Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 9(53)
Рубрика журнала: Психология
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2
ЖУРНАЛИСТИКА ПСИХОЛОГИЯСЫ
«Міне, отыз сегіз жыл бойы менің әңгімелесуім, адамдармен сұхбаттасуым – жеп отырған наныма айналды»,- деп Л.Кинг өзінің «Как разговаривать с кем угодно, когда угодно и где угодно» атты кітабының кіріспесінде жазған. Журналист қызметінде де ең бастысы адамдармен қатынас орнату, тіл табыса білу. Дегенмен адамдар бір – біріне ұқсамайтын түрлі мінезді болып келеді. Сондықтан журналист олардың тілін табу үшін тілші ғана емес психилог болуы керек дерсіз. Осы негізде журналистика психологиясы ғылымға еніп, зерттеле бастады.
Жалпы, журналистика психологиясы – бұл журналистика және психология атты екі ғылыми пәннің түйіскен жерінде қалыптасып, дамып отырған ғылым. Бұл ғылым бір мезетте аталған ғылым түрлерінің мәліметтеріне негізделіп отырғандықтан, журналистика психологиясы пәнінің мән-мағынасы да, кешенді құрылымыда ауқымды болып табылады.
Олардың арасында оптимальды пропорцияларды тауып, маңызды деген психологиялық проблемаларды анықтай отырып, бір жүйеге келтіру- журналистика ұғымын негізге алған жағдайда ғана мүмкін. Бірінші кезекте журналистің жеке тұлғалық қызметі ғана маңызды да анықтаушы буын қызметін атқарды. Алайда, бұл қызмет бір уақытта – негізгі психологиялық категория болып заңдылықтар да жеке барысында толыққанды, кешенді көрінетіндігін атаған жөн. Қызмет категориясының барысында журналистика мен психология теорияларының арасында байланыс пайда болып, журналистика психологиясы жеке ғылыми сала ретінде қалыптасады.
Журналистика заңдылықтарын, сұхбат берушімен журналист әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктерін білу және де кәсіби құдіреттілік, ақпарат жасау, ұйымдастыру, басқару заңдылықтарынан хабардар болу – нәтижесінде мұның барлығы журналист қызметтің тиімділігін, өміршеңдігі анықтайды.
Әрбір журналистің ең алғашқы сұхбаты, бойындағы қорқынышы оның есінде мәңгі сақталады. Жоғарыда аталған Л.Кингтен қарапайым ғана екі нәрсені үйренуге болады, және кез-келген уақытта ол ұғымды ұтымды пайдалана аламыз. Ең алғаш рет Л.Кингтің 1957 жылы 1- мамырда Майами-Бичтегі WAHR шағын радиостанциясындағы мүлдем сөйлей алмай кідіріп қалғандағы жасаған әрекеті. Радиостанцияның бас директоры Маршалл Симмонс, Л.Кингке оның даусы ұнайтындығын айтып, оны жұмысқа шақырады. Бірақ, әзірше бос орын жоқтығын айтады. Ларри өз қалтасында бір де бір цент болмаса да күнделікті радиоға келіп, жаңа түскен ақпараттарға, эфирдегі диск-жокеилер мен диктордың жұмысын бақылап, біреуіне қажет болып қалар деген ниетпен заметкалар жазып жүреді. Кенет, күндердің бір күнінде М.Симмондс әлі тәжірибесіз Ларриді ауырып қалған таңғы бағдарлама жүргізушісінің орнына шығуды тапсырады. Арман орындалды! Енді Ларри таңертеңгілік үш сағаттық бағдарлама жүргізу бақытына ие болды. Қуанышы қойнына сыймаған ол демалыс күндерінің барлығын мәтін жаттаумен өткізеді. Дүйсенбіде эфир уақыты келіп жеткенде, ол біресе су, біресе кофе ішіп әуре болады. Осы кезде директор оны кабинетіне шақыртып, сәттілік тілеп, эфирге Ларри Зайгес деген есімнің орнына алдында жатқан газеттен спирттік тауар сататын жарнамадан «Кинг» атауын оқып, енді сені Ларри Кинг деп атайтын боламыз дейді. Сонымен, Ларри өз орнына келіп, дайындаған әуенін жіберіп, сілейіп тұрып қалады, сөйлеуге бата алмай, біраз уақыт кетіп қалған соң: – Бұл жерде сөйлеу керек! - деген айғайдан тез арада ес жиып Ларри өз сөзін былай бастаған екен:
- Қайырлы таң! Мен бүгін эфирге алғаш рет шықтым және демалыс күндерімнің барлығында осыған дайындалдым. Он бес минут бұрын маған жаңа ат берді, өзім әуен де дайындағанмын. Бірақ, менің тамағым кеуіп кетті және абыржып тұрмын. Ал директор болса, есікті теуіп: «Бұл жерде сөйлеу керек!» - деді.
Аузынан күштеп болсын сөз шығара алған журналист ендігі уақытта еркін сөйлеп, болашақта ешқашан мұндай күйге түспеген. Бұдан байқайтынымыз, журналист өзі ашылып сөйлесе, басқа адамдар да оған сенім білдіріп, сырын ақтарады. Сіз сөйлескелі тұрған жанның да екі көзі, екі құлағы бар, яғни ол да сіз сияқты адам. Ендеше қымсынуға керегі жоқ.
Кейде сұхбаттасқалы отырған адамыңыз сөзге сараң болуы мүмкін. Алайда бізге өз керегімізді алып қалу керек. Мұндайда журналистер әр түрлі айла шарғылар жасау арқылы мақсатына жетеді. Осы орайда, нағыз журналист психологиясы бойынан табылған, Әзілхан Нұршайықовтың – мінезі алмастың жүзіндей Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасқандағы тапқырлығын айта кетуге болады.
Сондай – ақ, ым (жест), бет құбылысы, интонация – дипломатиялық басқосуда, сұхбаттасуда ерекше рөл атқарады. Вербальды құралдан (сөз) гөрi вербальды емес (ым) мұндай қарым-қатынас көп жағдайда дипломатиялық келiссөз үстiнде сұхбаттасып отырған адаммен әсерлі сұхбат орнатуда айрықша жәрдем берiп отырады. Кейде мынадай жағдай болады: сөйлеушi қаншалықты өз ойын жеткiзуге тырысқанымен, бет жүзi өзгермей, ешқандай әсер тастай алмайды. Мұндайда әлдененi бүлдiрiп алмау үшiн, жалпы сұхбаттасушыңды сендіру үшін ыммен сөйлескен анағұрлым тиiмдi болады. Австралиялық ғалым А.Пиздiң пайымдауынша, сөз арқылы ақпардың тек 7 пайызын ғана жеткiзуге болады екен. Қалған 38 пайызы интонация арқылы, 55 пайызы ым арқылы жетедi.
Ол мынадай бiр оқиғаны мысалға алады. Әлдебiр келiссөз үстiнде бiр фотограф басқосу барысын жиi-жиi суретке түсiре берiптi. Екi жақтың ортақ келiсiмге келуi мүмкiн емес деп жорамалдаған ел ойда-жоқта шешiмнiң тез табыла қойғанына таң қалыпты. Кейiн мұның сыры суреттер шыққан соң белгiлi болыпты. Онда келiссөз иелерiнiң бет пiшiндерiнiң айрықша рөл атқарғаны көрiнiп тұрған екен. Демек, сөз арқылы ғана емес, бет қимылдары арқылы да мәселе түйiнiн табуға мүмкiндiк бар көрiнедi.
Эфирге шығып тұрған журналистің де көгілдір экран алдындағы көрерменді баурап алу үшін оның бет – әлпеті, дауыс ырғағы өте маңызды. Көп ақпарат ағынын жеткізу барысында көрерменді жалықтырып алмас үшін ымның атқарар рөлі ерекше. Сондай – ақ, ақпарат мағынасына қарай эмоциямен жеткізсе, яғни позитивті дүниені көңілді айтса, салмақты ақпаратта сабырлы болса. Былайша айтқанда ақпарат жеткізу барысында актерлік шеберлігі де маңызды. Камера алдында қақиып тұрып қалмай, ыммен, қолды қимылдату арқылы сөйлеу журналистің өзіне де сенімділік ұялатып, көрерменді де сендіре алады.
Қазiр әлемнiң iрi университеттерiнде вербальды емес құралдарды оқытатын арнайы пәндер бар екен.
Ым мен бет қимылын ережелейтiн әлдебiр қатып қалған қағида жоқ. Ол сұхбаттасу барысына қарай әрқалай құбыла бередi. Сондықтан ол жөнiнде нақты бiр тұжырымға келу күнi бүгiнге дейiн қиындықтар келтiруде.
Соған қарамастан, журналистерге қажет-ау деген ең негiзгi элементтерiне тоқталып көрейiк. Әсiресе, бұл сұхбат алу барысында аса қажет элементтер болып табылады.
Вербальды емес компонент таныстықтың алғашқы сәтiнде-ақ рөл ойнайды. Бiр сөз айтқызбай-ақ қарсыласының қасиетiн танып алатын адамдар бар. Ғалымдар алғашқы минөттердi дұрыс пайдаланған жөн деген пiкiрде. Келiсiм тағдырын сол санаулы минөттер шешiп кетуi әбден мүмкiн екен. Американ зерттеушiлерi Л. және Н.Зуниндер кездесудiң алғашқы 4 минөтi маңызды дегендi айтады . 2 минөт те жетедi дейтiн зерттеушiлер бар.
Бұл сәтте не маңызды екеніне тоқталайық:
- Ең алдымен, кездесуге ықыласты екенiңдi бет қабағыңнан танытуың керек. Мұндағы әрбiр тұрысың, көзқарасың, бет пiшiнiң маңызды рөл атқарады. Мысалы, қара көзiлдiрiк тағып алып, мiз бақпай отырған адамды елестетiп көрiңiз. Мына жайлардан қашқан жөн: қабақ түю, алға итiнiп отыру, стол үстiнде жұдырықтарды түйiп отыру, саусақтарды қайшылап отыру, күнқағар қара көзiлдiрiк тағу, т.б.
- Өзiңдi әрiптесiңнен жоғары қоймау. Мысалы, ол орындық ұшында, ал өзiң мамық креслода отырсаң, қалай болады? “Егер әңгiме үстiнде сұхбаттасың иегiне сүйенiп отырса, сен де солай ет, – дейдi зерттеушi У.Юри. – Бұл “мен де сен сияқтымын” дегенiңдi бiлдiредi”
Ресми қабылдауға қатысушыларды отырғызғанда да психологиялық аспектiлердi ескерген жөн. Әдетте жұмыс кабинеттерiнде стол “Т” сипатта қойылады. Неғұрлым басшының қызметi жоғарылаған сайын, соғұрлым “Т”-ның құйрығы да ұзара бередi. Жылы шырайлы басқосу үстiнде басшының әрiптесiне өз орнын ұсынуы да әңгiме ауанын көп өзгертедi.
“Дөңгелек үстел” өзара әңгiменi жеңiлдете түссе, журнал үстелiнiң басындағы сұхбат тiптi жақындастырып жiбередi. Бiздiң қазақы психологиямыз үшiн дастархан басындағы әңгiменiң де маңызы зор.
Мұнымен қатар, ымның ақпараттық қызметi де бар. Мәселен, сәл еңкейiп, үстелге сүйену – тұруға ыңғайлануды бiлдiредi. Ал шекеге саусақты таяп отыру – ықыласпен тыңдаудың белгiсi.
Зерттеушi Дэвид Левис ымның 4 түрiн айрықша бөлiп көрсетедi:
- Ым-символ. “ОК” немесе саусақпен “О”-ны көрсету Америкада “Бәрi жақсы” дегендi бiлдiредi. Ал Жапонияда бұл ақшаның белгiсi. Басбармақты тiстелеу – ақшаның тауысылғандығын айғақтайды. Екi саусақты шекеге тiреу – өзiн-өзi өлтiрудiң әрекетi. Бiр ым-символдың әр елде әртүрлi мағыналары бар. Жоғары көтерiлген басбармақ – бiзде “бәрi тамаша”, Грецияда “үнiңдi өшiр”, Америкада көлiк тоқтату белгiсi. Жалпы АҚШ-та ым-символдардың 100-ге тарта, Израильда – 250-ге жуық түрi бар екен. Сонымен қатар Араб әлемiнде де ым тiлi жақсы дамыған.
- Ым-бейне (айтылған жайға түсiнiктеме беру). Бұл адамның көңiл-күйiне байланысты қол сiлтеп сөйлеу, әңгiме үстiнде ебедейсiз қимылдап кету сияқты әрекеттермен көрiнiс табады.
