Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 33(287)

Рубрика журнала: Филология

Секция: Лингвистика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3

Библиографическое описание:
Орынбаев А.К., Кадырбек А.А. КОРЕЙ ТІЛІНДЕГІ АҒЫЛШЫН СӨЗДЕРІНІҢ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2024. № 33(287). URL: https://sibac.info/journal/student/287/345064 (дата обращения: 04.12.2024).

КОРЕЙ ТІЛІНДЕГІ АҒЫЛШЫН СӨЗДЕРІНІҢ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ

Орынбаев Акежан Канатович

“Тұран” университетінің, Аударма ісі мамандығының 3 курс студенті,

Қазақстан, Алматы қаласы

Кадырбек Аружан Асильбекқызы

“Тұран” университетінің, Аударма ісі мамандығының 3 курс студенті,

Қазақстан, Алматы қаласы

ВЛИЯНИЕ АНГЛИЙСКИХ СЛОВ В КОРЕЙСКОМ ЯЗЫКЕ И ЕГО ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОБЩЕСТВО

 

Орынбаев Акежан Канатович

студент 3 курса, специальность “Переводческое дело”, Университет “Туран”,

Казахстан, г. Алматы

Кадырбек Аружан Асильбеккызы

студент 3 курса, специальность “Переводческое дело”, УниверситетТуран”,

Казахстан, г. Алматы

 

АҢДАТПА

Бұл мақалада конглиштің (корей және ағылшын тілдерінің синтезі) пайда болуы, таралуы және қоғамдағы әсері талқыланады. Автор конглиштің тарихи және мәдени негіздерін, жастар мен іскерлік ортада оның қолданылуын, сондай-ақ тілдік бірегейлікке әсерін зерттейді. Конглиш терминдерінің фонетикалық және семантикалық өзгерістері, сонымен қатар, жаһанданудың рөлі мен ағылшын тілінің ықпалы көрсетіледі. Мақала конглиштің қазіргі қоғамдағы маңызы мен динамикасын анықтап, тілдердің өзара әрекеттесуі мен дамуының мысалын ұсынады.

АННОТАЦИЯ

В данной статье рассматривается появление, распространение и влияние конглиша (синтез корейского и английского языков) на общество. Автор исследует исторические и культурные предпосылки конглиша, его использование среди молодежи и в деловой среде, а также его влияние на языковую идентичность. Обсуждаются фонетические и семантические изменения терминов конглиша, а также роль глобализации и влияние английского языка. Статья подчеркивает значение конглиша в современном обществе и его динамику, иллюстрируя пример взаимодействия и развития языков.

 

Кілт сөздер: конглиш, корей тілі, ағылшын тілі, жаһандану, ⁠мәдени ықпал, ⁠лингвистикалық феномен, ⁠жастар мәдениеті, іскерлік орта.

Ключевые слова: конглиш, ⁠корейский язык, ⁠английский язык, ⁠глобализация, культурное влияние, лингвистический феномен, молодежная культура, деловая среда.

 

Әлемдегі кез келген тілдер күн сайын жаңа үрдістер мен мәдени ықпалдардың әсеріне ұшырайды. Соңғы уақытта ағылшын тілі әлемдегі көптеген тілдердің құрылымдарын өзгертетін ең қуатты тілдердің біріне айналды. Корей тілі де бұл ықпалдан тыс қалмады, оның бір мысалы ретінде "конглиш" феноменін атауға болады. Конглиш — корей және ағылшын тілдерінің қосындысынан шыққан ұғым болып табылады. Онда кірме сөздер фонетикалық және семантикалық өзгерістерге ұшырайды. Осылайша бұл құбылыс, жастар мен іскерлік ортада корей мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл мақалада біз конглиштің пайда болу себептерін, оның таралуын және қоғамның әртүрлі салаларына деген әсерін талдаймыз. Алдымен конглиштің пайда болуының тарихи және мәдени алғышарттарына тоқталып кететін болсақ, мыңдаған жылдар бойы корей тілі қытай тілінің әсеріне ұшырап, лингвисттердің айтуынша, корей сөздерінің шамамен 80%-ы қытайлық түбір сөздерден тұрады. Дегенмен, XX ғасырдың басында әлем жаһанданған сайын Батыстың, әсіресе, АҚШ-тың ықпалы Азияға, оның ішінде Оңтүстік Кореяға белсенді түрде тарала бастады. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және АҚШ әскерлерінің Оңтүстік Кореяға келуімен ағылшын тілі кәрістердің күнделікті өміріне кеңінен еніп, мәдениетке де үлкен әсер етті.

