Поздравляем с Днем Российской науки!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXXVIII Международной научно-практической конференции «История, политология, социология, философия: теоретические и практические аспекты» (Россия, г. Новосибирск, 06 января 2025 г.)

Наука: Социология

Секция: Социология управления

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Сарсенова А.Б. ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // История, политология, социология, философия: теоретические и практические аспекты: сб. ст. по матер. LXXXVIII междунар. науч.-практ. конф. № 1(69). – Новосибирск: СибАК, 2025. – С. 44-51.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сарсенова Асель Бериковна

қауымдастырылған профессор Ph.D, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина универстеті,

Қазақстан, Алматы қ.

FEATURES OF STATE SUPPORT FOR YOUTH UNEMPLOYMENT IN KAZAKHSTAN

 

Assel Sarsenova

Associate Professor, PhD, S. Asfendiyarov Kazakh National Medical University,

Kazakhstan, Almaty

 

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жастар еңбек нарығын мемлекеттік реттеу мәселелерін қамтиды. Жастар еңбек нарығының мәні айқындалып, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарламалар жастар еңбек нарығын дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Өңірлік экономиканы дамытудың қазіргі жағдайында түлектерді жұмысқа орналастыру проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып қала беретіні анықталды. Жастар еңбек нарығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың іске асырылып жатқан шараларына қарамастан, жоғары оқу орындарының түлектері мамандығы бойынша жұмысқа орналасу кезінде проблемаларға тап болып отыр, бұл мемлекеттік шаралардың тиімділігінің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.

АННОТАЦИЯ

В статье рассмотрены вопросы государственного регулирования молодежного рынка труда. Определена сущность молодежного рынка труда, а также рассмотрены государственные программы как инструменты реализации государственной политики развития молодежного рынка труда. Установлено, что в современных условиях развития региональной экономики, проблема трудоустройства выпускников остается одной из актуальных. Несмотря на реализуемые меры господдержки развития молодежного рынка труда, выпускники высших учебных заведений продолжают сталкиваться с проблемами при трудоустройстве по специальности, что свидетельствует о недостаточном уровне эффективности государственных мер.

ABSTRACT

The article deals with the issues of state regulation of the youth labor market. The essence of the youth labor market is determined, and state programs are considered as tools for the implementation of the state policy for the development of the youth labor market. It is established that in modern conditions of development of the regional economy, the problem of employment of graduates remains one of the most urgent. Despite the implemented measures of state support for the development of the youth labor market, graduates of higher educational institutions continue to face problems when finding employment in their specialty, which indicates an insufficient level of effectiveness of state measures.

 

Кілт сөздер: жастар, еңбек нарығы, мемлекеттік саясат, жұмысқа орналастыру.

Ключевые слова: молодежь, рынок труда, государственная политика, трудоустройство.

Keywords: youth, labor market, state policy, employment.

 

Қазіргі өмірде жастар тек тәрбие, білім беру және әлеуметтену объектісі ғана емес, сонымен бірге қоғамның экономикалық дамуының негізгі инновациялық әлеуеті болып табылады. Халықтың бұл тобы еңбек ресурстарының едәуір бөлігін құрайды. Еліміздің экономикасының модернизациясы көбінесе жастардың еңбек әлеуетінің сапасына байланысты. Экономиканың тиімділігі жас халықтың жалпы санына да, еңбек ресурстарының жалпы көлеміне де байланысты. Статистикалық деректерді талдау 2021 жылы 14-28 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 20,2 %-ын (3 765383 мың адам) құрағанын көрсетеді. Экономикалық белсенді халық құрылымындағы жастардың үлесі жоғарыда көрсетілген жылғы көрсеткіш бойынша 15-28 жастағы халықтың жұмыспен қамтылған бөлігі 2045,9 мың (96,3%). Еңбек әлеуетінің сапалық сипаттамасы адамдардың жұмысқа кәсіби және біліктілік жарамдылығы дәрежесінде көрінеді және бұл жалпы білім беру мен кәсіби дайындыққа, жұмыстағы дағдыларға және қызметкерлердің жеке қабілеттеріне байланысты. Ал, жұмыссыз бөлігі 79,0 мың (3,7%) құрап отыр. Жастардың жұмыссыз бөлігінің болуын бір жағынан, бұл жастардың жұмыс тәжірибесі жоқ немесе жеткіліксіз екендігіне байланысты болса, екінші жағынан, олар жоғары жалақының қалауларымен түсіндіруге болады.

