Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 33(119)

Рубрика журнала: Филология

Секция: Лингвистика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2

Библиографическое описание:
Бейбіт Ш.Ғ. БЕЙНЕФИЛЬМДЕР МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2020. № 33(119). URL: https://sibac.info/journal/student/119/189906 (дата обращения: 29.12.2024).

БЕЙНЕФИЛЬМДЕР МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

Бейбіт Шұғыла Ғалымжанқызы

Машина жасау факультеті, Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау кафедрасы Қарағанды техникалық университеті,

Қазақстан, Қарағанды

Шамиева Раушан Куанышбековна

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, магистр, оқытушы, кафедшетел тілдер кафедрасы, Қарағанды техникалық университеті,

Қазақстан, Қарағанды

Қазіргі кезеңде білім берудің мақсаты қоғамда әрі қарай өмір сүру үшін жастарды қаруландыратын кілті құзіреттерді қалыптастыру болып табылады. Шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты – шетел тілі арқылы бізге жат мемлекеттің мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүрімен таныса отырып, студенттердің бойында екінші тілдік тұлғаны немесе мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті  қарастырады. «Үштұғырлы тіл»  әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея.

Ғалым Құнанбаева С.С. пікірінше, «қазіргі кезеңде көптеген ғылыми еңбектерде мәдениетаралық қарым-қатынастың аспектілері ретінде «тіл-сана –мәдениет» қарастырылуда. Бұл конструкт осындай біртұтас қалпында қарастырылуы тиіс. Бүгінгі күні мәдениетаралық құзіреттілікті қалыптастырудың, тіл мен мәдениетті қатар оқытудың тиімді жолдарының бірі – сабақта бейнефилімді тиімді түрде қолдану деп ойлаймыз.

Фильм – мәдениетаралық қарым-қатынасқа оқытатын ең құнды құрал болып саналады, себебі ол ондағы кейіпкерлер, мазмұны, мәтіні, диалогтары және аудио-эффектілер арқылы әртүрлі деңгейдегі студенттермен қарым-қатынас жасайды. Фильм студенттерге өздері ешқашан кездеспеген ситуацияларды меңгеруге көмектеседі; осыдан оларға әртүрлі теориялар және түсініктермен байланыстыруға көмектеседі [1, б. 16].

Бейнефильм бұл тек ағылшын тілін жаттықтыру үшін ғана емес, сонымен қатар, мәдениетаралық білім негіздейді, сонымен қатар тақырыпты құру немесе пәнаралық әңгіме өткізу үшін бекіту кезеңінде пайдаланған тиімді[2, б. 11] [3, б. 24].

Ағылшын тілі сабағында студенттердің мәдениетаралық қарым-қарынас және сөйлеу біліктерін дамытатын бейнефильмдерді келесідей топтарға сұрыптауға болады:

  1. Films that foster empathy with foreigners;
  2. Films that illustrate intercultural conflict;
  3. Films that deal with racism;
  4. Films that contain stereotypes;
  5. Films about cultural traditions and intergenerational conflict;
  6. Films that deal with inequality between the sexes. [4, б. 2]

Әр топқа келесідей бейнефильмдерді жатқызуға болады:

1. Films that foster empathy with foreigners бұл топтағы фильмдер шығу тегі әртүрлі адамдарға түсінушілікпен қарауға тәрбиелейді. Бұл топтағы фильмдің негізгі мазмұны бөтен мемлекетке заңсыз не заң түрде жер аударған иммигранттардың отбасы, тұрмыс жағдайы және қиыншылықтары жайлы. Келесідей бейнефильмдерді ағылшын тілі сабағында жоғарыда аталған мәселелердің мазмұнын ашу мақсатында көруге ұсынуға болады:  Spainglish, Bread and Roses, Dirty Pretty Things/

2. Films that illustrate intercultural conflicts. Әртүрлі мәдени топтардың мүшелері арасындағы өрбіген жанжал мен мәселелерді бейнелейтін фильмдердің көп болуы таңғаларлық емес. Yasmin 2001 жылғы АҚШ-тағы террористік оқиғаның себебінен жас британдық мұсылман әйелінің ашу мен бөлушілікті сезінуі. My name is Khan 2001жылдың 11 қыркүйегінен кейін адамдардың мұсылмандарға деген көзқарасы жайлы.

