Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 19(189)
Рубрика журнала: Филология
Секция: Литературоведение
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8, скачать журнал часть 9, скачать журнал часть 10, скачать журнал часть 11, скачать журнал часть 12, скачать журнал часть 13
ҚАЗАҚ ФЭНТЕЗИІНІҢ ГЕНЕЗИСІ
ГЕНЕЗИС КАЗАХСКОГО ФЭНТЕЗИ
Курманаева Алтыншаш Жанарбековна
студент, кафедра казахского языка и литературы, Кокшетауский университет имени Ш. Уалиханова
Казахстан, г. Кокшетау
АННОТАЦИЯ
Мақалада қазақ фэнтези жанрының шығу тарихы мен даму сатысы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, прогрессивті концепциялар негізінде фэнтезидің байырғы түрлеріне шолу жасалынды.
АННОТАЦИЯ
В статье подробно рассмотрена история возникновения и стадии развития казахского жанра фэнтези. Кроме того, был проведен обзор коренных форм фэнтези на основе прогрессивных концепций.
Кілт сөздер: фэнтези, генезис, фольклор, жанр, анимация.
Ключевые слова: фэнтези, генезис, фольклор, жанр, анимация.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында кеңірек талқыланып жүрген «жанр» сөзі француз тілінен аударғанда «тек» деген мағынаны білдіреді. Көрнекті әдебиеттанушы-ғалым Кенжебай Ахметов өзінің «Әдебиеттану әліппесі» атты кітабында: «Көркем шығарманың тарихи қалыптасып, даму үстінде болатын типі жанр деп аталады да, әр жанр өзіндік пішіндер (формалар) арқылы ерекшеленеді», – деп анықтама береді [136 б]. Ғалым пікірін қуаттап, біз жанр қалыптасу үшін белгілі тарихи кезеңдерден өтуі шарт демекпіз. Қазақ әдебиетінде фэнтези жанрының қалыптасуы – ерте замандардан бастау алады.
Ғалым Кенжебай Ахметов «Әдебиеттану әліппесі» оқулығында бір жанрды екінші жанрдан биік қоюға болмайтынын айтады. Бұның себебі – барлық жанрлар өмір сүріп отырған ортасының мәселесін қозғап, тұтас жүйені құрайды. Сондықтан, біз фантастиканы фэнтезиден, я болмаса, керісінше фэнтезиді басқа жанрлардан жоғары қоя алмаймыз.
Байырғы қазақ әдебиетінде фэнтезидің элементтері көптеп кездеседі. Олар әдеби шығармаларымызда ұшырасу арқылы жанр табиғатынан сыр шертеді. Атап айтқанда, әлем мифологиясының өзегінен туған бұл элементтер көбіне жанрдың көрсеткішін айқындауда қолданылады. Фэнтези жанрына қатысты мотивтер мен этюдтер көркем шығарманың гуманистік сипатын, тақырыптың өзектілігін, автор идеясын тануға көмегін тигізеді. Сөзімізді аксиомалау үшін фэнтезидің шығу тарихына аналогиялық талдау жасап шығайық:
Фэнтези жанр табиғатын ашатын заңдылықтар жүйесінен тұрады. Аталмыш заңдылықтар шығарманың жазылу мақсатын, тақырыбы мен идеясын тануға көмектеседі. Фэнтезидің пайда болуының бірнеше заңдылығы бар. Зайырын айтқанда: «Қиял», «Миф», «Тарихи шыңдық». Міне, осы үш заңдылықтың негізінде фэнтези шығармалар жазылады. Бұл заңдылықтарға кеңірек тоқталып өтсек:
Қиял заңдылығы. Заң – қағида дегенді білдірсе. Ал заңдылықтар деп қағидалардың жиынтығын айтады. Фэнтези шығармаларда «қиял» басты рөлді ойнайды. Қаламгердің қиялы неғұрлым ұшқыр болған сайын, көркем шығарманың фабулалық желісі артады. Жазушы қозғаған бір мәселеден сан түрлі оқиға өрбиді.
Миф. Бұл заңдылық мифологиялық аспектімен тікелей байланысты. Фэнтезист-жазушылар өз халқының мифологиясын насихаттау мақсатында мифологиялық заңдылықтарға сүйенеді. Осылайша, әдебиетте мифологиялық оқиғалар жаңғырып туады.
Тарихи шыңдық. Көркем шығармаларда шыңдықтың көрініс табуы – қалыпты жағдай. Бірақ оны бұрмаламай, сиқыр тілімен өрнектеп жеткізу – фэнтезист жазушының міндеті.
Біз фэнтези шығармалардағы «қиял» заңдылығын ескере отырып, қазақ фэнтезиінің дамуын бірнеше тарихи кезеңге бөлдік:
I-кезең – халық ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиеті – халық арасында ауызша туындаған һәм ауызша тарау нәтижесінде сақталынған шығармалардың синтезі. Қазақ халық ауыз әдебиетінен фэнтези шығармаларға ертегілер, батырлық, ғашықтық жырлар, аңыз әңгімелер, айтыстар жатады.
