Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 38(292)

Рубрика журнала: Педагогика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7

Библиографическое описание:
Каржасова А.Р. ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОРТА БУЫН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПРОДУКТИВТІ ДАҒДЫЛАРЫН ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2024. № 38(292). URL: https://sibac.info/journal/student/292/349067 (дата обращения: 25.12.2024).

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОРТА БУЫН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПРОДУКТИВТІ ДАҒДЫЛАРЫН ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Каржасова Акерке Рахмановна

студенті, академик Е.Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды ғылыми-зерттеу университетінің шет тілдер факультеті,

ҚР, Қарағанды қаласы

Есказинова Жанар Амантаевна

научный руководитель,

ғылыми жетекшісі, PhD докторы, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

ҚР, Қарағанды қаласы

THE DEVELOPMENT OF MIDDLE SCHOOL STUDENTS’ PRODUCTIVE SKILLS THROUGH DIGITAL TOOLS IN FOREIGN LANGUAGE TEACHING

 

Akerke Karzhasova

student, Faculty of Foreign Languages, Karagandy resarch university named after E. A. Buketov,

RK, Karaganda

Zhanar Eskazinova

scientific supervisor, PhD, Associate Professor of the Department of the theory and practice of foreign language training, Karagandy resarch university named after E. A. Buketov,

RK, Karaganda

 

АҢДАТПА

Бұл мақалада шетел тілін оқыту барысында орта буын оқушыларының продуктивті дағдыларын арттыру туралы жазылған. Оның ішінде қазіргі заман талабына сай цифрлық құралдарды қолдана отырып, сабаққа деген құлшыныстарын арттыру әдістері баяндалған. Сонымен қатар, мақалада интерактивті платформалар, мультимедиялық ресурстар, ойындар мен симулияциялар сияқты әдіс-тәсілдер, олардың шетел тілдерін үйрену барысында қолдану мысалдары көрсетілген.

ABSTRACT

This article discusses ways to enhance the productive skills of middle school students in foreign language learning. It outlines methods to increase students' motivation for lessons by using digital tools in line with modern requirements. The article also presents methods and techniques such as interactive platforms, multimedia resources, games, and simulations, along with examples of their application in foreign language learning.

 

Кілт сөздер: продуктивті дағдылар, сөйлеу, жазу, цифрлық құралдар, оқушылар, платформа, технология.

Keywords: productive skills, speaking, writing, digital tools, students, platform, technology.

 

Кіріспе

Шетел тілін оқытуда орта буын оқушыларының продуктивті дағдыларын цифрлық құралдар арқылы дамыту. Қазіргі таңда шетел тілдерін үйрену жас буын үшін маңызды салалардың біріне айналып отыр. Әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру үшін үштілділікті қолға алу керек. Әсіресе, жаһандық тіл – ағылшын тілін меңгеру өзекті мәселердің бірі. Сондықтан, еліміздің ертеңі, болашағы жастар үшін ағылшын тілін жетік меңгеру ең дұрыс шешім болмақ. Осы орайда, орта буын оқушыларының тілдік дағдыларын, яғни сөйлеу мен жазу, тыңдау мен оқу қабілеттерін дамытуға ерекше назар аудару қажет.

Бүгінгі дамыған заманда цифрлық құралдар білім беру жүйесінің маңызды аспектілерінің бірі болып табылды. Оның ішінде интернет ресурстары, мобильді қосымшалар, онлайн платформалар, мультимедиялық контент – сабақты түсіндіру процесінде оқушылардың зейінін ашуға көмектесетін қызықты, пайдалы, тиімді әдістер. Бұл технологиялар оқушыларға интерактивті оқу тәжірибесін ұсынып, тіл үйренуді еш қиындықсыз, көңілді үйренуге мүмкіндік береді. Әсіресе, орта мектептердегі 5-9 сынып оқушыларына білім берудегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, орта буын оқушыларының ойлау қабілеті абстрактілік, теориялық деңгейге көтеріле бастайды [5]. Бұл дегеніміз оларға жай ғана дәстүрлі түрде сабақ өткен тиімді емес. Олар білім берушілерден жаңа нәрсені күтеді және оқушылар үшін бұл бір жаңащылдық. Сондай-ақ, цифрлық технологиялар орта буын оқушыларының өзіндік шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлауын, коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Бұл мақаланың негізгі мақсаты – шетел тілін оқытуда орта буын оқушыларының продуктивті дағдыларын цифрлық құралдар арқылы дамытуға бағытталған әдіс- тәсілдерді пайдаланып, оны  практикалық түрде дәлелдеу болып табылады.

