Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CCI Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 28 ноября 2024 г.)

Наука: Юриспруденция

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Аманғалиев Ж.Д. ЖЕКЕ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ АЛДЫН АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CCI междунар. студ. науч.-практ. конф. № 22(200). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/22(200).pdf (дата обращения: 25.12.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ЖЕКЕ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ АЛДЫН АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Аманғалиев Жанкелді Думанбекұлы

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті  тарих, экономика және құқық факультетінің 4 курс студенті,

Қазақстан, Орал қаласы

Базарғалиева Жазира Әкімғалиқызы

научный руководитель,

ғылыми жетекші, заң ғылымдарының магистры, аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті,

Қазақстан,Орал қаласы

АННОТАЦИЯ

Мақалада жеке адам өміріне қарсы қылмыстық құқықтық бұзушылықтар туралы жазылған. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері қамтылған. Адам өміріне қарсы басқа да қылмыстардың түрлері және баптары көрсетілген.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде айтылған адам денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар мен олардың түрлері баяндалған. Денсаулыққа ауыр зиян, қасақана зиян қылмыстар да аталып өтті.

АННОТАЦИЯ

Статья написана об уголовно-правовых посягательствах на личную жизнь. Включены виды уголовных преступлений против личности. Указаны иные виды и статьи преступлений против жизни человека. Уголовные правонарушения против здоровья человека и их виды описаны в Уголовном кодексе Республики Казахстан. Также упоминались преступления, причиняющие тяжкий вред здоровью, умышленные преступления, причиняющие вред.

 

Түйін сөздер: қылмыс, құқықбұзушылық, құқық қорғау, сот ісі, қылмысты алдын-алу, құқықтық мәдениет, адам өмірі, себеп салдар.

Ключевые слова: преступление, правонарушение, правоохранительная деятельность, судебное дело, предупреждение преступности, правовая культура, жизнь человека, причина и следствие.

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында адам, оның негізгі құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып табылатыны атап көрсетілгені белгілі. Жеке тұлғаны мемлекет жан-жақты қорғайды, мысалы әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тіпті ерекше қылмыстық-құқықтық қорғау аясында қойған. Бұл ретте жеке адамды қылмыскерлер тарапынан ғана емес, мемлекет пен оның өкілдері тарапынан, оның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізу процесінде құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан да қорғау мүмкіндігі қамтамасыз етілген.Осы орайда, мақалада жеке адамға қарсы қылмыстарды алдын-алудың қазіргі жағдайын зерделеу арқылы жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды жетілдіру жолдарын ұсыну мақсатым болып табылады.

Жалпы қылмыстың алдын алу дегеніміз – бұл жалпы экономикалық, әлеуметтік және басқа да белгілері бойынша анықталатын, барлық халыққа немесе оның жеке бір тобына ықпал ететін, және сонымен бірге, осындай әлеуметтік топтарының барлық өкілдерінің қылмыстық тәртібі мүмкіндігін қалыптастыратын,қылмысты белгілеу мен себептілігі процестерін жою бойынша шаралар жүйесі.

Адам өміріне қарсы қылмыс жасау кезінде, қалпына келтірілмейтін немесе орны толтырылмайтын салдары орын алады: адам өмірін жоғалту ешқашанда, ешқандайда бір амалдармен қайта қалпына келмейді. Жеке тұлғаның жалпы құқықтық мәртебесі-бұл адамның негізгі, маңызды, өмірлік құқықтары, міндеттері мен заңды мүдделерінің жиынтығы.

Қылмыстың өсуі мен оның құрлысының күрделенуі қылмыстың ашылуын төмендетіп, ол қоғамымызды экономикалық және әлеуметтік келеңсіз жағдайларға және өнегелі психологиялық климатына жағымсыз әсерін тигізеді.Қылмысты болдырмау және оның алдын алу үшін қандай шаралар ескерілуі қажет?

Қылмыспен күресу –ортақ міндет. Жүргізілген зерттеулернегізінде қылмысты жалпы алдын-алуға қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси, және рухани салаларының барлығын сауықтыру бойынша шараларының барлығы жатқызылады.Қылмысты алдын-алуда және онымен күресу үшін қазіргі таңда ішкі істер органдарының құқық қолдану қызметін жетілдіру аса маңызды қажеттілік.