Жастарды жұмыспен қамтудың аймақтық реттеу жүйесі аймақтың заңнамалық және атқарушы билік органдарымен жүзеге асырады. Оның ішінде, елімізде халықты жұмыспен қамту бойынша басты құжат ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы болып табылады және аталмыш құжатта «жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi» деп анықтама беріледі. Осы анықтамаға сәйкес, жастардың, оның ішінде жоғары оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасу мәселелерін шешуде Үкімет тарапынан бірнеше іс-шаралар кешені әзірленіп, мемлекеттік қолдауға ие болған бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Атап өтсек: «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жастар кадрлық резерві» және т.б. мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар.

Сонау 2009 жылдан бастау алған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының бүгінгі күні жастар үшін маңызы зор. Білікті мамандар тұрмыстық жағдай мен жайлылықтың (комфорттың) жоқ болуына байланысты, ауылдық жерлердегі жұмыстан бас тартады. Жасы жеткен кадрлер зейнетақы демалыстарына шығу себептеріне байланысты ауылдық жерлерде қажетті мамандардың тапшылығы орын алды. Сол себепті, аймақтар бойынша, оның ішінде ауылдық аймақтарда білікті кадрлардың жетіспеушілігін азайту, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту мақсатында оның дамуы үшін білімді жас мамандарды тартуды көздейтін «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығы артып, жастарға көптеген мүмкіндіктер берді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық жерлерде қажетті әлеуметтік және агроөнеркәсіптік салалар бойынша мамандармен қамтамасыз етіп, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті қалыптастыру мәселелерін шешу және жас маманның алған дипломына сай жұмыс iстеуіне жағдай жасау. Аталмыш бағдарлама ұлт болашағы үшін жасалған тиімді бағдарлама болып табылады. Ол үшiн қазiр жоғары оқу орны студенттерiне тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы кiтапшалар шығарылып, таратылып жатыр. Яғни, бұл тек биылғы немесе алдыңғы жылы жоғары оқу орнын бiтiрген мамандарға ғана қатысты емес, сондай-ақ бұдан бұрын жұмыстан қысқартылып қалған және орналаса алмай жүргендер де қатыса алатын бағдарлама. Жастарды ауылдық жерлерде жұмысқа тарту мен ынталандыру мақсатында бағдарламада бірнеше әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Мысалы, 70 айлық есеп көрсеткіште (АЕК) – біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу; 1500 АЕК – тұрғын үй сатып алу үшін 15 (он бес) жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесі (2016 жылға – 3 181 500 теңге); ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала ұйымдарының қызметкерлеріне 25%-дан кем емес мөлшерде көтерме жәрдемақы белгіленген (тарифтік мөлшерлемесі).

Жобаға республикамыздың кез келген аймақтарында жоғары оқу орнын бітірген түлектер қатысып, білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп салалары бойынша маман 3 жылдан кем емес еңбегін өтеу міндеттемесі жүктеледі. Бұл жоба тек көптеген жастардың жұмыспен қамтылуына жол ашып қана қоймай, сонымен қатар ауылды жерлер мен аймақтарды дамытуға, әлеуметтік әлеуетін көтеруге өз септігін тигізіп жатыр.

