Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXXVIII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 07 декабря 2023 г.)

Наука: Технические науки

Секция: Архитектура, Строительство

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Өтеулина Ж.Б. ЖЕР КАДАСТРЫН ЖҮРГІЗУДІ АВТОМАТТАНДЫРУ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXXVIII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 23(177). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/23(177).pdf (дата обращения: 22.11.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ЖЕР КАДАСТРЫН ЖҮРГІЗУДІ АВТОМАТТАНДЫРУ

Өтеулина Жанар Бекболатқызы

студент, кадастр кафедрасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті,

ҚР, Астана қ.

Кульмаганбетова Айсулу Султановна

научный руководитель,

ғылым магистрі, аға оқытушы "кадастр" кафедрасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті,

ҚР, Астана қ.

AUTOMATION OF LAND CADASTRE MANAGEMENT

 

Zhanar Oteulina

student, Department of cadastre, NJSC "Kazakh agrotechnical research  university named after Saken Seifullin"

Kazakhstan, Astana

Aisulu Kulmaganbetova

master of Science, Senior Lecturer of the Department "Cadastre", Kazakh agrotechnical research university named after Saken Seifullin,

Kazakhstan, Astana

 

АҢДАТПА

Бұл мақалада жер ресурстарын басқару ерекшеліктерін салыстыра отырып, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру бағдарламаларына талдау жүргізілді. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, жер кадастрын жүргізу тәсілдері мен нысандары қарастырылады.

ABSTRACT

In this article, an analysis of programs for creating an automated information system of the state land cadastre was carried out, comparing the features of Land Management. Methods and forms of maintaining the land cadastre using modern technologies are considered.

 

Түйінді сөздер: кадастрлық карта, жер автоматтандыру, ақпараттық жүйе, атрибуттық және графикалық деректер, технология.

Keywords: cadastral map, land automation, information system, attribute and graphic data, technology.

 

Қазақстан Республикасының «жер ресурстары» елдің ұлттық байлығының негізі, аса маңызды геосаяси және стратегиялық ресурс болып табылады. Қазіргі кездегі жер кадастры даму жолында. Қазіргі заман техникасының дамуы жер кадастры саласына да өз үлесін қосып отыр. Жер-кадастрлық ақпаратты электрондық тасымалдағыштарға ауыстыру жалғасуда, жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК ААЖ) жетілдірілуде. Мемлекеттік жер кадастры жүйесі Жер ресурстарын Мемлекеттік басқарудың және жер қатынастарын экономикалық реттеудің ақпараттық негізі болып табылады [1].

«МЖК ААЖ» - күрделі көп мақсатты, көпфункционалды, үздіксіз дамып келе жатқан, ұйымдастырушылық-технологиялық жүйе.

Бағдарламаның негізгі міндеті - ол мемлекеттік жер кадастрын автоматтандырылған түрде жүргізуді компьютерлік жүйелер мен ақпараттық технологиялар негізінде қамтамасыз ету болып табылады. «МЖК ААЖ» құру бағдарламасы бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Жүйенің негізін ESRI және Oracle компаниясының лицензияланған бағдарламалық өнімдері, сондай-ақ әртүрлі бағыттағы әртүрлі масштабты цифрлық карталар құрайды [2].

 

1-сурет. МЖК ААЖ сайтындағы картографиялық негіз [3]

 

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша МЖК ААЖ республикалық деректер базасында 6,91 млн жер учаскесі бар, яғни, 5,715 млн атрибуттық және графикалық деректері бар 5,307 млн. жер учаскелері. Жалпы айтқанда, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша МЖК ААЖ республикалық деректер базасының атрибуттық және графикалық деректер  99,8% құрайды.

Сайтқа келушілер саны www.aisgzk.kz 2022 жылға (1 жағдай бойынша 2022 жылғы желтоқсан) 400,3666 мың келушіні құрады, сайтқа келушілердің орташа саны айына 363,969 адамды құрады, ал сайтқа жүгінулердің жалпы саны-4003,7 мың адам болды.

 

2-сурет. Сайтқа келушілер саны www.aisgzk.kz 2022 жылға (2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша)

 

Жер кадастрының мемлекеттік ақпараттың негізгі пайдаланушылары мемлекеттік органдар мен мекемелер болып табылатынын ескеретін болсақ, олар үшін бүгінгі күні www.aisgzk.kz сайт арқылы жер кадастрының мәліметтерін online режимінде алу мүмкіндігі іске асырылды [4].

Жария кадастрлық карта (ЖКК) жүйесі жайында мәлімет

Жария кадастрлық карта (ЖКК) – бұл республиканың жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты, ұйымдардың басқа да мәліметтерін қамтитын цифрлық карта. Карта жеке және заңды тұлғалардың шектеусіз шеңберімен пайдалануға арналған. Сонымен қатар, жеке кабинетке кіру үшін idp.egov.kz. порталы арқылы жүзеге асырылады [5].

ЖКК сайтында жұмыс істеу процесі:

«Объектіні іздеу» арқылы аймақты таңдай отырып, өзімізге керекті объектіні қарастырамыз. Көріп отқаныңыздай, объект жайында ақпарат көп емес. Кішкене электрондық терезеде орналасқан.

 

5-сурет. ЖКК сайттындағы кадастрлық нөмер арқылы объект іздеу барысы [6].

 

Осы жерде МЖК АЖЖ жүйесімен салыстырғым келіп отыр. Екі түрлі жүйелер арқылы екі бірдей объект таңдадым. Салыстыру жұмыстары төменгі суретте көрсетіледі.

 

Салыстыру:

   

6-сурет. Электронды карталар жүйелерінің салыструы [3; 6].

 

Салыстыру барысында екі жүйенің арасындағы өзара айырмашылықтарымен қатар, жүйелердің артықшылықтарын қарастырдық. 1 - кестеде көрсетілген.

Кесте 1.

Электронды карталар жүйелерінің салыстырмалы талдау

 

МЖК ААЖ

ЖКК

Кадастрлық нөмір

+

+

Мекенжайы

+

+

Берілген құқық түрі

+

+

Пайдалану мерзімі

+

-

Нысаналы мақсаты

+

+

Жер пайдаланушылар

+

-

Код

+

-

Ауданы

+

+

Жер санаты

+

+

Периметрдің ұзындығы

-

+

Кадастрлық бағалау құны

+

+

Ескерту: автормен әзірленген

 

Ең алдымен, МЖК АЖЖ жүйесіне тоқталатын болсақ, объектінің кадастрлық нөмірі, берілген құқығы, пайдалану мерзімі, жер санаты, нысаналы мақсаты, орналасқан жер, шектеулер және т.б. көрсетілген.

ЖКК сайтындағы объектінің ақпараты бойынша кадастрлық нөмірі, мекенжайы, жер санаты, құқық түрі, нысаналы мақсаты, периметрдің ұзындығы, ауданы, кадастрлық құны көрсетілген. Бірақ, олар болғанымен кейбір ақпараттары толық емес.

Көріп отқанымыздай, МЖК АЖЖ жүйесіндегі беретін ақпараты көбірек, әрі толығырақ. Тағы бір артықшылығын айтатын болсақ, қай объектінің таңдаулы болғаны қызыл шекарамен бөлінген, ал ЖКК жүйесінде нақты қай объекті таңдалғаны көрсетілмейді. Жұмыстың нақтылығына кедергі келтіреді. Бірақ бұл жүйенің пайдасыз деген сөз емес. Жалпы  екі жүйені пайдалануға болады, яғни пайдаланушыға қай картаның жүйесі ыңғайлы сол картамен жұмыс істеуге кеңес беремін. Сонда да менің ойымша бұл екі жүйе өзара ұқсас. Екі жүйені қосып бір жүйе ойлап табуға болады деп ойлаймын.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мемлекеттік жер кадастры жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету.[Электрондық ресурс].–URL:http://www.cawater info.net/bk/land_law/files/pralieva.pdf
  2. Қазақстан Республикасындағы "МЖК ААЖ" дамытудың қазіргі заманғы жүйесі туралы.[Электрондық ресурс].–URL: https://otherreferats.allbest.ru/law/00878120_0.html
  3. "МЖК ААЖ" негізгі картасы.[Электрондық ресурс].–URL: https://www.aisgzk.kz/aisgzk/ru/
  4. 2022 жылғы Жиынтық талдамалы есеп.[Электрондық ресурс].–URL: Сводный последний 2022 год (1).pdf
  5. Жария кадастрлық карта "ЖКК" жүйесі туралы.[Электрондық ресурс].–URL:https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-saulet/press/news/details/552527?lang=ru
  6. Жария кадастрлық картасы.[Электрондық ресурс].–URL: https://map.gov4c.kz/egkn/
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.