Негізгі бөлім

Орта буын оқушылары деген кімдер? Орта буын оқушылары – бұл 5-9 сынып оқушылары, яғни 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл кезеңде оқушыларда физикалық, психологилық дамуда түрлі, маңызды өзгерістер орын алады. Бұл буындағы білім алушылардың білім беру жүйесіндегі орыны ерекше, әрі қиындығы мен қызығы бірге жүретін кезең. Өйткені олар бастауыш сыныптағы базалық білімді меңгерген, балалығы басылған, болашақтағы арман- мақсаттарын айқындауға бағыттау жолындағы  жандар. Бұл жастағы оқушылардың өзіндік ойы, таңдауы, пікірі, қызығушылығы қалыптасқан. Олардың өз-өздеріне деген сенімділігі артқан, «мен» деген концепция, ұғым қалыптасқан. Сонымен бірге, олар әлеуметтік байланыстарды нығайтып, сыни тұрғыдан ойлауды дамытады.

Бүгінгі таңда цифрлық құралдар білім беру жүйесіне терең интеграцияланған. Шетел тілін оқытуда цифрлық технологиялар оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Әсіресе шетел тілдерін соның ішінде ағылшын тілін меңгеру кезеңін жеңілдетіп, оқушылардың тілдік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді[1].

Цифрлық технологиялар оқу материалдарын әртүрлі форматта, текст, аудиоматериалдар, бейнематериалдар түрінде меңгеруге мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде орта буын оқушылары ағылшын тілін оқытуда продуктивті дағдыларды, яғни сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Продуктивті дағдылар – бұл адамға ақпаратты тиімді түрде өндіру, шығару және жеткізу мүмкіндігін беретін қабілет. Шетел тілін меңгеруде оқушылардың оз ойын ауызша және жазбаша жеткізу қабілеттерін дамытатын маңызды дағдылар жиынтығы[2, 45-50б.]. Яғни, бұл оқушылардың өз ойларын, пікірлерін және сезімдерін шетел тілінде жеткізу қабілеті.

1)Сөйлеу дағдылары: оқушылардың сөздер мен сөйлемдерді пайдалана отырып,  өз ойын, пікірін, эмоцияларын еркін жеткізе алу қабілеті. Бұл продуктивті дағдыға диалог, монолог, пікірталас, жоба қорғау барысында өз пікірлерін ауызша жеткізуге мүмкіндік береді.

2)Жазу дағдылары: ақпартты жазбаша түрде жеткізу қабілеті. Яғни, ауызша айтатын дүниелерді жазбаша түрде тұжырымдау. Жазу дағдылары эссе, шығарма, баяндама, ресми құжаттар, жалпы айтқанда жазуды қажет ететін жерлердің бәрінде маңызды рөл атқарады.

Продуктивті дағдылар оқушылардың жалпы білім алуда, соның ішінде ағылшын тілін меңгеруде табысты болуына ықпал етеді. Тек қана білім алуда ғана емес, күнделікті өмірде де қарым-қатынас жасау, өз пікірін жеткізуде маңызды болып табылады.

Цифрлық білім беру ресурстары оқыту процессінде маңызды рөл атқарады. Олар оқушыларға интерактивті және қызықты оқу тәжірибесін ұсынады, бұл оқушылардың мотивациясын арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Біздің ойымызша онлайн-платформалар әрбір жерде қолданылуы қажет, яғни қолжетімді құрылғылар болуы керек [6, 67-74б.].