3. Films that deals with racism бұл фильмдерде бір ұлттың бөгде ұлтқа нацистік, расизмдік көзқараспен қарауы көрсетіледі. To Kill the Mockingbird (Убить пересмешника) бұл 1962 жылғы американдық драма, бұл фильмде әділеттілік, жауапкершілік, әлеуметтік және нәсілдік теңсіздікке деген аяушылық түсініктері қалыптасуы жайлы фильм. Freedom Writers (Бостандық жазушылары) – Эрин Грувели есімді мұғалімнің The Freedom Writers Diary (Бостандық жазушылары күнделігі) кітабына негізделген драма, фильмде нәсілдер арасындағы қақтығысты шешу, жасөспірімдердің бойына алдағы болашаққа сенім ұялау және білім алуға үйрету жайлы.

4. Films that contain stereotypes. Адамдардың әлем туралы түсінігі қандай мәдениетте туып, тәрбиеленгеніне қарай әртүрлі. Басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын түсіндіргенде ойға олардың өмір салты, әдет-ғұрпы, яғни этномәдени қасиеттерінің жүйесі оралады. Осылай стереотиптер пайда болады. Mind Your Language 1970 жылдардағы Британдық комедиялық серия әртүрлі мемлекеттердің стереотипті кейіпкерлер туралы.

5. Films about cultural traditions and intergenerational conflict. Модернацияның әсеріне қарамастан ұлттық құндылықтардың ұстануы көп жағдайда конфликтіге әкеледі. Көбінесе жас ұрпақ барлық салт-дәстүрді ұстайтын ортада өмір сүрседе, қазіргі заманауи идеяларға бағытталған. Келесі фильмдер әртүрлі мәдени салт-дәстүрлер және ұрпақ аралық мәселелерді көрсетеді: Outsourced бұл жұмысы Индияға аударылған американдық жігіттің бөгде елдің мәдениетмен, салт-дәстүрімен және құндылықтармен танысуы. The Joy Luck Club бұл Қытай дүниеге келген төрт ана және АҚШ-та дүниеге келген олардың қыздары арасындағы қарым-қатынас жайлы фильм. Бұл фильмде қозғалатын мәселе Қытай-АҚШ қоғамы және ұпрағы арасындағы қақтығыс. My Big Fat Greek Wedding фильмі АҚШ және Грекия мәдениеттер арасындағы түсініспеушіліктерді көрсетеді.

8. Films that deal with inequality between the sexes ер және әйел адамдар арасындағы қоғамдағы теңсіздік: I do not know how she does it бұл фильм Кейт Редди есімді американдық әйелдің қарбалас өмірі жайлы. Кейт бизнеспен айналысады және де екі баланың анасы. Жұмыста ол ер адамдар секілді мінез көрсетсе, үйде ол мейірімді ана және аяулы жар екенін көрсетеді. Осындай мінезі арқылы әйелдердің барлық жерде сәтті екенін көреміз.

Қорыта келгенде, егер сабақта немесе сабақтан тыс уақытта студенттердің мәдениетаралық құзырлық және монолог сөзін дамыту мақсатында мәдениетаралық және ұлтаралық мәселелерден тұратын бейнефильмдерді қолдансақ, онда тіл үйренушілер бейнефильмдерді тамашалау арқылы мәдени дүниетанымы кеңейіп, тілдік дағдылары жақсарады [5, б. 10]. Студенттердің бойында мәдениетаралық құзіреттілік, яғни белгілі бір әлеуметтің өмірлік дағдыларын, әдеттерін, салт-дәстүрлерін, нормаларын қалыптастыратын жеке тұлғаға және топқа қатысты мотивация, мінез-құлық формалары, вербальды емес компоненттер, құндылықтар жүйесі жайлы білімін қалыптасады, әртүрлі мәдениетаралық кекілжіннен оңтайлы шешім таба алады, өзге мәдениетті үйрене отырып өз мәдениетін, тілін құрмей түседі және бейнефильмді ағылшын тілінде көру нәтижесінде сөйлеу дағдылары жақсарады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Заманова А.Н. «Использование видеоматериалов для формирования коммуникативной компетенции учащихся на уроках английского языка» // Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері, 2013, №2 бет 16-21
  2. Исмайлова О.А. «Шетел тілін оқыту үрдісінде студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың маңызы» Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері 2009 №3 бет 11-15
  3. Утегулова З.Н. «Шетел тілін оқытуда бейнефильмді қолдану» // Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері 2009 №3 бет 24-26
  4. Christine Roell “Intercultural Training with Films” //English Teaching Forum 2010 number 2, p. 2-15

Оставить комментарий