Поздравляем с Новым Годом!
   
Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CXXXVIII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 07 апреля 2022 г.)

Наука: Филология

Секция: Лингвистика

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Саматова А.Е. ТҮПНҰСҚАЛЫ ЛИНГВОЕЛТАНУ МӘТІНДЕРІ НЕГІЗІНДЕ ШЕТТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CXXXVIII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 7(138). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/7(138).pdf (дата обращения: 26.12.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ТҮПНҰСҚАЛЫ ЛИНГВОЕЛТАНУ МӘТІНДЕРІ НЕГІЗІНДЕ ШЕТТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Саматова Ақерке Ерланқызы

4 курс студенті «5В011900 Екі шет тілі» М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университеті

Қазақстан, Орал

Полянина Ольга Геннадьевна

научный руководитель,

Ғылыми кеңесші, аға оқытушы , шет тілдер кафедрасы, филология факультеті М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университеті,

Қазақстан, Орал

FORMATION OF FOREIGN LANGUAGE COMMUNICATIVE COMPETENCE BASED IN LINGUISTIC AND CULTURAL TEXTS

 

Akerke Samatova

Fourth year student, «5В011900 Two foreign languages», West Kazakhstan University after Makhambet Utemisov,

Kazakhstan, Uralsk

Olga Polyanina

scientific supervisor, senior lecturer, department of foreign languages, faculty of filology West Kazakhstan University after Makhambet Utemisov,

Kazakhstan, Uralsk

 

ТҮЙІН

Автор бұл мақалада көтерілетін мәселе лингвоелтану мәтіндерін негізге ала отырып, оқушыны шет тілі мен мәденитіне оқыту. Мақалада мәтінмен жұмыс түрлері мен кезеңдері көрсетіліп түсіндірген.

ABSTRACT

In this article, the author describes the problem of teaching students the culture of the people of the studied language and the foreign  language communicative competence on the cultural and  linguistic texts; Teachers guide students in mastering country studies. He indicated the direction and practice of applying the applied methods.

 

Тірек сөз: мәтін, шеттілді коммуникативті құзіреттілік, лингвоелтану, лингвоелтану құзіреттілігі, лингвоелтану мәтіндері.

Keywords: text, foreign language competences, commucative competence, culture – oriented linguistics, linguuistic competences.

 

Шет тілі сабағында жаңа мәдениет пен жаңа салт-дәстүрмен танысу процесі жүреді. Бұл процесс шет тілін танып білушіге рухани тұрғыдан және тұлғалық қалыптасу жағынан оқушының шет тілін оқуға қызығушығын арттырады.

Шет тілінің бірліктері мен мен жарқыраған ұлттық мәдениеттің ерекшелігімен танысу, оны меңгеру ортасы – лингвоелтану үшін маңызды құндылық болып есептеледі. Осыған орай, лингвоелатнудың дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі – Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров.

Ең алғаш бұл термин «лингвоелтану» 1971 жылы «Лингвистическая проблема страноведения в предподаваии русского языка иностранцам» еңбегінде қолданылған. Авторлардың ойынша терминнің астарында мынандай түсінік бар деп есептейді : «тілдің «лингвоелтану» бөлімінде шет тілді  оқыту кезінде балалар оқып жатқан шет тілінің дәл осы күні мен өткен тарихымен таныса алады ».

Бөгде мәдениетті танып білу – әлем картинасын өз әлемінде байыту мен басқа өмір салтына диалогиялық қалыптасу және басқа өмірлік құндылықтармен тығыз байланысты.

Бұл ең алдымен мынандай теориялармен тығыз байланысты: әртүрлі лингвоелтану типіндегі танымдық ақпараттардың: тарих, әдебиет, архитектура, салт – дәстүр, өмір салты және т.б.. Аталған және келтірілген теориялар шет тілінде және өз ана тілінде сөйлейтіндер үшін лингвоелтанулық құзіреттіліктің қалыптасуындағы міндетті құзіреттіліктің бірі болып табылады.

Лингвоелтану құзіреттілігі – ұлттық салт-дәстүр мен меңгеріп жатқан тілдің реалиясын білу, елтануға қатысы бар ақпараттық бірліктерді іріктей алу мен пайдалану және оны толық қарым – қатынаста қолдана алу.

Шет тілдік коммуникативті құзіреттіліктің астарында берілген стандарттарға немесе бағдарлама негізінде шетелдік азаматтармен мәдениетаралық және тұлғааралық тілдесу қабілеттілігі мен дайындық түсінігі жатыр. Қалыптасқан түсінік тағы бірнеше коммуникативті құзіреттіліктің жинақтылығын қарастырады: тілдік, аузыекі, әлеуметтік – мәдени, танымдық.

Коммуникативті құзіреттілікті қамтудағы басты рөлді лингвоелтану мәтіндері қамтиды. Елтану мазмұны бар мәтіндер, фотоқұжаттар, түпнұсқалы мәтіндер, диалогтар мен сөйлеу этикетінің үлгісін құрайтын құжаттар және т.б. құзіреттілікті дамыту мақсатында қолданылатын басты құжаттар болуы мүмкін.

Лингвоелтану мәтіндерінің мазмұны оқушылар үшін қандай да бір мән – мағынасы бар, олар үшін белгілі бір жаңалық әкелетін және мотивация алу үшін негіз болу керек.

Лингвоелтану мәтіндерін ұйымдастыру кезінде мәтін мазмұнында бірнеше лексикалық бірлікті қамтуы тиіс:

  1. Қазақ тілінде формасы арқылы бірдей болтын сөздер, бірақ басқа мағынаға ие сөздер;
  2. Реалия сөздер, олар қандай да бір түсінік беру арқылы мән – мағынасы ашылатын сөздер;
  3. Қазіргі тілде қолданысқа жиі түсетін қысқартулы сөздер немесе сөздің түбірі аббревиатурамен байланысты сөздер;
  4. Арготикалы түбірлі сөздер немесе ауызекі тілде ширек қоладынлатын жаргонды сөздер;
  5. Көпмағыналы сөздер, аударғанда әртүрлі мағына беретін сөздер.
  6. Елдің тарихымен байланысқан сөздер және түпнұсқалы мәтіндерде көп кездесуі.

Осы аталған топтардың арасындағы ең маңыздысы -шет тілін меңгеру барысындағы реалия сөздері.

Реалия – шындыққа жанасатын сөздер, мәдениетке, салт – дәстүрге, ел тарихына, батырлары т.б қатысты сөздер.

Бұларға мынандай сөздер кірістіріледі:

А ) Жалқы есім (географиялық, этнографиялық және әлеуметтік – саяси сөздер);

Ә) Жерлі және тарих колоритімен байланысты сөздер;

Б) жалпыұлттық реалия сөздер.

Бұлардың ішінде ерекше орын алатын ұлттық реалияны білдіретінэквивалентсіз лексика.

Фондық лексика – сөз немесе сөз тіркесі, сол тілде сөйлейтін және сол тілді тыңдаушыларға, тіл мәдениетіне тән қосымша мазмұны мен стилистикалық реңгін қолдайтын сөз.

Дәл осындай түсініктерді лингвоелтану мәтіндері мынандай сөздерді қамтиды:

  • Ұлттық реалия сөздерді;
  • Эквивалентсіз лексиканы;
  • Фонды лексиканы.

Мынандай сұрақ туындайды? Лингвоелтану мәтіндері дегеніміз не?

Лингвоелтану мәтіндеріне мынандай түсінік беруге болады: осы мәтіндерде көбіне тілді оқу кезінде елтануға қатысты мәтіндер беріледі. Бұларға тән мәтіндер – түпнұсқалы мәтіндерді жатқызады.

«Түпнұсқалы» (орыс тілінде «аутентичный» ) сөз ағылшын  тілінде «authentic» сөзі аударғанда түпнұсқа мағынасын білдіреді.

Түпнұсқалы мәтіндер коммуникативті практикамен әрекеттесе отырып, тіл мамандарына практика кезінде, күнделікті өмірде байқалады және тілді үйренушілер үшін ғылыми мақсатта қолданылады. Түпнұсқалы мәтіндерге мынандай сипаттамалар тән : ақпараттық және эмоционалды байланытың үйлесімділігі, оқырманның қызығушылығының алдын ала есебі, тілдің табиғи түрін пайдаланып мәтінді ұсыну, мәдениеттік, ақпараттық, жағдаяттық, реактивті түпнұсқалылық,  таңдалған жанрлардың түпнұсқалылығы мен ұлттық менталитет тән.

Түпнұсқалы мәтіндер дегеніміз – оқып жатқан шет тілдің оқу үшін құрылған материалдар емес, олар күнделікті өмірде де кездесетін мәтіндер. Олар тіл мамандары арқылы дайындалуы мүмкін.Осы мәтін түрлеріне мыналар жатуы мүмкін:

  • Радиобағдарламалар
  • Фильмдер
  • Әуендер
  • Газеттегі мақалалар
  • Интернет-мақалалар
  • Тапсырыс бланкасы мен тауар беру бланкасы
  • Банк чектері
  • Авиабилеттерді беру сервисі
  • Банкомат экраны
  • Жол белгілері
  • Құттықтау ашық хаттары
  • Азық түлік этикеткалары
  • Теледидардағы бағдарламалар
  • Коммуналды есепшоттар т.б.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Свирина Л.О., Сигал Н.Г. Лингвокультурологический контекст в обучении иноязычному говорнию (на материале английского языка) // Вестник ТГГПУ. – 2011. - № 4 (26). – с. 357 -360.
  2. Томахин Г.Д. Лингвострановедение что это такое? / Г.Д. Томахин //Иностранные языки вшколе. – 1996. - № 6. С. 22-27.
  3. Alex Gilmore. Authentic materials and authenticity in foreign language learning// State-of-the-art article. – Cambridge, 2007.
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий