Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 38(292)
Рубрика журнала: Педагогика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДА ПЛАТФОРМАНЫ ҚОЛДАНУ
USING PLATFORMS TO DEVELOP COLLABORATION SKILLS IN ENGLISH LANGUAGE LESSONS
Aidana Karashina
student of the faculty of foreign languages, Karagandy research university named after E. A. Buketov,
RK, Karaganda city
Gulzhanat Karamanova
student of the faculty of foreign languages, Karagandy research university named after E. A. Buketov,
RK, Karaganda city
Kymbat Sagadiyeva
scientific supervisor, master of pedagogics, Senior teacher of the Department of the theory and practice of foreign language training, Karagandy research university named after E. A. Buketov,
RK, Karaganda city
Tazhibaeva Elmira Rakhymzhanovna
scientific supervisor, master of pedagogical sciences, senior lecturer of the department of theory and methodology of language teaching, Karagandy research university named after E. A. Buketov
RK, Karaganda city
АҢДАТПА
Мақала шет тілін оқытуда сараланған тәсілді қолданудың әдістемелік жолдарын қарастырады. Ол оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі оқыту әдістері мен құралдарын біріктіру қажеттілігін атап өтеді. Бұл тәсіл тілді меңгеру деңгейіне қарамастан сөйлеу құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді. Мақала шет тілін оқытуда заманауи әдістерді қолдануға мүдделі мұғалімдер үшін құнды ақпарат көзі болып табылады.
ABSTRACT
The article explores methodological approaches to implementing a differentiated method in foreign language teaching. It emphasizes the necessity of integrating various teaching methods and tools while taking into account students' individual characteristics. This approach facilitates the development of communicative competence regardless of learners' language proficiency levels. The article serves as a valuable resource for educators interested in applying modern methods in foreign language instruction.
Кілт сөздер: бейнематериалдар; коммуникативтік құзыреттілік; шетел тілі; мәдениетаралық қарым-қатынас;
Keywords: video materials; communicative competence; foreign language; intercultural communication.
Қазақстан Республикасында шет тілдерін оқытудың қазіргі жүйесі әрбір білді адамның шет тілін игеру қажеттілігімен сипатталады. Бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру тіл үйренудің басты мақсаты болып табылады. Еркін сөйлеу топта жұмыс істеу қабілетінсіз ауызекі қарым-қатынас мүмкін емес, ол үшін грамматикаға ие болу, сөз қорын байыту, фонетикалық ерекшеліктер мен зерттелетін тілдің мәдени аспектілері туралы білім қажет.[1]
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес, табысты қарым-қатынас студенттің ресми және бейресми жағдайда диалог жүргізу, жеке жоспарларын талқылау, тыңдалған мәтіндерді талқылау, өз елі мен зерттелетін елдің мәдени ерекшеліктерін көрсету қабілетіне байланысты. Заманауи білім беру технологияларын, соның ішінде платформа кеңістігін қолдану қоғамның білім мен мәдениет деңгейіне сай болу үшін қажет.[2]
Ағылшын тілі сабағында бірлесіп жұмыс істеу барысында платформа кеңістігін пайдалану тиімді әдіс болып табылады. Бұл құрал оқушылардың бірлескен әрекетін дамытуға және олардың тілдік дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. платформа кеңістігі — бұл түрлі платформа қосымшаларының жиынтығы, оның ішінде платформа Docs, платформа Slides, платформа Sheets және платформа Classroom бар. Оқушылар осы қосымшаларды бірге пайдалану арқылы топтық жұмыс жасай алады, бір-бірімен ақпарат алмасып, тапсырмаларды орындау кезінде ынтымақтастықты арттырады.
Платформа Docs сияқты құралдар оқушыларға бір құжатта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар мәтіндер жазып, түзетулер енгізіп, өз пікірлерін қалдыра алады. Бұл әдіс оқушылардың тілдік тәжірибесін байытады, себебі олар бір-бірінің жұмыстарын оқып, түзетулер енгізеді, сондай-ақ пікір алмасады. [3]
Сонымен қатар, платформа Slides құралын пайдалану оқушыларға презентация жасауға мүмкіндік береді, бұл өз идеяларын жүйелі түрде жеткізу дағдысын қалыптастырады.
Платформа sheets құралында деректерді бірге өңдеу мүмкіндігі де бар. Оқушылар топпен жұмыс істеп, кестелер мен графиктер жасай алады, бұл математикалық және аналитикалық дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар, платформа Classroom арқылы мұғалімдер тапсырмалар мен жобаларды қадағалап, кері байланыс бере алады. Бұл платформаның басты артықшылығы — оқушыларға оқыту материалына оңай қол жеткізу, уақытты үнемдеу және білім алудағы ынтымақтастықты дамыту.
Бұл технологиялардың барлығы ағылшын тілін үйрену үдерісінде тиімді көмекші құралдар болып табылады, өйткені олар оқушылардың тілдік дағдыларын жақсартуға және топтық жұмысты дамытуға мүмкіндік береді.