Сонымен қатар, жастар арасында жұмыссыздық мәселесін азайту мен жастарды еңбекпен қамтуға бағытталған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының орны ерекше. Бұл жоба, қазіргі таңда жастарға оқу орнын енді ғана аяқтап жұмысқа орналасуға қиындық туғызатын басты себеп – еңбек тәжірибесін жинақтауға, бірден жұмысқа орналасуына мүмкіндік туғызады.  Жастар тәжірибесі кәсіби оқу орындары түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету, алып шыққан мамандықтары бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинау мақсатында құрылып, еліміздің әр аймақтарында кеңінен қолданылып, жүзеге асып жатыр. Аталмыш бағдарлама аймақтық еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жергілікті атқару органдарымен жүзеге асады. «Жастар тәжірибесі» еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін көтеру мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған, алғашқы еңбек тәжірибесін, білім мен дағдыларды жинауға мүмкіндік туғызады. Бағдарлама бойынша еңбекақы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленгендіктен, мекемелер (жеке меншік, мемлекеттік, АҚ және т.б.) түрі маңызды емес. Тәжірибе ұзақтығы 6 айдан астам уақытты құрайды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының басқа бағдарламалардан бірнеше ерекшеліктері бар. Олар: аталмыш бағдарлама жаңадан оқу бітірген түлектің білім алып шыққан мамандығы бойынша 3 жыл ішінде тәжірибе жинақтауына көмек береді; бағдарламаға қатысушыларға жалақы төлеу республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асады; уақытша жұмыспен қамту болғандықтан әрі тұрақты жұмыс ретінде есептелмейтіндіктен, мұндағы жұмыс орындарына шектеу қойылмайды.

Жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы да іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар, тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбек нарығындағы жағдайды түзеу, техникалық және кәсіби білімі бар тұлғалар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» Бағдарламасы еліміздің барлық аймақтарында қарқынды жүзеге асып жатыр.

Халықты жұмыспен қамту бойынша нормативті-құқықтық базалар, әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалардың, жобалардың көлемін ескере отырып, оларды кесте түрінде көрсетуді жөн көрдік.

Кесте 4.

Халықты жұмыспен қамту бойынша  мемлекеттік нормативті-құқықтық базалар тізімі

Заңдар мен Кодекстер

ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы (2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ).

ҚР «Еңбек туралы» Заңы

(ҚР 2007.05.15. N 252 Заңымен)

 

ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы  Заңы» (ҚР Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V қабылданған )

ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы (2015 жылғы 16 қарашада № 405-V ҚРЗ).

ҚР Кәсiпкерлiк Кодексі (2015 жылғы 29 қазанда № 375-V ҚРЗ.)

ҚР Еңбек Кодексі

(2015 жылғы 23 қарашада № 414-V ҚРЗ.)

 

     Мемлекеттік және салалық бағдарламалар

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (ҚР Үкіметі бекіткен 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы №919)

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарлама (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен)

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен)

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы (ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысы)

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы

 

Мемлекеттік және ұлттық жобалар

«Дипломмен ауылға» жобасы

«Жастар тәжірибесі» жобасы

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ-ң «Жастар кадрлық резерві» жобасы

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру» жобасы

«Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік жобасы

   Ескерту – Кестені құрастырған автор

 

Соңғы жылдары еліміздің жоғары оқу орны жүйесі алдында жаңғыртуды талап ететін бірнеше мәселелер тұрғанымен, қазақстандық қоғамда білім беру, ол тұлғаның қалай білім алу мен дағдыларға ие болу қажеттілігін, солай еңбек нарығының сұранысына қажет білікті кадрларды дайындай отырып, экономиканың қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Бүгінде еңбек нарығы мен білім беру қызметтерінің өзара байланысы мәселесіне қызығушылық жоғары болып отыр.