Конглиш — бұл корей және ағылшын тілдерінің қосындысы, онда ағылшын тілінен алынған сөздер өзгертіліп немесе жаңа мағынаға ие болады. Бұл құбылыс күнделікті сөйлеу тілінде, медиа, бизнес пен мәдениетте жиі кездеседі. Конглиш мысалдарын барлық жерден көруге болады. Мысалы, "커피" (кофе) сөзі ағылшын тіліндегі "coffee" сөзінен шыққан, бірақ корей тілінде "ф" дыбысы жоқ болғандықтан, оны "п" дыбысымен алмастырады. Сондай-ақ, "리본" (ribbon) лента деген мағынада қолданылады, ал "원피스" (one-piece) сөзі бір ғана затты емес, көйлек дегенді білдіреді. Бұл мағыналық және фонетикалық өзгерістер корей мәдениеті мен тіліне ерекше сипат береді.

Кәрістер неге бар корей тілінде баламасы бар сөздердің орнына кірме сөздерді қолданады? Себебі бұл ыңғайлы және заманауи болуға ұмтылыс деп айтсақта қателеспейміз. Шетелдік, әсіресе ағылшын сөздерін қолдану тілдің жаңа жағдайлар, технологиялар және мәдени өзгерістерге тез бейімделуіне мүмкіндік береді. Жаңа өнімдер немесе құбылыстар пайда болған кезде, оларға жаңа терминдерді ойлап табудан гөрі, шетелдік сөздерді алуды жеңіл деп санайды. Сонымен қатар, ағылшын тілін қолдану беделділік элементін де әкеледі. Ағылшын тілін білу табысты мансап пен әлеуметтік мәртебені көтеру үшін маңызды дағды болып саналады. Әсіресе, іскерлік ортада ағылшын тіліндегі терминдер кәсіби қарым-қатынасты жеңілдетеді. Сол себепті қазіргі корей жастары көбіне конглишті қолданады.

Oңтүстік Корея жастары конглишті кеңінен қолданады. Олар үшін бұл тек тіл ғана емес, өзін-өзі көрсету және жаһандық әлемге тиесілі болудың тәсілі. Поп-мәдениет, музыка, сән және әлеуметтік желілер конглишке бай. Жастар корей және ағылшын сөздерін араластырып, жаңа гибридтік сөз тіркестерін жасады және олар сәнге айналды десекте болады. K-pop музыкалық индустриясы бұған мысал бола алады, мұнда әндерде жиі корей және ағылшын сөздері қатар қолданылады. Бұл ағылшын сөздерін қолдану әндердің халықаралық тартымдылығын арттырады және халықаралық аудиторияның назарын аударуға көмектеседі.

Мысалы, K-pop индустриясындағы танымал топтардың бірі BLACKPINK өздерінің “DDU DU DDU DU” әнінің өлең шумақтарына ағылшын тіліндегі сөздерді қолданған және оындай әдістің көмегімен YouTube желісінде әлемдік рекорд орнатып 2 235 182 512 қаралым жинаған болатын. Өлең жолдарына мысалы:

지금 내가 걸어가는 거린

BLACKPINK four way 사거리

동서남북 사방으로 run it

니네 버킷리스트 싹 다 I bought it

널 당기는 것도, 멀리 밀치는 것도

제멋대로 하는 bad girl

좋건, 싫어하건, 누가 뭐라 하던

When the bass drop, it's another banger

Конглиш қаншалықты танымал болғанымен, ол халық арасында көптеген пікірталастар туғызған болатын. Кейбір лингвистер мен педагогтар кірме сөздерді шамадан тыс қолдану ана тілінің бүлінуіне әкелуі мүмкін деп санайды. Конглиштің көп қолданылуы корей тілінің тілдік бірегейлігін жоғалтуына алып келуі мүмкін деген алаңдаушылық бар. Сонымен қатар, конглиш ағылшын тілін үйреніп жүрген корейлер үшін қиындықтар тудыруы мүмкін. Көптеген адамдар конглишті дұрыс ағылшын тілі деп ойлайды, бірақ іс жүзінде сөздердің мағыналары мен айтылуы түпнұсқадан айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл халықаралық қарым-қатынаста түсінбеушілікке әкелуі мүмкін.

Кесте 1.