Бірлесіп жұмыс жасау дағдысы сөйлеу дағдыларын, студенттердің қарым-қатынасқа деген қызығушылығын және өздігінен сөйлеу қабілетін дамытатын тиімді құрал ретінде қарастырылады. Олар мәдени тақырыптарды зерттеу үшін, сондай-ақ монологтік және диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту үшін кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын платформа кеңістігінің түрлері бірнеше санатқа бөлінеді, олардың ішінде мәдениет туралы білім беретін бейнематериалдар, түпнұсқалық жаңалықтар бейнероликтері, сонымен қатар көркем фильмдер мен әдеби шығармалардың бейімделген нұсқалары да бар.
Бірлесіп жұмыс істеу барысында бұл кеңістікті қолдану студенттердің ауызша сөйлеу және талқылау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.Студенттердің деңгейі мен қызығушылықтарына сәйкес таңдалған бейнематериалдар олардың қызығушылығын арттырып, есте сақтау мен зейіннің дамуына ықпал етіп және ой мен қиялды дамытады . Сондықтан кеңістікті қолдану оқытуды жандандыру және студенттердің оқу мотивациясын қалыптастыру мақсаттарына сай келетін пайдалы құрал болып табылады.[4]
Зерттеудің нақтылығына көз жеткізу үшін біршама студенттерден сауалнама алынды. Сауалнаманың мақсаты: аудиториядан қажетті ақпаратты жинау және талдау. Мақсаты: бірлесіп жұмыс жасау дағдыны дамытуда қазіргі заманға сай платформа кеңістігін пайдалану қажет немесе жоқ деген сұрақ бойынша пікірлерді қарастыру және қажеттіліктер немесе қандай мәселелер бар екені туралы ақпарат алу.Жиналған деректерді пайдалана отырып ағылшын тілі сабақтарында бұл дағдыны дамыту барысында талқыға түскен кеңістіктің маңыздылығы және тиімді тәсілдерін анықтай отырып жетілдіру. Қазіргі тенденцияларды, аудиторияның сұранысын түсіну.
Сурет 1. Сауалнама нәтижелері
Бұл зерттеуде көрсетілгендей, 91,3% қатысушылар топтық жұмыс үшін платформа кеңістігін қолданады, ал қалған 8,7% қатысушылар бұл құралды пайдаланбайды. Бұл көрсеткіш платформа кеңістігінің бірлесіп жұмыс жасау үшін тиімді әрі пайдалы құрал екендігін көрсетеді. 91,3% пайдаланушының платформа кеңістігін қолдануы бұл құралдың кеңінен қабылданғанын және тиімді екенін дәлелдейді.
Платформа кеңістігінің бірлесіп жұмыс жасаудағы артықшылықтары:
- Қол жетімділік және ыңғайлылық – платформа кеңістігі интернетке қосылған кез келген құрылғыдан қол жетімді, бұл жұмыс барысын өте ыңғайлы етеді. Қатысушылар өз үйлерінде немесе басқа жерлерде отырып, бір уақытта жұмыс істей алады.
- Реал уақыттағы өзара әрекеттесу – платформа кеңістігі арқылы бірнеше адам бір құжатта бір уақытта жұмыс істей алады. Бұл әсіресе тапсырмаларды орындау кезінде маңызды, себебі барлық қатысушылардың пікірлері мен өзгерістері бірден көрінеді.
- Құжаттарды бірлесіп өңдеу мүмкіндігі – платформа Диск және платформа Docs, Sheets, Slides секілді құралдар арқылы қатысушылар құжаттарды, кестелерді, презентацияларды бірлесе отырып өңдей алады, бұл тапсырмаларды жеңілдетеді және уақытты үнемдейді.
- Қолдау және кері байланыс – платформа кеңістігіндегі құралдармен (мысалы, пікірлер жазу, тапсырмаларды бөлісу) жұмыс істегенде, қатысушылар бір-біріне оңай кері байланыс бере алады, бұл жұмыс сапасын арттырады.
- Құжаттардың тарихы – платформа кеңістігінде барлық өзгерістер мен түзетулер сақталады, бұл қажет болған жағдайда құжаттың бұрынғы нұсқаларын қайтаруға мүмкіндік береді.
Платформа кеңістігінің бірлесіп жұмыс жасауда үлкен рөл атқаратынын атап өту қажет. Оның көпфункциялы құралдары мен ыңғайлы интерфейсі қатысушыларға тиімді және жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, платформа кеңістігі қатысушылар арасында ыңғайлы байланыс орнатуға, тапсырмаларды орындауды жеңілдетуге және жобалар мен міндеттерді бірлесіп тиімді түрде басқаруға көмектеседі.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Астана: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 2018. – Орта білімдегі ағылшын тілі пәнінің оқыту стандарттары.
- Орта білім беру жүйесінде ағылшын тілін оқытуда мультимедиалық технологияларды қолдану стандарты. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, 2021. – Мультимедиа және бейнематериалдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану стандарттары.
- ResearchGate (2021). “Using платформа Docs to Enhance Student Collaboration in English Classes”
- EdTech Magazine (2022). “How платформа Workspace Supports Student Collaboration and Engagement”
Оставить комментарий