Ертегілерден: «Ер Төстік» ертегісі, «Керқұла атты Кендебай» ертегісі, «Алтын сақа» ертегісі жатады. Мәселен, «Керқұла атты Кендебай» атты ертегесіндегі мына жолдарға назар салар болсақ:
Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі кер құла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген өрен жүйрік болыпты, [2,76б], – деген жолдардан «қиял» концептілерін айна қатесіз табамыз.
Батырлық жырлар: «Алпамыс» батыр жыры. «Алпамыс» батыр жырында «қиял» заңдылықтары жиі кездеседі. Мәселен:
Осы сөзбен қу мыстан Алдап ұрды ақылын.
Сөзбенен бойын балқытты Алпамыстай батырдың[4,123б], – деп өмірде болмайтын кейіпкердің суреті беріледі. Ал өмірде болмайтын кейіпкерлер – фэнтези жанрының негізгі ерекшелігіне жатады. Ендеше, «Алмапыс» батыр жыры да – қазақ фэнтезиінің бастауы болып саналады.
Ғашықтық жырлар: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры. Ғашықтық жырларда фэнтези жанрының мотивтері ұшырасып жатады. Мәселен:
Құдайдан Қодар жатыр суды сұрап,
Баян үшін тілейді шыннан жылап.
Құм ішінен құдықты қазып еді,
Түбі біте береді, аузы құлап[5,24б], – деген суреттеулер арқылы адамның қолынан келмес істі танытады. Бұндай суреттеулер тек фэнтези шығармаларға тән. Сондықтан, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын – қазақ фэнтезиінің генезисіне жатқызуымыз заңды болмақ.
Аңыз әңгімелер: «Қорқыт ата» аңызы. Қазақ аңыздары – қаһарман тұлғаның өмірінен сыр шертеді. Баһадүрдің дүниеге келу сәтін гипорболалық тәсілмен беріледі. Мәселен:
Аңыздың алғашқысы Қорқыттың дүниеге келуі жайлы. Ол былайша баяндалады: «Қорқыттың әкесі баят руынан шыққан Қарақожа деген кісі, анасы Алтыншаш деген қыпшақ тайпасының қызы екен. Анасы Қорқытты құрсағында үш жыл тоғыз күн көтеріп жүріпті. Жылда толғақ қысады, бірақ дүниеге перзент келмейді. Үш жылдан астам бебеу қаққан байғұс ана ақыры толғақ қысып, дүниеге нәресте келеді. Дәл Қорқыт туылатын күні жер-дүние алай-түлей болып, аспанды қара бұлт торлап, қатты дауыл соғады. Жұрт ақырзаман болған екен деп қатты қорқады. Дүниеге шыр етіп сәби келгенде дауыл да басылып, бұлт та тарап, табиғат мамыражай күйге түседі. Бүкіл аймақтағы адамдарға үрей сыйлап дүниеге келген сәбидің атын «бәрімізді қорқытып келген бала» деп Қорқыт қойған дейді» [2], – деген жолдар фэнтезидің нышанын байқатады.
Айтыстар: «Өлі мен тірінің», «жануар мен адамның» айтысы. Фэнтези шығармаларға қазақ айтыстарын жатқызуымыздың басты себебі – мүмкін емес мотивтерді байқауымыздан. Өйткені өлі тіріліп кетіп адаммен, жануарға тіл бітіп, адаммен айтыспайтыны – баршамызға белгілі. Ендеше, жоғарыдағы талдауымыз – дұрыс болғаны. Мәселен:
Иесі:
Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сойып алып,
Танабайға жаяңды қояйын ба?
Сиыр:
Шиыршықтан қыл арқан ескеніңде,
Қу шолақты соялық дегеніңде,
Қу шолақты соғымға сойып алып,
Бүржекейден көрермін көшкеніңді, [1,145б].
II-кезең – ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі дәуір әдебиеті – фэнтези жанрының алғашқы іргетастарының бірі. Себебі дәл осы кезеңде фэнтезидің тұңғыш көріністері байқалған болатын. Мәселен, «Қорқыт ата» кітабындағы батырлық жырлар, «Оғызнама» дастаны, Н.Рабғузидің «Қисасул-әнбие» шығармасы жатады. Мәселен:
Шатырларын түсіріп, шөк болып ұйықтап кетті. Таңертең Оғыз қағанның шатырына күндей бір жарық кірді. Ол жарықтан көк түсті, көк жалды бір бөрі шықты. Ол бөрі Оғыз қағанға былай деді: «Ай, Оғыз, Үрімге сен аттанар болсаң, қызметіңе мен жүрер болармын!», – деді, [3,21-22б].
