Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CLXXVII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 23 ноября 2023 г.)

Наука: Технические науки

Секция: Архитектура, Строительство

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Нұрлан Н.С. ЕЛДІ МЕКЕН ЖЕРЛЕРІН КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CLXXVII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 22(176). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/22(176).pdf (дата обращения: 22.11.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ЕЛДІ МЕКЕН ЖЕРЛЕРІН КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ

Нұрлан Назым Сержанқызы

студент, кадастр кафедрасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті,

ҚР, Астана қ.

Кульмаганбетова Айсулу Султановна

научный руководитель,

ғылым магистрі, аға оқытушы "кадастр" кафедрасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті,

ҚР, Астана қ

CADASTRAL ASSESSMENT OF SETTLEMENT LANDS

 

Nazym Nurlan

student, Department of cadastre, Kazakh agrotechnical research university named after Saken Seifullin,

Kazakhstan, Astana

Aisulu Kulmaganbetova

master of Science, Senior Lecturer of the Department "Cadastre" Kazakh agrotechnical research university named after saken Seifullin,

Kazakhstan, Astana

 

АҢДАТПА

Елді мекен жерлерінің кадастрлық құны мәселесі қазіргі таңда өте өзекті. Мақалада Қазақстан Республикасының елді мекен жерлерінің кадастрлық құнын анықтаудың қолданыстағы әдістемесі келтірілген.Астана мен Шымкент қалаларының бағалау аймақтары мен түзету коэффициенттері салыстырылып, қарастырылған.

ABSTRACT

The issue of cadastral value of settlement lands is very relevant today. The article presents the current methodology for determining the cadastral value of settlement lands of the Republic of Kazakhstan.The assessment zones and correction factors of Astana and Shymkent are compared and considered.

 

Түйінді сөздер: елді мекен жерлері, базалық ставка, бағалық аймақтарға бөлу, түзету коэффициенті.

Keywords: settlement lands, base rate, price zoning, correction factor.

 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры бірыңғай әдістеме бойынша жүргізіледі. Жер учаскесінің кадастрлық құнын "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалдары жер учаскелерін жеке меншікке беру және мемлекеттік жерлерді өтеулі негізде жалға беру кезінде айқындайды және кадастрлық құнын айқындау актісімен ресімделеді [1].

1-кесте.

Салық салу объектісінің елді мекенде орналасқан жерін ескеретін Шымкент қаласындағы аймаққа бөлудің коэффициенті[2].

Аймақ №

Түзету коэффициенттері

Сомма, тенге

1

2

2 550

2

1,6

2 040

3

1,4

1 785

4

1,2

1 530

5

1

1 275

6

0,7

893

7

0,5

638

 

Шымкент қаласының бағалық аймағына келетін болсақ, 1-кестеде көріп тұрғанымыздай 7 бағалау аймағы және де әр аймақтың өз түзету коэффициенті бар, ол 2022 жылы өзгеріске енгізілген.

 

Сурет 1. Түркістан облысы, Шымкент қаласының бағалау аймақ картасы[3]

 

Суретте қарап отырғанымыздай, Шымкент қаласының АизГзк сайтындағы бағалау аймақ картасына сүйенсек, жерлерге төлемақының базалық ставкасы 1275  теңге/м2 тең екенін көруге болады. Осылайша, сайттан әр аймақтың өзінің түзету коэффициентін картадан көріп, кадастрлық құнын анықтауға болады.

Астана мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы no 92/11 - V шешімімен Астананың жерлерге төлемақының базалық ставкасы бекітілді, ол 6 683 теңге/м2 тең [4].

 

Сурет 2. Астана қаласының бағалық аймақтарға бөлінуі[5].

 

Суретте көріп отырғанымыздай, Астанада 26 бағалау аймағы бар.

Кесте 2.

Астана қаласының жерлерінің түзету коэффициентіне байланысты төлемақының базалық мөлшерлемесінің мөлшері [6]

Аймақ №

Түзету коэффициенттері

Сомма, тенге

1

2,0

13 366

2

1,95

13 032

3

1,9

12 698

4

1,85

12 364

5

1,8

12 029

6

1,75

11 695

7

1,7

11 361

8

1,65

11 027

9

1,6

10 693

10

1,55

10 359

11

1,5

10 025

12

1,45

9 690

13

1,4

9 356

14

1,35

9 022

15

1,3

8 688

16

1,25

8 354

17

1,2

8 020

18

1,15

7 686

19

1,10

7 351

20

1,05

7 017

21

1,0

6 683

22

0,9

6 015

23

0,8

5 346

24

0,7

4 678

25

0,6

4 010

26

0,5

3 342

 

Кестеде көрініп тұрғандай, коэффициенттің ең үлкен және ең кіші мәні екі еселенген мөлшерден аспайды. Әрбір бағалау аймағының өзіндік түзету коэффициенті де бар.

Шымкент қаласымен салыстыра отырып, Астана қаласының бағалау аймақтарының үштен бір бөлігін қайтадан құрып, оларды ұлғайту қажет деп санаймыз. Аймақтардың қысқаруы екі есе болуы мүмкін, бірдей бағалау фактілеріне қарамастан, тым жиі бөлінуі жердің кадастрлық құнының төмендеуіне, сондай - ақ бюджетке қаржы түсуіне әкеледі. 11 жыл ішінде Астанада көп нәрсе салынды және өзгерді, сондықтан біз Астана қаласының кадастрлық құны мен бағалау аймақтарын қарастыру қажет деп есептейміз, өйткені қайта қарастырсақ, кадастрлық құнның өсуінің ықтималдылығы өте жоғары.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығы Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы [Электрондық ресурс] - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400010147
  2. Шымкент қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V22E0027550
  3. Түркістан облысы, Шымкент қаласының бағалау аймақ картасы - https://aisgzk.kz/aisgzk/ru/content/maps?type=oz
  4. Астана қаласының аумағындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V11A0000704
  5. Астана қаласының жерлерінің түзету коэффициентіне байланысты төлемақының базалық мөлшерлемесінің мөлшері - https://adilet.zan.kz/rus/docs/V18AAZ01197
  6. Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V09A000566_

 

Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Комментарии (1)

# Айгерим 28.11.2023 13:23
Статья хорошо написана

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.