Мамандардың жұмыспен қамтылуына жаңадан қабылданған Еңбек Кодексінің рөлі бар. Мысалы, Кодекстің 30 бабының 2 тармағында қызметкерлер үшін еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалады. Тек осы баптың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі; 3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына; 4) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына; 5) маусымдық жұмысты орындау уақытына; 6) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері, жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсат шегінде жасалуы мүмкін [1]. Жұмысшымен бір жыл мерзімге жасалған еңбек шарты мамандардың, әсіресе жас мамандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуі мүмкін, сонымен қатар тәжірибеде жоғары оқу орында алған білімдері мен кәсіби дағдыларды қолдануға ықпал етеді. ҚР Еңбек Кодексінің 36 бабының 2 тармағына сәйкес, жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Бұл шарттар, әсіресе еңбек нарығына енді шыққан жас маман үшін тиімді болып келеді. Себебі, жас маман сынақ мерзімі уақытысында жақсы нәтиже көрсетіп, еңбек шарты бұзылмаған жағдайда, жұмыскер сынақтан өткен болып есептелініп, ал сол сынақ мерзімі тек тәжірибе жинауға ғана негіз болмай, сонымен қатар жұмыс өтілінің жинақталуына септігін тигізеді. Түлектердің жұмысқа тұруына мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардан бөлек, ресми интернет ресурстардың ықпалы зор. Олар: «Жастардың еңбек биржасы» ақпараттық порталы, «Жұмыс» www.enbek.kz порталы және т.б. тиімді жұмыс істеп жатыр. Мысалы, «Жұмыс» www.enbek.kz порталы Республика бойынша және еліміздің барлық аймақтарында жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуға, ал жұмыс берушілерге қажетті мамандарды табуға мүмкіндік беретін интернет ресурсы болып табылады. Сонымен қатар, еліміздегі еңбек нарығы мен еңбек ресурстарын дамыту, халықты жұмыспен қамтуға көмектесу үшін бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп отыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ролі зор.

Жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу еліміздің үкіметі мен халықтың жұмысбастылығы мен еңбек мәселесімен, соның ішінде жастардың жұмысбастылығымен айналысатын сәйкес министрліктермен жүзеге асады. Мысалы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдармен бірге жастардың жұмысқа орналасуын есепке алу жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірледі. Осы жоспар аясында жұмысты үш бағыт бойынша жүргізу ұсынылады: жоғары оқу орны түлектерін есепке алу жүйесін құру, олардың жұмысқа тұруын қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық-практикалық шараларды өткізу. Жұмысқа орналаса алмай жүрген түлектер санын анықтау мақсатында, білім алуға, жұмысқа орналасуға және қоғамдық өмірге бейімделуге мұқтаж жастарға арнайы әдістеме әзірлеу қажеттілігі туды. Сонымен қатар, «Е-халық» ақпараттық жүйені қолдану мен қайта жандандыру жоспарлануда. Бұл жүйе арқылы тек жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігі туралы ақпарат алып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты түрде түлектердің жұмысқа орналасу мониторингін жүргізуге болады [2]. Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, жалпы жастардың жұмысқа орналасу жөнінде жасалатын жұмыстар тәсілін қайта қарастыру қажет деп есептейміз. Нақтырақ, жастардың жұмысбастылығын мемлекеттік қолдау бойынша бірнеше шараларды жүзеге асыру керек: халықтың тиісті санаттарының қажеттілігі мен болжам санына және ұсынылатын қызметтердің көлеміне негізделе отырып, жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық деңгейдегі бюджеттік қаражатты бөлу әдістемесін жетілдіру; жастар еңбек нарығын реттеу және жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың бірлестіктерін дамыту; ауылда жұмыспен қамтуды ынталандыру, жұмыспен қамту қызметiн жетiлдiру; еңбек нарығы мен білім беру қызметтері нарығының өзара әрекеттесу механизмін құру. Тек, тиімді әлеуметтік саясат пен еңбек нарығында белсенді саясат жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуі мүмкін.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы, №414-V ҚРЗ // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Ресми интернет-ресурсы. 2017 жылдың шілде айының 1 күніне Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері //  https://www.enbek.gov.kz/kk/node/346121.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий