Статья опубликована в рамках: CCIII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 26 декабря 2024 г.)
Наука: Юриспруденция
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЗАҢДЫ ӨКІЛ
ЗАКОННЫЙ ПРЕДСТАВИТЕЛЬ В ГРАЖДАНСКОМ ПРОЦЕССЕ
Саркеева Тансу Муратовна
студент, факультета истории,экономики и права, Западно-Казахстанский университет имени Махамбета Утемисова,
Республика Казахстан, г. Уральск
Есенгазиева Айнур Калимовна
научный руководитель, магистр юрид. наук, Старший преподаватель, Западно-Казахстанский университет имени Мазамбета Утемисова,
Республика Казахстан, г. Уральск
АННОТАЦИЯ
Мақалада азаматтық процестегі өкілдік институтының құқықтық маңызы мен оның түрлері жан-жақты талқыланған. Өкілдіктің азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғаудағы тиімді механизм ретінде қызмет атқаратындығы көрсетілген. Ерікті және заңды өкілдіктің ерекшеліктері, жарғылар мен арнайы негіздер бойынша өкілдік ету тәртібі нақты мысалдармен сипатталады.Соттағы өкілдіктің негізгі мақсаты – өкілдік етушінің мүдделерін қорғау, оның құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ соттың азаматтық істі дұрыс шешуіне ықпал ету екендігі атап өтіледі. Өкілдіктің рәсімделу тәртібі, сенімхат арқылы жүзеге асырылатын өкілеттіктер, адвокаттардың, ұйымдардың және кәсіподақтардың өкіл ретінде рөлі егжей-тегжейлі қарастырылған.Мақалада өкілдік институтының сот жүйесін жетілдірудегі рөлі және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырудағы маңызы ерекше атап өтіледі.
АННОТАЦИЯ
В статье подробно обсуждается правовое значение института представительства в гражданском процессе и его виды. Показано, что представительство служит эффективным механизмом защиты прав граждан и организаций. Особенности добровольного и юридического представительства, порядок представительства по уставам и специальным основаниям характеризуются конкретными примерами.Отмечается, что основной целью представительства в суде является защита интересов представляемого, содействие в осуществлении его прав и обязанностей, а также содействие правильному разрешению судом гражданского дела. Подробно рассмотрен порядок оформления представительства, полномочия, осуществляемые по доверенности, роль адвокатов, организаций и профсоюзов в качестве представителей.В статье подчеркивается роль института представительства в совершенствовании судебной системы и значение в повышении правовой культуры граждан.
Кілт сөздер:өкілдің өкілеттігі,соттағы өкілдік,өкілдік негіздері.
Ключевые слова: полномочия представителя,представительство в суде, основания представительства.
Соттағы өкілдік-бұл өкілдің өкілеттігіне сәйкес сенім білдірушінің атынан және оның мүддесі үшін іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыратын құқықтық қатынас.Азамат өз ісін сотта жеке өзі немесе өкілі арқылы жүргізуге құқылы.Өкіл-бұл әрекетке қабілетті тұлға,ол берілген өкілеттіктер шегінде өкілдік берушінің атынан және мүддесіне іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асырады.Өкілдік бұл сотқа жеке қатысуды қажет етпейтін құқықтық мүмкіндік.Осы ретте азаматтың жеке қатысуы өкілдің сотқа қатысуына кедергі болмайды.Cотта өкілдіктің пайда болу негізіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
a)ерікті
б)заңды
в)жарғылар мен басқа да арнайы негіздер бойынша.
Ерікті өкілдік сенімхат немесе еңбек шарты негізінде пайда болады.Заңды өкілдікті жүзеге асыратындар:
а)әрекет қабілеттілігі жоқ немесе шектеулі тұлғалардың істері бойынша,олардың атынан өкілдік ететін ата-аналары,асырап алушылары,қорғаншылары мен қамқоршылары
б)хабарсыз кеткен деп танылған азаматтың қатысуын талап ететін істерде,оның мүлкіне қорғаншы ретінде тағайындалған тұлға хабарсыз кеткен азаматтың өкілі ретінде әрекет етеді.
в)қайтыс болған немесе қайтыс болды деп танылған азаматтың қатысуы қажет істерде,егер мұрагерлікті әлі ешкім қабылдамаған болса,мұрагерлік мүлікті сенімгерлік басқаруға алған тұлға мұрагердің өкілі ретінде әрекет етеді.
Жарғылар мен басқа да арнайы негіздер бойынша өкілдік:
Заңды тұлғалардың істерінде өкілдік ету міндетін олардың қызметкерлері атқарады, ал мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің істерінде бұл міндетті сол органдардың қызметкерлері жүзеге асырады.
Ұйымдардың уәкілетті өкілдері заңмен,жарғымен немесе ережемен бекітілген негізде ұйым мүшелерінің және де басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығына ие.
Сотта өкілдік ету мақсаты:
- Сотта өкілдік берушінің мүдделерін қорғау
- Іс жүргізу құқығын жүзеге асыруға және өкілдік етушінің міндеттерін орындауға жәрдемдесу
- Соттың азаматтық істі дұрыс шешуіне ықпал ету.
Жалпы ереже бойынша сотта өкілдің өкілеттіктері тиісті сенімхатпен рәсімделеді,ол сотқа жазбаша немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.Адвокаттар өз кезегінде ордер және клиентпен жасалған келісімшарт негізінде әрекет етеді.
Кәсіподақтар және басқа да ұйымдарды сотта өкілдік ету үшін өкілеттілігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.Заңды тұлғаның атынан сенімхат ұйымның басшысы немесе осы міндеттерді атқаруға уәкілетті басқа тұлғамен беріліп,ұйымның мөрі мен басшының қолымен куәландырылады.
Әрекет қабілеттілігі жоқ немесе шектеулі тұлғалардың ісі бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі соттың шешімі,ата-анасы болса баланың туу туралы куәлігі арқылы куәландырылады.Өкіл дауды медиация немесе партисипативтік тәртіппен татуласу рәсімін,талап қоюдан бас тарту немесе оны тану,талап қою талаптарының көлемін ұлғайту немесе азайту,талап қою нысанын немесе негізін өзгерту,сот актісіне апеляциялық немесе кассациялық тәртіппен шағымдану әрекеттерін жүзеге асыра алмайды.Азаматтық процесте өкілдік ету құқықтық жүйенің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.Ол азаматтардың және ұйымдардың сотта өз құқықтарын тиімді қорғауына мүмкіндік береді,сондай-ақ сот процесін жеңілдетіп,дауларды әділ және жедел шешуге ықпал етеді.Өкілдік сот жүйесінің әділдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық механизм болып табылады. Қазақстан Республикасында өкілдіктің құқықтық негіздері азаматтық кодекспен,азаматтық процестік кодекспен,сондай-ақ адвокаттық қызмет туралы заңнамамен реттеледі. Өкілдік процесті тиімді ұйымдастыруға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.Өкілдік институтын жетілдіру және оны дұрыс қолдану сот жүйесінің дамуына және азаматтардың құқықтық мәдениетінің өсуіне ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (2015). – Алматы: «Юрист», 2015.
- Сапарбекова, Г.Ж. «Азаматтық процестегі өкілдік және оның заңды негіздері». – Алматы: «Құқық», 2018.
- Нұрпейісова, Р.Т. «Соттағы өкілдік: құқықтық негіздері мен ерекшеліктері». – Алматы: «Норма», 2020.
- Шәріпов, Ә.А. «Қазақстан Республикасындағы өкілдік институты: құқықтық талдау». – Алматы: «ҚазҰУ», 2019.
дипломов
Оставить комментарий