Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 19(63)

Рубрика журнала: Биология

Секция: Экология

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4

Библиографическое описание:
Абилмажинова Ж.А. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН ӨНДІРІС КЕШЕНДЕРІНЕН ЛАСТАНҒАН ЖЕР БЕТІ СУ САПАСЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2019. № 19(63). URL: https://sibac.info/journal/student/63/142325 (дата обращения: 25.11.2024).

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН ӨНДІРІС КЕШЕНДЕРІНЕН ЛАСТАНҒАН ЖЕР БЕТІ СУ САПАСЫ

Абилмажинова Жадыра Амангельдыкызы

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экология және география кафедрасының 2 курс магистранты, Өскемен қ.

Шығыс Қазақстан облысы су ресурстары бойынша Қазақстан Республикасындағы анағұрлым қамтамасыз етілген және бай аймаққа жатады, бұл оның климат жағдайларымен анықталған. Облыстың су қорына өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар мен суқоймалар, жерасты сулары мен мұздықтар жатады. Ауыз суының жиынтықты ресурстары облыстың әрбір тұрғынына есептегенде жылына 50 мың м3 құрайды, бұл әлемдік стандарттармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

ШҚО территориясында әр жылдары Каз УГМС, ЛОГИДЭП және Алтай Энерго, Каз ГИИЗ, Центрспецстройпроект, Ульбастрой, Казгипроцветмет ведомстволарының бекеттері жұмыс істеген. Әр жылдары Ертіс өзенінің бойында Өскемен қаласы маңындағы Бұқтырма, Үлбі өзендерінде орналасқан гидрологиялық орталықтар мен бекеттер тізімі кесте 1 келтірілген. [1, Б. 190].

Кесте 1.

Гидрологиялық станциялар мен бекеттер

 

Өзен-

дер

Пункт (бекет)

Кезең (жыл) бекеттің ашылуы/жабылуы

Бекеттегі жұмыс көлемі мен түрі

Бекеттің иесі

1

Ертіс

Өскемен

1899-1952

Q,H,T,Л

ШҚ ГМО

2

Ертіс

Аблакетка

1928- істемейді

H,T,Л

3

Үлбі

Белый Луг

1920-1951

Q,H,T, мұзды

Алтайэнерго

4

Тихая

Ульбақұылыс 1-ші ауданы

1925-1960

Q,H,T, мұзды

Алтайэнерго,  ЛенГидэп

5

Филипповка

Ливино а/ш

1939,1955-1959

Q,H,T, мұзды, гидрохимия

ШҚ ГМО, Казгипроцветмет, Алтайэнерго

6

Громотуха

Громотуха ауылы

1925-38,1947-96

Q,H,T, мұзды

ШҚ ГМО, Алтайэнерго

7

Быструха

Октябрь

1954-1960

Q,H,T, мұзды, гидрохимия

Алтайэнерго

8

Большая Таловка

Кордон

1956-1960

Q,H,T, мұзды

Алтайэнерго

9

Малая Таловка

Пригородное

1956-1960

Q,H,T, мұзды

Казгипроцветмет

10

Хайриузиновка

 

1985-1987

Q,H.

Казгипроцветмет

11

Бұқтырма

Орманды

1954 ж

Q,H,T, мұзды,

 

 

ШҚ ГМО

12

Хамир

Пристань

1961-1969 ж

 гидрохимия

13

Левая

Маслиха

1948 ж

Q,H,T, мұзды

 

14

Березовка

Средигорье

 

1942-1943 ж

 

Q,H,T, мұзды

Березовка

Селекциялық станция

 

мұнда, Q- су ағынына бақылау;

H- су деңгейіне бақылау;

T- термиялық режимді;

Л- мұзды судың режиміне.

Жергілікті берілген аймақтың мәліметтері, берілген учаскідегі өзен режимдерінің қысқаша мінездемесі, бекеттердегі су температурасының өзгеруі, мұздың қалыңдығы туралы облыс аумағында орналасқан гидрологиялық бекеттерге қысқаша сипаттама беріледі.