- Ым-реттеу. Бұл көбiне әңгiменiң басы мен аяғында рөл ойнайды. Бiз кездескенде де, қоштасқанда да қол қысамыз. Немiс философы И.Кант қолды “мидың көзге көрiнiп тұрған бөлшегiне” теңейдi. Қол қысу – сәлемдесудiң немесе қоштасудың ғана белгiсi емес, сенiм бiлдiрудiң, құрмет көрсетудiң айғағы. Құрғақ алақан – енжарлықтың, ылғал алақан – мазасыздықтың белгiсi. Қолды сiлкiлеп, ұзақ қысып тұру да асқан құрметтi байқатады. Мұнымен қатар, төмен иiлген қол – биiктiктi, екi қолмен қаусыра қысу (“қолғапты амандасу”) – иiлгендiктi айғақтайды. Алғашқы кездесуде амандасудың мұндай түрлерiнен қашқан жөн. Сонымен қатар, қол алып тұрып, бас шұлғи беру – асығыстықты, басты жай изеу – тыңдауға құлықтылықты, саусақ шошайту – әңгiменi үзгiсi, басқа тақырыпқа ауысқысы келгендiгiн, бiлдiредi.
- Ым-сезiм. Адамның көңiл-күйiне байланысты туатын ерiксiз қылықтар. Сырт қараған адамға ол оғаш көрiнiп те жатады.
Американдықтар ымдасудағы ең жақын арақашықтық деп 15 см мен 1 м 20см аралығын, ең алыс арақашықтық деп 1 м 20 см мен 3 м аралығын атайды. Бұл әрiптесiңнiң жынысына, қызметiне, шыққан тегiне байланысты да құбылып тұрады.
Орыстар мен жапондар американдықтарға қарағанда жақын тұрып ымдасқанды тәуiр көредi. А.Пиз американ мен жапонның келiссөз үзiлiсi кезiнде екеуара сөйлесе тұрып, залды бiр айналып шыққанын айтады. Оның пайымдауынша, әр ұлттың ымдасу арақашықтығы төмендегiдей екен:
жақын – араб, жапон, француз, грек, испан, негр, итальян, Оңтүстiк Америка тұрғындары;
орташа – ағылшын, швед, швейцария тұрғындары, немiс, австриялық;
алыс – Солтүстiк Американың ақ нәсiлдiлерi, Австралия тұрғындары, жаңазеландиялық.
Журналист түрлі адаммен, түрлі ұлт өкілімен сұхбаттасуы мүмкін. Сондықтан сұхбаттасу барысында арақашықтықты да, түрлі елдердегі ым мағынасын да ескергені жөн.
Кездесе тұрып жымиюдың да өзiндiк салмағы бар. Бiреу достық ретінте, ендi бiреу келеке етiп жымияды. Шын пейiлмен жымиюда үстiңгi тiс көрiнедi деп есептейдi зерттеушiлер. Астыңғы-үстiңгi тiстердiң тұтастай көрiнуi – нағыз достықтың белгiсi.
Адамның көзқарасы да көп нәрсенi аңғартады. Мейiрiмдi, өткiр, ашулы, қуанышты көзқарастар бар. Әрiптесiңнен бұрын көз алып кету – жасқаншақтықты, бiр нүктеге қадалып қалу – тыңдауға құлықсыздықты, көз ала беру – жақтырмағандықты, асығыстықты бiлдiредi. Алғаш кездескенде немесе қоштасар сәтте көз айырмай қарап қалу – құрметтi сездiредi екен.
Ақпарат көзі – адам, ұжым және деректер. Деректерді жинау кезінде журналист ақпараттарды түрлі көздерден алады. Ақпарат алу үшін адамдармен қарым – қатынас орнатады. Көп жағдайда ақпарат алу көзі ол – адам. Сондықтан олармен тіл табыса білу маңызды. Өзіңе керек дерек алу үшін дұрыс сұхбат құра білу қажет. Кейіпкерің айтары бар адам болу керек. Сұхбаттасу барысында жоғарыда айтылған дүниелерді ескерген жөн. Журналист мамандығы тікелей адамдармен қарым – қатынаста болғандықтан адам психологиясын жетік білгені дұрыс. Сондықтан журналистика мен психология егіз ұғым іспетті қатар жүруі тиіс. Өйткені психологияның журналистикада атқарар рөлі ерекше.
Әдебиеттер тізімі:
- Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.
- Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.
- “Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.
- https://szh.kz/student/598/zhurnalist-psikhologiyasy-zhane-diploma/
Оставить комментарий