Статья опубликована в рамках: CXVI Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 06 мая 2021 г.)
Наука: Филология
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРНІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Бұл мақала «Ағылшын мақал-мәтелдернің ұқсастығы мен айырмашылықтары» атты тақырыпта студентпен бірігіп жазылған ғылыми жұмысқа қысқаша талдау болып табылады.Ағылшын мақалдарын зерттеуде олардың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әлеуметтік жағдайлары мен дүниетанымдарымен таныстық. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда аудармашылар көптеген қиыншылықтарға тап болғаны айтпаса да түсінікті жағдай.Онда тура, еркін, балама аудармалар қолданылған. Бұрын мақалдарды орыс тілі арқылы аударылып келсе, енді ақпараттық технологияның қарыштап дамуына байланысты тікелей мақал -мәтелдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мүмкінділіктері жолға қойылып келеді. Сонымен бірге басқа халықтың ой -бейнесін және мінез құлқын түсінуіне көп үлес қосады.Тіліміздегі мақал-мәтелдердің қорын байытады.Ағылшын мақал-мәтелдерін сабақтарда қолдану тілді жақсы меңгеріп, студентердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруда жақсы нәтижелер беруде. Екі тілдегі мақал -мәтелдердегі не нақыл сөздердегі мағыналық реңктің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тілін терең меңгеруге көмек көрсетеді. Еңбек бәрін жеңбек деген қағиданы ескере отырып, еңбек туралы мақал -мәтелдерді қарастыруды жөн көрдік.Қазақ еңбекті әр нәрсеге теңеген.Атап атсақ: Еңбекті ер адамға , әйелді сөзге теңеген Нағыз құрыштай шыныққан адам ғана нағыз еңбеккер болады.Сондықтан да еңбекті ерге теңеген. Енді төмендегі біраз еңбек туралы мақал-мәтелдерді талдап көрелік. Мысалы: No thing seek, nothing find –Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас деген мақалда nothing find деген тіркесті үйренбей білім жұқпас деп алған, яғни ізденбесең еш нәрсеге қол жетпейтінін не ізденіп еңбек етсе ғана білімді болатынды меңзеп тұр. First deserve and then desire – Еңбек ет те мақтан, ойнап күл де шаттан. Бұл мақал екі тілде де ұқсас. Бірақ ағылшын тілінде «еңбек» сөзі жасырын тұр. Оны алғаш еібегіңді сіңіріп ал деп алған.No grass on his heel. Еңбекпен ел көгерер деп ауыспалы мағынада аударылған. He loves bacon well that licks the swine-sty door. Еңбекпен тапқан нан тітті мақалында Bacon -ды нанға теңеп тұр.Loves деген сөзді еңбекпен тапқан тітті деп аударылған яғни еңбекпен тапқан нәрсенін бәрі тәтті болады деп меңзелген. III gotten, III spent Еңбексіз тапқан мал*есепсіз кеткен мал, немесе желмен келген, желмен кетеді деген ауыспалы түрде аударылған яғни еңбек етпей тапқан ақшаның тез жаратылып кететіні туралы айтып тұр. IIIдеген сөзді қазақ тілінде бір нәрсесіз яғни еңбексіз, есепсіз, желмен деген сөздерге теңеп ааударған. No sweet without some sweat деген мақал Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбейC деген мысалға ұқсас яғни еңбек етсең саған барлық тәтті нәрсе жолығады дегенге теңеп тұр. Сare killed the cat деген мақал. Еңбек қайғытпайды,қайғы қайғытады деп ауыспалы түрде аударылған.Қайғылана берсең бір нәрсеге ұшырайсығ дегенді меңеп тұр яғни қайғы түбі тұңғиық, батасың да кетесің деген мақалға ұқсас. A tree is known by it’s fruit деген мақал Еңбегіне қарай өнбегі деп ауыспалы түрде аударылып,қалай еңбек етсең солай сол еңбектің жемісін көресің деген деген мағынада берілген., оны ағылшын тілінде ағашты оның жемісіне қарап білуге болады., яғни жақсылап күтсең жақсы жеміс береді.күтпесен еш нәтиже бермейді деген мағынада яғни адамның қалай еңбек етуіне қарай деген мағынада. Бұл мақал орыстың Птицы считают осеню деген маұалына ұқсас.Айта берсек еңбек туралы мақалдар өте көп.Біз біразына тоқталды. Қорыта айтқанда мақал -мәтелдерді екі тілде зерттеу барысында көптеген зерттеушілердің еңбектерімен танысып,тың мәліметтерге тап болдық.Болашақта барлық ағылшын мақал-мәтелдері қазақ тіліне аударылып, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер ретінде қолданыатын болады.
Әдебиеттер тізімі:
- «Казақ мақал-мәтелдері», ӨТұрманжанов, Алматы, Ана тілі, 1992,
- «Мың бір мақал», АхметБаржақсы, Алматы, Қазақстан, 1992,
- «Словарь английских пословиц и фразеологических выражений», А А Хазан: Смоленск-Русичь,2001.
- «Словарь употребительных английских пословиц и поговорок», Л.П.Зайцева,Я.Г. Биренбаум, Москва, русский язык,1990.
дипломов
Оставить комментарий