ВК ЦГМ қызметтік территориясында гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша жоғарғы сулардың сапалық жағдайында өзгерістер байқалған (2 кесте). Сонымен қатар ШҚО-ң ластанған өзендер динамикасын Ертіс, Үлбі, Глубочанка, Красноярка, Брекса, Тихая өзендеріндегі мыс, мырыш концентрациясынан көруге болады.

ШҚО-ң: Ертіс, Үлбі, Глубочанка, Красноярка, Брекса, Тихая өзендерінің және жоғарғы сулардың ластануының орта жылдық көрсеткіші 2018ж лабараторлық көрсеткіштермен, мырыш пен мысты сұрыптау арқылы анықталған кесте көрсетілген. [2; Б. 12-16].

Кесте 2.

Өзендердің мырыш пен мыстың ластануы

Өзендер

Мыс

Мырыш

Ертіс 2 (Е2)

0,002 мг/л

0,004 мг/л

Ертіс 401 (Е401)

0,003 мг/л

0,011 мг/л

Ертіс 409 (Е409)

0,006 мг/л

0,040 мг/л

Ертіс 5 (Е5)

0,004 мг/л

0,015 мг/л

Ертіс 7 (Е7)

0,005 мг/л

0,037 мг/л

Глубочанка1(Г1)

0,002 мг/л

0,10 мг/л

Глубочанка2(Г2)

0,009 мг/л

0,159 мг/л

Глубочанка4(Г4)

0,008 мг/л

0,091 мг/л

Красноярка1 (К1)

0,002 мг/л

0,006 мг/л

Красноярка2 (К2)

0,009 мг/л

0,449 мг/л

Брекса 1(Б1)

0,001 мг/л

0,005 мг/л

Брекса6(Б6)

0,002 мг/л

0,10 мг/л

Тихая 1 (Т1)

0,017 мг/л

0,221 мг/л

Тихая 2 (Т2)

0,014 мг/л

0,189 мг/л

 

Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер үсті суларының ластануын бақылау 13 су объектілерінде (Қара Ертіс, Ертіс, Брекс, Тихая, Үлби, Глубочанка, Красноярка, Оба, Буктырма, Емел, Аягөз, Марқакөл өзендері, Бұқтырма, және Өскемен су қоймаларында) жүргізілді.

Қара Ертіс өзенінде су температурасы 0,1-24,4 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші -7,30, суда ерітілген оттегі концентрациясы -10,27 мг/дм3, БПК5– 1,78 мг/дм3. Ауыр металдар (мыс – 2,0 ШРК) бойынша нормадан асу жағдайлары тіркелді.