Цифрлық технологияларды қолданудың бірнеше артықшылықтары бар:

  • Қолжетімділік пен икемділік : Оқушылар кез келген уақытта және жерде ресурстарға қол жеткізе алады.
  • Интерактивтілік : Оқу процессі қызықты әрі динамикалық түрде өтеді, бұл оқушылардың назарын аударуға, сабақта белсенділік танытуға мүмкіндік береді.
  • Жеке оқу траекториясы : Оқушылар өздерінің деңгейлеріне, мүмкіндіктеріне сәйкес материалдарды таңдай алады, бұл олардың жеке қажеттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.
  • Кері байланыс пен прогресті бақылау: Көптеген қосымшалар мен платформалар оқушыларға нәтижелерін бақылауға мүмкіндік беріп, қай жерде қателік жібергенін көрсетеді.

Интерактивті материалдар немесе платформалар: Оқушылардың біліктіліктерін арттыруға арналған  онлайн платформалар, мысалы, Quizlet, Kahoot!, Nearpod сияқты платформалар білім беру үдерісіндегі тиімді құралдар болып табылады. Біз өзіміз сабақта жиі пайдаланытын, оқушыларға әрқашан өзекті, қызықты, танымал болып қалатын платформалардың бірі- Kahoot!-қа тоқтала кетсек. Kahoot! – бұл викториналар мен сауалнамалар жүргізуге арналған тиімді қосымша, бұл арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін тексеріп көруге болады. Бұл платформада сұрақтарды тек мәтін түрінде ғана емес, сурет түрінде де енгізуге болады. Бұл қосымшаның оқушыларды қызықтыруының бірден бір себебі – бәйге түрінде өтеді. Яғни, дұрыс жауап берген оқушы жоғарғы орынға шығып, көбірек ұпай жинап отырады. Соңында үш жеңімпаз анықталады. Бұл арқылы оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра аламыз. Мысалы: «USA» тақырыбын алатын болсақ, оқушыларға осы елдің мәдениеті, өркениеті бойынша сұрақтар қойсақ болады. Оларды интерактивті форматта талқылау арқылы білім алушылардың сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға көмек бере аламыз.

Ойын түріндегі тапсырмалар: цифрлық ойындар, мысалы, Dualingo, Babbel, Mango Languages оқушыларға шетел тілін ойын түрінде, интерактивті түрде меңгеруге мүмкіндік береді.  Осылардың ішінде орта буын оқушыларына қолжетімді, әрі өз беттерінше қолдануға мүмкіндік беретін Dualingo қосымшасын айта кетсек. Ол әртүрлі жастағы, әртүрлі деңгейдегі тіл үйренушілерге арналған. Бұл арқылы әр оқушы жеке, қалаған кезінде, өзіне қызықты дағды түрін таңдаса болады. Тіл үйренушінің грамматикалық, фонетикалық, лексикалық аспектілерін жақсартуға бағытталған жаттығулар ұсынылады[3, 14-23б.], [4, 31-38б.]. Мысалы, «Food» тақырыбын алатын болсақ, оқушыларға витуалды тамақтарды таңдау тапсырмасын ұсынсақ болады. Бұл ойын арқылы оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын дамытуға болады.

Виртуалды сабақтар : Платформаларға негізделген видеосабақтарды Zoom, Google Meet* сияқты қосымшалар арқылы өткізсек өте тиімді нұсқалардың бірі болмақ. Мысалы, бұл жерде оқушыларға рөлдік ойындар немесе диалог түріндегі тапсырмаларды ұсына аламыз. Олар бұл арқылы сынып ішіндегі қарым-қатынасты нығайта алады. Сонымен қатар, бұл арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын арттыра аламыз.