Мағынасы өзгеретін конглиштер

Конглиш

Оқылуы

Ағылшын тіліндегі баламасы

Негізгі қолданыстағы мағынасы

엔지니어

[энжинио]

Engineer

жөндеуші

탤런트

[тэллонты]

Talent

танымал адам

서비스

[собисы]

Service

тегін

 

Сонымен қатар, іскерлік ортада конглиштің орны ерекше. Ағылшын тілі халықаралық бизнес тіліне айналды, ал көптеген терминдер корей тілінде баламасы жоқ. Маркетинг, IT, қаржы және туризм салаларында кірме сөздерді қолдану қарым-қатынасты жеңілдетеді. Мысал ретінде "아웃소싱" (outsourcing) сөзін алуға болады, бұл жұмыстың бір бөлігін сыртқы компанияларға тапсыруды білдіреді. Сондай-ақ, "브랜딩" (branding), "미팅" (meeting) және "프로젝트" (project) сияқты сөздер корей іскерлік сөздік қорына кірді.

Конглиштің таралуында жаһанданудың рөлі үлкен. Оңтүстік Корея жаһандық экономикаға белсенді түрде кірігіп келеді, бұл халықаралық терминдер мен ұғымдарды қолдануды қажет етеді. Ағылшын тілі Корея мен әлемнің арасындағы көпірге айналды, ал конглиш оның жергілікті нұсқасы болып табылады. Жаһандану сонымен қатар өмірдің басқа салаларына да әсер етеді. Мысалы, білім беру саласында ағылшын тілі ерте жастан бастап оқытылады, және оны білу беделді университеттерге түсу және табысты мансап құру үшін қажет деп есептеледі. Осылайша, конглиш тек мәдени ғана емес, сонымен қатар білім беру және экономикалық жүйенің бір бөлігіне айналды.

Қазіргі таңда конглиштердің корей тілінің ішінде бірнеше түрлері бар. Мысалы, ағылшын тіліндегі сөздерді мағынасын өзгертпей қолдану, ағылшын тіліндегі сөздерді өз ыңғайына қарай қысқартылған конглиштер және жоғарыда келтірген мысалы секілді ағылшын тіліндегі мағынасы өзгертілген сөздер.

Кесте 2.

Мағынасы өзгермейтін конглиштер

Конглиш

Оқылуы

Ағылшынша

Қазақша

컴퓨터

[компиото]

Computer

Компьютер

소파

[сопа]

Sofa

Диван

쥬스

[жуисы]

Juice

Сусын

 

Кесте 3.

Ағылшын тілінлегі қысқартылып енген конглиштер

Конглиш

Оқылуы

Ағылшынша

Қазақша

아파트

[апаты]

Apartment

Пәтер

멜로

[мэлло]

Melodrama

Мелодрама

에어콘

[эикон]

Air Conditioner

Кондиционер

 

Қорытындылай келе, конглиш — бұл тек лингвистикалық феномен емес, ол корей мәдениеті мен қоғамының маңызды бөлігі. Ол корейлердің жаһандық қоғамдастықтың бір бөлігі болуға ұмтылысын көрсетеді, сонымен қатар өздерінің мәдени бірегейлігін сақтайды. Сынға қарамастан, конглиш дамуын жалғастырып, Оңтүстік Кореядағы өмірдің барлық салаларына әсерін тигізуде. Тіл ретінде конглиш таңқаларлық икемділік пен әлемдегі өзгерістерге бейімделу қабілетін көрсетеді. Ол корей қоғамының ажырамас бөлігіне айналды, мәдениетке, білімге, бизнеске және күнделікті өмірге әсер етіп жатыр. Тіпті конглиш дәстүрлі лингвистика тұрғысынан оғаш немесе дұрыс емес болып көрінсе де, ол тілдің динамикасы мен эволюциясының маңызды дәлелі болып табылады. Корейлер ағылшын сөздерін ғана алып қоймай, олардан жаңа, бірегей сөз тіркестерін жасап, қазіргі корей өмір салтын бейнелейді. Ақыр соңында, конглиш — тілдердің өзара әрекеттесіп, жаһандану жағдайында бейімделіп, дамуының тірі мысалы.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Smith, G. (2019). Korean language speakers should take pride in Konglish – it’s another wonderful example of linguistic diversity. The Conversation.
  2. IBS Center. Living in Korea - Overview of the Korean Language.
  3. Wattpad. Конглиш 100 слов.
  4. Kim, S. (2020). Konglish: A Linguistic Bridge Between Korean and English. Journal of Korean Studies, 45(3), 112-128.
  5. Choi, H. (2022). Language Evolution in South Korea: The Role of Konglish. Language and Society, 30(1), 45-62.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.