Ертіс өзенінде су температурасы 0,1-18,5 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші -7,76, суда ерітілген оттегі концентрациясы 10,57 –мг/дм3, БПК5–1,49 мг/дм3. Ауыр металдар (мыс – 2,3 ШРК, мырыш – 2,2 ШРК, марганец – 1,2 ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Буктырма өзенінің су температурасы 0,1-20,1 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші – 7,69, суда ерітілген оттегі концентрациясы – 10,83 мг/дм3, БПК 5– 1,21 мг/дм3. Ауыр металдар (мыс – 2,0 ШРК, мырыш – 1,5 ШРК, марганец – 1,2 ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Брекса өзенінде су температурасы 0,1-14,8 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші – 7,56, суда ерітілген оттегі концентрациясы -10,74 мг/дм3, БПК 5– 1,40 мг/дм3. Ауыр металдар (мырыш – 29,2 ШРК, мыс – 9,7 ШРК, марганец – 6,4 ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Тихая өзеніндегі судың температурасы 0,8-14,1 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші – 7,55 суда еріген оттегінің концентрациясы -10,51 мг/дм3, БПК5–1,45 мг/дм3. Ауыр металдар (мырыш – 48,5 ШРК, мыс– 7,6 ШРК, марганец-7,6 ШРК, кадмий -3,1 ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Үлбі өзенінде су температурасы 0,1-18,0 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші – 6,8, суда еріген оттегінің концентрациясы -10,97 мг/дм3, БПК5–1,26 мг/дм3. Биогенді заттар (жалпы темір 4,1 ШРК), ауыр металдар (мырыш–20,3 ШРК, мыс–5,2 ШРК, марганец-4, ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Глубочанка өзенінде су температурасы 0,1-21,2 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші – 8,2, суда ерітілген оттегі концентрациясы -9,99 мг/дм3, БПК5– 1,40 мг/дм3. Ауыр металдар (мырыш -15,5 ШРК, марганец -5,5 ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Красноярка өзенінде су температурасы 0,1-17,8 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші -8,22, суда ерітілген оттегі концентрациясы -10,69 мг/дм3, БПК5–1,28 мг/дм3. Ауыр металдар (мырыш-17,4 ШРК, мыс -5,6 ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Оба өзенінде су температурасы 0,1-21,1 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші -7,9, суда ерітілген оттегі концентрациясы –10,81 мг/дм3, БПК5–1,15 мг/дм3. Ауыр металдар (мыс -3,6 ШРК, марганец-2,1 ШРК, мырыш-1,2 ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Емел өзенінде су температурасы 0,1-26,4 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші – 8,14, суда ерітілген оттегі концентрациясы -8,97 мг/дм3, БПК5 -1,40 мг/дм3. Негізгі иондар (сульфаттар -1,8 ШЖШ), ауыр металдар (мыс -2,3 ШЖШ, марганец -1,9 ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Аягөз өзеніндегі су температурасы 14,8 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші – 8,27, суда ерітілген оттегі концентрациясы -8,97 мг/дм3, БПК5–0,86 мг/дм3. Негізгі иондар (сульфаттар -1,3 ШРК), биогенді заттар (фторидтер -1,1 ШЖШ), ауыр металдар (мыс -2,2 ШРК) бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы анықталды.

Марқакөл көлінде су температурасы 10,2 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші -7,77, суда ерітілген оттегі концентрациясы -9,28 мг/дм3, БПК5–0,50 мг/дм3. ШРК асып кетуі тіркелген жоқ.

Бұқтырма су қоймасында су температурасы 18,2 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші -8,14 суда ерітілген оттегі концентрациясы–8,89 мг/дм3, БПК5-1,58 мг/дм3. Ауыр металдар тобындағы заттар бойынша (мыс 1,7 ШРК) нормадан асу жағдайлары тіркелді.

Өскемен су қоймасында су температурасы 11,5 ºC шегінде болды, сутегі көрсеткіші -7,62 суда ерітілген оттегі концентрациясы -9,66 мг/дм3, БПК5–1,71 мг/дм3. Ауыр металдар тобындағы заттар бойынша (мыс 1,7 ШРК) нормадан асу жағдайлары тіркелді.

Барлығы, тексерілген су объектілерінің жалпы санынан жерүсті суларының сапасы былайша бағаланады:

«нормативті таза» су – оз. Марқакөл;

«ластанудың орташа деңгейі» – Қара Ертіс, Ертіс, Бұқтырма, Оба, Емел, Аягөз, вдхр өзендері. Буктырма, вдхр. Өскемен;

«ластанудың жоғары деңгейі» суы-Брекс, Тихая, Ульби, Глубочанка, Красноярка өзендері.

Қара Ертіс, Ертіс, Бұқтырма, Брекса, Тихая, Үлбі, Глубочанка, Оба, Емел, Аягөз, оз өзендеріндегі судың сапасы. [3]

 

1-сурет. Шығыс Қазақстан облысы суларының өнеркәсіптік қалдықтармен ластануы. 2018 ж.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Панин М. С. Техногенные загрязнения медью, водосборной площадиреки Иртыш в пределах территории Казахстана / М. С Панин // Геохимия. -№2. - 2002. – 190 с.
  2. Мукина K.М.Экологические аспекты в изучении водных ресурсов ВосточноКазахстанскойобласти/К.М.Мукина//Проблемырациональногоприродопользования и геоэкологии Восточного Казахстана.-У-Ка,1998.-С.12 - 16
  3. https://kazhydromet.kz Официальный сайт РГП «Казгидромет».

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.