III-кезең – тарихи-әлеуметтік кезең. Бұл кезеңге XIX-XX ғасырдағы ақын-жазушылардың әдеби шығармалары енеді. Оларды «әдеби» деп атауымыздың өзіндік мәнісі бар. Қазақ әдебиетінде ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деу – заңды құбылыс. Қазақ әдебиеті оқулықтарына сүйенсек, әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла беріледі. Мәселен, Абай Құнанбайұлының «Масғұт», «Әзім әңгімесі», Мағжан Жұмабаевтің «Жүсіп хан», Әбділда Тәжібаевтің «Толағай» ертегі-дастаны өлең түрінде жазылатын әдеби ертегілердің айқын дәлелі. Мәселен:
Арқалады ауыр тауды,
Жаншып бара жатыр жанды,
Мандайынан тер болып ақты.
Жеткнеше дем алмаймын деп,
Шаршаса да, тоқтамапты, [2,125б], – деп Әбділдә Тәжібаев «Толағай» атты поэмасында әдеби ертегінің озық үлгісін көрсетеді.
IV-кезең – қазіргі заман әдебиеті. Қазіргі қазақ фэнтези туындылары деп біз заңғар жазушы Толымбек Әбдірайымның «Айжанардың арманы», «Кітап мұңы» ертегі-әңгімелерін, Асқар Алтайдың «Кентавр» шығармасын, Тұрысбек Сәукетаевтің «Өлгендер қайтып келеді» (қара фэнтези) туындысын, Мәдина Омарованың «Ғажайып көл» фэнтези әңгімесін, Зира Наурызбаева мен Лиля Клаус ханымның «Бату және оның достары. Алтын тостағанды іздеу» көпсериялы романын, Зәуре Төреханның «Амина Тұран көшпенділер елінде» фэнтези-романын, Рүстем Сауытбайдың «Шоко әлем» көпсериялы фэнтези-романын, Нұрбек Нұржанұлының «Кітап патшалығы» шығармасын, Бақытбек Қадыр «Жасыл шатырлар» (қара фэнтези) әңгімесін, Мақсат Рамазанұлы «Ажалмен бетпе-бет», «Бассыз бөрі» (қара фэнтези) мифологиялық әңгімелерін, Марғұлан Ақанның «Бұлттағы ауыл» әңгімесі мен Акпар Разия Өмірсерікқызының «Ақшақар арман» ертегі-әңгімелерін және т.б бірқатар жазушылардың шығармаларын жатқызатымызды зор сеніммен айта аламыз.
Бұдан бөлек, қазақ фэнтезиі анимациялық туындаларда да көрініс тапқан болатын. Сондықтан, біз бұл кезеңді өз ішінен үш кезеңге жіктедік:
- Кино-картиналар. Бұған 1987 жылы жарық көрген «Айсұлу туралы ертегі» фильмі, 2012 жылғы «Аңыз кітап: тылсым орман» анимациялық-фильмі мен 2013 жарыққа шыққан «Жеңіс қылышы» фильмі жатады.
- Мультфильмдер. 1979 жылы жарық көрген «Қаңбақ шал және дәулер», 1985 жылғы «Алпамыс батыр», 2006 жылғы «Құйыршық», 2013 жылғы «Ер Төстік және Айдаһар», 2016 жылғы «Қазақ елі» мультфильмі, 2018 жылғы «Күлтегін», 2018 жылғы «Мұзбалақ» анимациялары жатады.
- Комикстер. «Ермек батыр», «Қазақмэн», «Алтын жауынгер», «Томирис» комикстері жатады.
Қазақ фэнтезиінің қазіргі ахуалы қандай? Бұл көмбе сұраудың жауабын балалар мен жасөспірімдерге арналған газет-журналдардан біле аласыздар. Жақында ғана «Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің Республикалық газетінің 2022 жылғы № 1 санында режиссер Ұлан Болатбектің «Көліктер тартысы» атты балаларға арналған ертегі-пьсесасы сахнаға қойылым болып жол тартқандығы мәлім болып, оқырман қауымды қуантты. Қазақ драматургиясында «фэнтезидің» тапшы екендігін ескерсек, бұ жағдай оның шешемін тапты. Ал жауһар үнжарияның 2022 жылғы № 3 санында Өскемен қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектептің 7-сынып оқушысы Асыл Сұңғатқызының «Алаш көсемі» атты комикс-альбомы шыққандығы қазақ фэнтезиі үшін сөзсіз жаңалық болды.
Әдебиеттер тізімі:
- Курманаева А.Ж. Фэнтези жанрының қазақ фольклорындағы байырғы көріністері / Алтыншаш Курманаева, Ерболат Баятұлы – Молодой учёный, – 2021.
- Курманаева А.Ж. Қазақ мифтік кейіпкерлерінің карнавалы / Алтыншаш Курманаева, Ербол Бейілхан – Евразийское Научное Объединение “ЕНО” №80, октябрь 2021 ISSN 2411-1899., – 2021.
- Курманаева А.Ж. Рүстем Сауытбайдың шығармашылығына рецензия / Алтыншаш Курманаева – Молодой учёный, – 2021.
Оставить комментарий