықтары қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, экономикадағы өсу нүктелерінің жедел дамуын ынталандыруға, инвестициялық процесті жандандыру үшін институционалдық жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік экономикалық саясатпен айқындалады.

Инвестициялық тартымдылық факторлардың екі тобының бір мезгілде әсер етуімен анықталады, олардың бірі инвестициялық әлеуетті, екіншісі инвестициялық тәуекелдерді қалыптастырады. Инвестициялық белсенділік инвестициялық тартымдылықтың функциясы болып табылады. Демек, инвестициялық тартымдылық факторлық, ал инвестициялық белсенділік нәтижелі сипатқа ие [3].

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылық деңгейі белгілі бір кәсіпорынға, инвестициялау мүмкіндігін қарастыру кезінде оң және теріс бағаларды анықтайтын факторларға байланысты [4].

Инвестициялық тартымдылыққа әсер ететін факторлардың екі санатқа бөлуге болатынын атап өткен жөн:

  1. «қатаң», қатал факторлар – оларды мемлекеттік органдар да, шаруашылық жүргізуші субъектілер де өзгерте алмайды немесе өзгертуге болады және бұл үлкен материалдық және уақыттық шығындар кезінде мүмкін бола алады;
  2. «жұмсақ» факторлар – өзгерістерге ұшырайды, өз кезегінде олар баяу өзгеретін және тез өзгеретін болып бөлінеді.

«Қатты» факторларға инфрақұрылым (көлік, энергетика, телекоммуникация, ғылыми – техникалық), өнеркәсіптік даму, тұтыну нарығын дамыту, мемлекеттік қолдау және реттеу жатады. «Жұмсақ», баяу өзгеретін факторларға өңірлік деңгейдегі мемлекеттік инвестициялық саясат, қажетті бағыттағы мамандарды даярлау мүмкіндігі, кәсіпкерлік және инновациялық қызметті дамытудың қазіргі деңгейі, әлеуметтік- экономикалық даму деңгейі, сыбайлас жемқорлық пен қылмыс деңгейі жатады.

 

Сурет 1. Компанияның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын негізгі факторалар

 

Кесте 1

Компанияның инвестициялық тартымдылsқ деңгейіне әсер ететін инвестициялық компоненттер:

Оң компонент

Теріс компонент

  • білікті жұмыс күші;
  • жаңа заңнамалық актілердің тұрақты қабылдануымен сүйемелденетін құқықтық тұрақсыздық;
  • соңғы бірнеше жыл ішінде кәсіпорынның тұрақты экономикалық өсуі;
  • инфляцияның жоғары деңгейі, ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы;
  • экономиканың әртараптандырылған өнеркәсіатік-өндірістік құрылымы.
  • нарықтық инфрақұрылымды дамытудың төмен деңгейі;
  • ақпараттық қамтамасыз етудің әлсіздігі;
  • елдің бюрократиясы, сыбайлыс жемкорлық, қылмыстың жоғары деңгейі.

 

Қорытындылай келе, инвестициялық тартымдылық белгілі бір компаниядағы бизнеске өз қаражатын салу туралы шешім қабылдаған кезде, әлеуетті инвестор бағалайтын маңызды кешенді көрсеткіш болып табылады. Инвестициялық тартымдылық деңгейін арттыра отырып, қол жеткізілген мәнді бекіте отырып, инвестициялық қызметті дамытуға, жаңа, отандық және шетелдік инвесторларды тартуға, бұрыннан бар кәсіпкерлерді экономикалық қызметті дамытуға инвестициялауға ынталандыруға мүмкіндік бар [5].

Инвестициялық тартымдылыққа екі негізгі элементтің инвестициялық тәуекел мен инвестициялық әлеуеттің әсерін ескере отырып, инвестициялық тартымдылық деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық тәуекел деңгейін төмендетуге және инвестициялық әлеуеттің өсуіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Анализ инвестиционной привлекательности организации [Текст]: Учеб. пособие / Под ред. Д.А. Ендовицкий. – М.: Кнорус, 2010. – 376 с.
  2. Юхтанова Ю.А., Братенкова А.В. Сущность инвестиционной привлекательности предприятия и факторы, влияющие на нее [Текст] // Молодой ученый, 2015, №10.
  3. С.М. Вдовин Инвестиционная привлекательность как фактор устойчивого развития региона. / статья – 2014 г. 8 с.
  4. Пяткова Н.П. Условия формирования региональной политики // Ученые записки Крымского федерального университета имени В.И. Вернадского. Экономика и управление. 2019. Т. 5 (71). №4. С. 129-135.
  5. Вельгош Н.З., Сиваш О.С., Змияк С.С. Инвестиционная привлекательность как фактор динамичного развития региона // Ученые записики КФУ имени В.И. Вернадского. Экономика и управление. 2021. Т. 7 (73). №4. С.с 3-12.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.