Жазбаша тапсырмалар : Қазіргі оқушылар интернет заманының балалары. Сондықта,  оқушыларға әлеуметтік желіде блог жүргізу немесе пост жазу сияқты тапсырмалар беріп, олардың жазу дағдыларын дамытуға болады. Бұл тапсырмалар цифрлық ортада жүзеге асырылғандықтан, оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Топтық жұмыстар: Ағылшын тілінде оқушылардың продуктивті дағдыларын дамытуда топтық жұмыстар, жобалар маңызды орын алады. Оқушыларға белгілі бір тақырып беру арқылы Google Slides*, Prezi, Canva деген сияқты цифрлық құралдар арқылы презентация дайындап, оны ауызша қорғатуға болады. Осы арқылы оқушылар креативті жақтарын жақсартып, сөйлеу дағдыларын арттыра алады.

Осы тақырыптың төңірегінде Е. А. Бөкетов атындағы  Қарағанды зерттеу университетінің, шетел тілдер факультетінің 4-курс студенттерінен «Орта буын оқушыларының тілдік дағдыларын цифрлық құралдар арқылы даму» атты сауалнама алынған болатын. Ол сауалнамаға талдау жасайтын болсақ, сауалнама жалпы 7 сұрақтан тұрды. Оның 5 жабық, 2 ашық түрдегі сұрақтар болды. Студенттер өз тәжірибелеріне сүйене отырып жауап берді. Жауаптарға сәйкес, мектепте орта буын оқушыларын оқыту қиындық туғызатынын, олардың сабақты мұқият тыңдамауы, тыныш отырмауы, қызығушылықтарының болмауы үлкен мәселе туғызатынын атап өтті. Сонымен қатар, олардың 98% қазіргі оқушыларға сабақты дәстүрлі түрде өткен қызықсыз екенін, оларға жаңаша форматта, цифрлық құралдарды қолдана отырып өткізген тиімді екенін атап өтті. Басым көпшілігі жоғарыда атап өткен Dualingo, Kahoot! сияқты қосымшалардың оқушылар үшін қызықты, әрі тиімді екенін сауалнамаға белгіледі.

Қорытынды

Шетел тілін үйренуде орта буын оқушыларының продуктивті дағдыларын дамытуда цифрлық құралдарды пайдалану өте тиімді. Бұл құралдар оқыту процесін заманауи әдістермен қамтамасыз етіп, оқушылардың тілдік дағдыларын жүйелі түрде жетілдіруге мүмкіндік береді. Цифрлық технологиялар қолданылғанда, оқушылар тіл үйрену процесінде белсенділік танытып, өздерінің сөйлеу және жазу дағдыларын еркін дамыта алады. Сонымен қатар, жаңашыл білім беру технологияларын пайдалану мұғалімдерге оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, оқу әдістерін әртараптандыруға, тілдік дағдыларын кешенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың тілге деген қызығушылығы артқан сайын, олар шетел тілін меңгеруде сенімділік пен жетістікке жетіп, білімдерін кеңейтуге ынталандырады. Қорыта айтқанда, цифрлық құралдарды пайдалану арқылы орта буын оқушыларының продуктивті дағдыларын дамыту олардың тек тілдік қабілетін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлау және өз бетімен білім алуға деген дағдыларын нығайтуға көмектеседі.

*(По требованию Роскомнадзора информируем, что иностранное лицо, владеющее информационными ресурсами Google является нарушителем законодательства Российской Федерации – прим. ред.)

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Әбілқайыр Р. Тіл үйретудегі цифрлық құралдардың тиімділігі. Алматы: Қазақ университеті баспасы. 2021ж.
  2. Байзақова Г. Цифрлық технологияларды білім беру процесінде қолдану. Білім және ғылым. 2020ж., №8(2), 45-50б.
  3. Жұмабекова С. & Мырзахметов Т. Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудағы заманауи тәсілдер. Шет тілі білім беру. 2019ж., №5(1), 14-23б.
  4. Рахымжанова Н. Орта буын оқушыларының шетел тілін үйрену ерекшеліктері. Қазіргі білім беру: тәжірибелер мен инновациялар. 2017ж., №12(4), 31-38б.
  5. Петровский А. В. Ярошевский М. Г. «Жас ерекшелік психологиясы», 1987ж.
  6. Zharkynbekova S. & Tursunova G. Digital tools in foreign language teaching. Journal of Language and Education, 2018у. №4(3), 67-74б.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 

Оставить комментарий