Мемлекеттің қылмыстылыққа қарсыкүрес жүргізудің бағдарламалары, сонымен қатар қылмыстылыққа және басқа да құқықбұзушылықтарға қарсы кешенді жоспарлау мекемелік және мекемелік-салалық құжаттары осы мәселе бойынша бірқатар маңызды ережелерін қарастырып, қылмыстың алуға бағытталады. Қарастырылып жатқан салада арнаулы-криминологиялық профилактиканың негізгі бағыттарына жататындар:

а) кешенділік пен түзетуге жататын, нақты және шынайы мақсаттарын қою негізінде ішімділікке салыну мен есірткіге әуес болуға қарсы кезекті және табанды күрес жүргізу;

б) қылмысқа айналуы мүмкін отбасылық және басқада тұрмыстық қақтығыстары не- гізінде жасалынатын құқықбұзушылықтарына уақтылы елеу;

в) көшелер мен басқада қоғамдық орын-дарында қоғамдық тәртіптін тиімді сақта- луын қамтамасыз ету;

г) нәсілдік және ұлтаралық бөлінуді ұшықтыруға қарсы күресін түбегейлі күшейту;

д) жасы кәмелетке толмағандар мен жас адамдарына кәнігі қылмыскерлер мен кәсі- би қылмыскерлерінің криминогендік ықпал етулерін тоқтату; маргиналдық ортадағы профилактикалық жұмыс сапасын жақсарту;

е) қоғамға қарсы жастар топтарын анықтау мен бөлектеу бойынша қызметін белсендету;

ж) ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қоғамдарды жою бойынша қызметті белсен- дету мен қатар, олардың «құдыреттілігі» ту-ралы аңызды әшкерлеу;

з) виктимділігі жоғары дәрежедегі адамдарына профилактикалық ықпал жаса- луының дер кезділігі;

и)суық және оқ дәрі ататын қаруларын жасау, сату, сақтау мен өзімен алып жүру, со- нымен қатар оны ұрлау заңсыз фактілеріне қарсы күресті белсендету;

к) өлтіру мен денсаулыққа ауыр зиян келтірумен қорқытуларына, ауыр зорлық-зомбылық қылмыстарын, жаппай тәртіпсіздіктерін,топтық бұзақылық жасауына дайындалуларына уақтылы елеу үшін қылмыстық-құқықтық шараларын қолдану;

л) оны жіктеу мен дараландыру негізінде зорлық зомбылық және бұзақылық қылмыстары үшін әділ жазаны қамтамасыз ету;

м) бұқаралық ақпарат құралдарымен қатыгездік және зорлықты насихаттауға қарсы түбегейлі әрекет жасау.

Қылмысты алдын-алудағы құқықтық тәрбиенің маңызы зор. Құқықтық тәрбиені тәрбиені дұрыс жолға қоюдатүрлі іс-шараларды жүзеге асыру қажет, және ол жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеуден басталады. Құқық тәрбиесіне арналған сабақтар бір жақты сипатта болмай, практикалық жұмыстар жасалуы керек. Тәжірибелі мамандарды дәріс оқуға шақырып отырып, тәжірибе алмасу жасау да маңызды. Осындай шаралардың нәтижесінде, осыған дейінгі жол берілген кемшіліктер мен олқылықтар алдағы уақытта өз шешімін табуға жол ашады.

Әрбір азаматбойына құқықтық мәдениетті дарытқанда ғана демократияны кең қанат жайдыруға, құқықтық бостандық орнатуға, сөйтіп, заңдылық пен құқықты қолдану ісінің сапасын жоғарылатуға, құқық корғау мекемелерінін жұмысын одан әрі жақсарта түсуге болады. Бүгінде ең маңызды мәселе әрине, адамның өмірі, оның қауіпсіздігі. Адам құқықтары – жоғары құндылық болып табылатындықтан, оны құрметтеу, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті. Құқықбұзушылық немесе қылмыс болсын, жеке адам мүддесі тапталмауы керек. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзде айтылғандай әр адам өзінен бастауы керектігін де ұмытпауымыз қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Казақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. /adilet.zan.kz/kaz/
  2. Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ/http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226
  3. А.Н. Ағыбаев, Е. Алауханов “Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім” Алматы “Жеті жарғы”, 2004
  4. Ағыбаев, А. Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме: жалпы және ерекше бөлімдер / А. Н. Ағыбаев. - Алматы : Жеті жарғы, 2010. - 807 б.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий